spot_img
spot_img

Тұрақты  жұмыс мақсаттары  және экономикалық өсу

Терминдер сөздігінде «тұрақты жұмыс» сөзіне «кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көлiктiң қолайлығына сәйкес келетін, соның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс» деген анықтама берілген. Жалпы «лайықты» жұмыс дегенге қандай критерий қоя аламыз? Қазіргі адамдар қаншалықты лайықты жұмыс жасап жатыр? Лайықты жұмыс не үшін қажет?

«Лайықты» жұмысқа әркімнің қояр талабы әртүрлі. Бірақ бәріне ортақ зат – адамның «өзін» бағалауы. Қазақта «кәсібіне қарай – нәсібі» деген жақсы сөз бар. Кәсіп ету, еңбектену, жұмыс жасау – сіздің болашақта алатын несібеңіздің көрсеткіші. Сол төккен тердің ақысын лайықты алып жатырсыз ба? Көбіміздің ішімізде «пәленше» маған қарағанда аз жұмыс жасайды, неге менен көп жалақы алады?» деген сауал бар. Біріншіден, ол өзінің уақыты мен еңбегін, таланты мен талабын бағалай алады. Сондықтан да жұмыс берушілер оның айтқан бағасын оған еш даусыз төлейді. Екіншіден, өзіне сенімді адамға басқалар да сенімділікпен қарайды. Оның өзгелерден айырмашылығы болмаса да, жоғары бағалайды. Үшіншіден, адамның беделі. Өзіндік имидж, өзгелер алдында өзінің тұлғасын қалыптастырып, өзін дәлелдеп қойған адам әрқашан өзгелерден бір саты жоғары тұрады. Сұрақты қойып тұрған адамның өзі де алатын ақысының өзіне лайықты емес екенін біле тұра, сол ақшаны алып, үндемей жүруі оның еңбек етуге деген құлшынысын жояды. Адам өзінің қабілетін, шама шарқын бағалай білгенде ғана жақсы жұмыс жасайды.

Төленетін құннан бөлек оның қарастыратыны – уақыт. Себебі өзінің бағасын білетін білікті маман берілетін ақы қанша сағатқа екенін ескереді. Себебі жұмыс эффективті болуы үшін оған демалысқа, дайындыққа, өзінің жеке өміріне бөлетін арнайы уақыт қажет.

Білікті маман үшін ең лайықты жұмыс:

1. Жұмыс ақысы жоғары, әрі уақытында төленетін;

2. Сақтандыруға, зейнетақы қорына, медециналық төлемдеріне ақыны бөлек төлей алатын;

3. Уақытылы аяқталып, демалыс уақытында мазаламайтын;

4. Сыйақы, арнайы ынталандыру шаралары;

5. Карьералық өсімі бар болуы қажет. Бұл қойлатын талаптың ең жеңіл түрлері. Жұмыс беруші тарап өз қызметкерлерінің қалауын ескеруі, оның еңбегін бағалауы тиіс. Екі тараптың да қажеттілігі өтелген жағдайда, кіріс артады. Экономикалық өсу болады.

Адам өзіне «лайықты» жұмыс жасағанда оның еңбек етуге деген құлшынысы артады. Сол арқылы сапалы еңбек биржасы қалыптасады. Экономикалық дамуда серпіліс болады. Халықтың әл-ауқаты көтеріледі. Білім алу, еңбекке қабілеттілікті арттыру, бәсекелестік сияқты ақсап тұрған жақтар дамиды. Ойлап қараңызшы, бос уақытыңыз бар, ақшаңыздың рақатын көре алатын жан болсаңыз, жұмыс жасауға деген құштарлығыңыз қандай болар еді?

Қазіргі кезде жұмыс іздеуші «лайықты» орынға қарағанда, қолжетімді мекемені іздейді. Себебі орта баға ұсынатын жұмыс беруші, ешқашан жоғары сапаны талап етпейді. Демек, азға қанағат етсең, көпке тыраштанбайсың. Осы себепті де, бір жалақыдан екінші ақша түскенге дейін «сынық арбадағының» күйін кешіп, «өлместің» халін кешіп жүргендер қаншама. Бір айлықты жеткізе алмай қиналып жүрген жан жұмыстың сапасына басын қатырмайды да. Құрғақ арық әбден ылғалданбайынша, суға толмайды.

Өзіне лайықты жұмыс таба алмағандар мүлдем жұмыссыз жүруді жөн деп табады. Себебі өздерін төмендеткісі келмейді. Содан жұмыссыздықтың саны артады.

Екі тарапты да қарастырып, Қазақстандағы экономикалық өсімді тежейтін екі маңызды дүниені атауға болады.

1) «Лайықты» жұмыста істемегендіктен өміріне қанағаттанбайтын, еңбек күшін толық пайдаланбайтын адамдар;

2) «Лайықты» жұмыс жоқ болғандықтан да жұмыс істемей, жұмыссыздар санын көбейтетін, әлеуметтік жәрдемақы алатын жандар.

Бірінші топтағы жандар экономиканың төмендеуіне әсер етпесе де, өсімге көмектеспейді. Екінші топтағылар экономиканың құлдырауымен қатар, мемлекеттік бюджетті азайтады. Онсыз да сапалы жұмыс күші мен тұрақты өсуі жоқ елімізге бұл ауыр жүк.

Экономикалық өсімге әсер етуші факторлар:

1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;

2. адамның бос уақытының көбеюі;

3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;

4. адам капиталына инвестицияны өсіру;

5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін

 қамтамасыз ету;

6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;

7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

Заманауи уақыт талабына сәйкес студенттердің жаңаша дүниелік көзқарасын қалыптастыру, ой көкжиегін кеңейту мақсатында 9 қараша күні «Шетел филологиясы және аударма ісі»кафедрасының оқытушысы Байелі Әсел Жарылқасынқызы және 2 курс магистранттарының ұйымдастыруымен, 1 курс Шетел филологиясы (батыс тілдері) білім беру бағдарламасының студенттерінің қатысуымен тұрақты даму саласындағы мақсаттарды жүзеге асыру аясында бірге “тұрақты  жұмыс мақсаттары және экономикалық даму» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Материалдық әл-ауқаты жақсы, бос уақыты мен әлеуметтік мәселелері шешілген, отбасында адам капиталының санын арттыра алатын, қауіпсіздікте өмір сүретін, болашақта жұмыс орынан шығып қалса да мемлекет тарапынан қолдау ала алатын адамдар болғанда ғана эконмикалық өсім болады. Демек, «лайықты» жұмыс жасау тек жеке тұлғаға ғана емес, мемлекет үшін де аса маңызды. Адамның қажеттілігін өтей алатын жұмыс болғанда ғана, ол мемлекетке пайдалы әрекет жасайды. Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі – еліміздің қазіргі жағдайын жақсартуға ауадай қажет. Ол үшін «лайықты» жұмыс орындары мен «лайықты» мамандарды даярлауымыз қажет. Екі тарап та бір-біріне «лайықты» болса, мемлекет де оларды «лайықты» өмірмен қамтамасыз етеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Шетел филологиясы және аударма ісі

кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к,. Байелі Ә.Ж,

аға оқытушысы, ф.ғ.к,. Акимбекова Г.Ш. және

2 курс магистранттары Тортай Шұғыла, Кәмен Ақторғын

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам»...

Полицейлер дүкен кассасынан ақша ұрлығын тергеуде

Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бөтеннің...

Жалған хабарлама: полиция жарылғыш зат туралы хабарлаған кәмелетке толмаған баланы тапты

Түркістан облысында полицияға белгісіз адамнан қоңырау келіп түсті. Онда...

В Алматинской области врачи из Турции провели мастер-класс

В Алматинской региональной многопрофильной клинике прошел мастер-класс, во время...