Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Қ.Тілемісова Тараз мемлекеттік университетінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмысты, құқық бұзушылықты алдын алу бойынша семинар сабағына қатысты. Семинарға университет декандары, оқытушылары, 1 курс студенттері қатысты.
Қ.Тілемісова өз баяндамасында кәмелетке толмаған жасөспірімдердер әсіресе құқық бұзушылық пен қылмысты ішімдік және есiрткi, психотроптық заттардың әсерінен жасайтындар көптеп кездесетіні, әіресе түнгі ойын-сауық орындарында жасөспірімдер алкогольдік ішімдік ішіп, есiрткi, психотроптық заттарды қолдану әсерінен әр-түрлі құқық бұзушылыққа, қылмысқа баратын жағдайлар жиі кездесетіні жайлы айтты.
Сонымен қатар, баяндамашы кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата-анасының бақылауынсыз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде жүруінің өзі әкімшілік құқық бұзушылыққа жататынын, ол үшін тіпті әкімшілік жаза да қарастырылғанын, яғни, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын, сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы – заңды өкілдеріне ескерту жасауға, ал осы көрсетілген әкімшілік жазалар қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – заңды өкілдеріне жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатыны жайлы түсіндірді.
Семинардың аяғында Қ.Тілемісова қатысушы студенттердің қойылған барлық сұрақтарына толықтай жауап беріп, студенттер алдағы уақытта да осындай кездесулердің жиі өткізіліп тұруын қолдайтындары жайлы жеткізді.
Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметі


