Ақтөбе облысында пробация есебіндегі сотталғандарды қоғамға бейімдеу мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылды

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты Қарғалы аудандық пробация қызметі Қарғалы аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, пробация есебінде тұрған азаматтар үшін бірқатар мәселелерді қамтыған ауқымды іс- шара ұйымдастырды.

Іс- шарада Бадамша мектеп бөбекжай-бақшасының психолог маманы пробация есебінде тұрған сотталғандарға жақсы көңіл-күй сыйлау, сергіту және оларды қоғамға бейімдеу мақсатында тренинг өткізді. Сонымен қатар, аудандық мешіттің бас имамы есепте тұрғандармен «Зайырлық және жоғары руханият дәстүрлі таным негізі» тақырыбында сұхбат жүргізіп, дінге қатысты қойылған сауалдарға жауап берді.

Ал Қарғалы ауданының мансап орталығының маманы жұмысқа орналасу жөнінде ақпараттар беріп, пробация есебіндегі азаматтарға бос жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесінде, есепте тұрған 1 сотталған ақылы қоғамдық жұмысқа тұруға жолдама алды.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...