Еліміз соңғы жылдары адам құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөліп отыр. Тіпті істі болған жандардың өзінің құқығының қорғалуына мән беріп, тергеу соты институтын енгізді. Бүгінде елімізде аталмыш жүйе сәтті жүзеге асып, жұмыс істеуде. Осы орайда айта кетер жайт, негізі сот тергеуді бақылау институты 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық процестік кодексінің қолданысқа енуіне байланысты құрылды. Жаңа құқық жүйесі қылмыстық қудалау органдарының іс жүргізу қызметінде адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың жаңа процессуалдық кепілдігін құруға мүмкіндік берді.
Қылмыстық процестегі сот бақылауы, тергеу барысында адам құқығын қорғау – бұл сотта тергеу органдарының, прокурордың іс-әрекеттерін немесе керсінше әрекетсіздігін тексеру және анықтау, прокурор, сондай-ақ жедел-іздестіру органдарының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатыларында жіберген қателіктері мен адам құқықтарының бұзылуын анықтау және жою жөнінде шаралар қабылдаудан тұрады.
Қылмыстық процеске қатысушылардың шағымдарын қарау тергеу соты қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Тергеу сотында қылмыстық процестің қорғаушылары мен басқа да қатысушылары өздерінің сот арқылы қорғалу құқығын белсенді пайдаланатынын және ҚПК-нің 106-бабының тәртібінде қылмыстық қудалау және прокуратура органдарының іс-әрекеттеріне, кейде әрекетсіздігіне, шешімдеріне шағымдар беретінін көрсетті.
Бас прокуратураның жауабымен келіспеген жағдайда оның жауабын ҚПК-нің 106-бабының тәртібінде сотқа шағымдануға болады. Тергеушінің әрекеттері мен шешімдеріне қадағалаушы прокурорға немесе қылмыстық істі тергеу орны бойынша тікелей сотқа шағым беруі қажет. Қадағалаушы прокурордың қаулысына шағым тек сотқа ҚПК-нің 106-бабы бойынша беріледі. Сот актісімен келіспеген жағдайда, оны жоғары тұрған сатыға шағымдануға болады. Қылмыстық процеске қатысушылардың әрекеттері мен шешімдеріне шағымданудың одан әрі тәртібі ҚПК-де көзделмеген. Осы тәжірибені әзірлеу елеулі түзетулер енгізеді, өйткені тергеу соты құқық қорғау органдарының орталық аппараттарының жазбаша жауаптарына шағымдарды мәні бойынша қарауды тоқтатады. Бұл ереже орталық және облыстық аппараттар қылмыстық істерді дербес тексеретін жағдайларға қатысты емес.
Жоғары тұрған инстанцияларға кейіннен шағымдану ҚПК шеңберінде емес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін реттейтін заңнама тәртібінде болады. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы процестің нақты қатысушыларын анықтайды. Оларға: сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адам, ведомстволық бақылауды жүзеге асыратын анықтау органының немесе тергеу бөлімінің бастығы, іс бойынша қадағалауды жүзеге асыратын прокурор жатады. Осы тұлғалардың іс-әрекеттері процеске қатысушылардың құқықтарын қозғауы мүмкін, тиісінше олардың іс-әрекеттері ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен шағымдануға жатады. Прокурордың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағымдардың жоғары тұрған прокурорға берілгенін бекітетін норманы прокурор істі тексеруді өзі жүзеге асырған жағдайда қолдану қажет. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы процестің нақты қатысушыларын анықтайды. Оларға: сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адам, ведомстволық бақылауды жүзеге асыратын анықтау органының немесе тергеу бөлімінің бастығы, іс бойынша қадағалауды жүзеге асыратын прокурор жатады. Осы тұлғалардың іс-әрекеттері процеске қатысушылардың құқықтарын қозғауы мүмкін, тиісінше олардың іс-әрекеттері ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен шағымдануға жатады.
Құқық қорғау және арнаулы органдардың орталық немесе облыстық ведомстволары қылмыстық істерді дербес тергейтін, ал прокуратура органдары іс бойынша тікелей қылмыстық іс жүргізу қадағалауын жүргізетін жағдайларда, олардың іс-әрекеттері қылмыстық процеске қатысушы ретінде ҚПК-нің 106-бабы бойынша сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін. Дұрыс сот практикасын қалыптастыру шағымдарды қарау кезінде сөзбұйдаға салуды қысқарту түрінде оң қорытынды алуға мүмкіндік береді, ал азаматтар тергеу сотында шағымдануға жататын нақты түсінікке ие болады және бұзылған құқықтарды тез арада қалпына келтіруге дұрыс шаралар қолданылады.
Асель Ерлановна Киянбекова, Жезқазған қаласы мамандандырылған тергеу соты судьясы