Ақтөбеде түзеу мекемесіне шағын және орта бизнес субъектілерін көбірек тарту мәселесі талқыланды

Ақтөбе қаласындағы түзеу мекемесінің аумағына шағын және орта бизнес субъектілерін тарту арқылы сотталғандар үшін қосымша жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесі қаралды.

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне бағынысты №8 түзеу мекемесінде мекеме аумағына шағын және орта бизнес субъектілерін тарту арқылы сотталғандар үшін қосымша жұмыс орындарын құруға қатысты жұмыс кеңесі өткізілді.

Кеңес отырысында Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы бойынша тіркелген шағын және орта бизнес субъектілері нысандарын №8 түзеу мекемесінің аумағына орналастырып, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесі кеңінен талқыланды.

Маңызды іс шараға Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Қайрат Юсупов, №8 түзеу мекемесі бастығының орынбасары әділет подполковнигі Асқар Кубайдуллин, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы әділет капитаны Гүлнар Избағамбетова, облыстық кәсіпкерлер басқармасы бастығының міндетін атқарушы Айбек Айтжанов және «Еңбек-Жайық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен «А.А.Иващенко», «Н.Мумбасов», «Ателье» жеке кәсіпкерліктері, «Бат-04 ГРУПП», «Балық-Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қатысты.

Іс-шарадан кейін «С.Б.Кулмашов» жеке кәсіпкерлігі түзеу мекемесі аумағынан өз кәсібін ашу ниетте мекеменің өндірістік аймағындағы бос тұрған ғимараттарды қарап, танысты.

«Айта кету керек, қазіргі таңда Ақтөбе қаласындағы №8 түзеу мекемесінің аумағында 9 шағын және орта бизнес субъектілері 118 сотталғанды ақылы жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Ал өз кәсіптерін ашқысы келетін шағын және орта бизнес субъектілері үшін түзеу мекемесінің аумағында барлық мүмкіндіктер қарастырылған»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Сыбайлас жемқорлық – бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі....

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын жүйелі мәселелер қалай шешілуде?

«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан...

Deepfake дәуірі: Синтетикалық аккаунттар

Бұрын әлеуметтік желідегі парақша артында нақты адам отырады деп...

Столкнулись с проблемами при получении государственной услуги?

В целях защиты прав граждан и повышения качества оказания...

Мемлекеттік қызмет алу барысында қиындықтарға тап болдыңыз ба?

Азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру...