Қызылордалық кәсіпкерге бизнесін жүргізуге негізсіз кедергі келтірілген

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне кәсіпкер «Жаңақорған ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» жұмысына қатысты шағым білдірді.

Атап айтқанда, кәсіпкер ұзақ уақыт бойы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының болмауына байланысты стоматологиялық қызметпен айналысуға лицензия ала алмады. Бұл мәселе бизнесті ашуға және жүргізуге кедергі келтірді.

Антикор  Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне белгіленген бұзушылық фактісі бойынша тиісті шаралар қабылдау қажеттігі туралы ұсыныс хат жолдады және Департамент алаңында жұмыс кездесуі өткізіліп, кәсіпкердің мәселесін талқылады.

Нәтижесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдары бойынша кәсіпкерге санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беріліп, ресми түрде жұмыс жасауға мүмкіндік алды.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...