«Мемлекеттік тілдің рөлін күшейту және оның қолданыс аясын кеңейту, одан әрі жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бүгін ҚАЖ департаментінде «Мемлекеттік тілдің рөлін күшейту және оның қолданыс аясын кеңейту, одан әрі жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Абасилов Аман Мәделханұлы, Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы Сембиева Гүлбану Ғарифоллақызы, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының жетекші маманы Шарапова Жадыра Баянқызы, ҚАЖ департаментінің жеке құрамқызметкерлері мен мекемедегі мемлекеттілк тілге жауапты мамандары қатысты.

Дөңгелек үстелде ҚАЖ департаментінің мемелекеттік тілде аудармашысы Д.Достанова мемлкеттік тілді дамыту, оның қолданыс аясын кеңейту, насихаттау, мемлекеттік тіл, ағылшы, орыс тілдерінің оқыту курстары туралы баяндама жасады. Одан соң Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Абасилов Аман Мәделханұлы «Қазіргі қазақ тілі реформасы және қазақ тілін дамыту проблемалары» тақырыбында хабарлама жасады. Мемлекеттік тілді білу Қазақстанның әрбір азаматының парызы мен міндеті.Мемлекеттік тілдің мәртебесінің маңызы зор.Сондықтан тілдің дәрежесінің көтерілу әрбіріміз үлес қосуымыз керек деді Аман Мәделханұлы.

Сөз кезегі Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы Сембиева Гүлбану Ғарифоллақызына беріліп, ол тілдерді оқыту орталығы, оқыту курстары туралы ақпарат берді. Ал Шарапова Жадыра Баянқызы «Тегімізді ұлттық дәстүрге сай ауыстырудың тәртібі туралы» тақырыбында хабарлама жасады. Жәек куәліктерін –ұлы, -қызы деп ауыстыру үшін қажетті құжаттар тізбесін және неше күнде дайын болатындығын айтты.
Іс –шара соңында қатысушылар өз ұсыныстарын білдірді.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...