Әлемнің кез келген елінде сот ісін жүргізу мемлекеттік билікті жүзеге асырудың бір нышаны болып қалыптасқан. Сонымен бірге мемлекеттік билікті жүзеге асырудің негізі қағидаларының бірі мемлекеттік тілді қолдану. Бірақ әр түрлі елдердегі мемлекеттік тіл мәселесі әр түрлі жолмен шешіледі. Бір тіл мемлекеттік тіл ретінде танылуы мүмкін, мысалы, АҚШ, Ресей, Қытай, т.б. Ал кейбір елдерде екі мемлекеттік тілдер де қатар қолданылатын мемлекеттерде кездеседі, мысалы, Финляндияда, Дания, Бельгия, Голландия, Түркия, т.б. Қазіргі халықаралық құқық нормаларының тәжірибесіне сәйкес мемлекеттік тілді қатынастарға өз әсерін беретін теория ретінде белгілі бір мемлекет шегарасының ішіндегі басым көп азаматтардың сөйлейтін тілідері мемлекеттік тіл ретінде қалыптасады.
Елімізге келер болсақ бізде бір тіл мемлекеттік тіл ретінде танылған. Дегенмеде еліміздің тарихи және саяси ерекшеліктеріне сәйкес мелекеттік тілмен қатар орыс тілі қатар қолданылады деп құқықтық нормаларда көрініс тапқан. Нақтырақ айтар болсақ, Қазақстан Республикасы Конституцияның 7-бабына сәйкес қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады. Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен тең дәрежеде орыс тілі ресми түрде қолданылады. Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі № 151 Заңның 4 — бабына сәйкес, мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, сонымен қатар сотта ісін жүргізу тілі ретінде бекітілген. Ал аталған заңның — бабына сәйкес, мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.
Сот ісін жүргізудің мемлекеттік тілі қағидатының маңыздылығы-бұл жариялылықтың демократиялық басталуын нақты қамтамасыз етудің басты шарты. Азаматтық процестік кодексінің 14-бабының редакциясында азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүзеге асырылатынын, сот ісін жүргізуде ресми түрде орыс тілі, ал заңда белгіленген жағдайларда басқа да тілдер қолданылатынын анықтады. Қазіргі қолданыстағы заңға сәйкес сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз берілген тілге байланысты сот өз ұйғарымымен бекітеді. Осыған сәйкес азаматтық іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмейтін немесе жеткіліксіз меңгерген іске қатысушы адамдарға өтініштер жасау, түсініктемелер мен айғақтар беру, өтінішхаттар мәлімдеу, шағымдар келтіру, іс материалдарымен танысу, сотта ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде сөз сөйлеу құқығы түсіндіріледі және мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотта ісін жүргізу тілін білмейтін немесе жеткіліксіз меңгерген іске қатысушы аудармашының қызметтерін тегін пайдалану мүмкіндігі туады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында азаматтық және қылмыстық сот ісін жүргізу жүктемесінің арасындағы айырмашылық өте үлкен. Осыған байланысты азаматтық сот ісін жүргізу өндірісінде шамамен бір судьяда шамамен 200 бен 400-дің арасында азаматтық іс бар десек, әр судья шамамен күніне 20-25 азаматтық іс қарайды. Сонымен бірге азаматтық сот ісін жүргізудің мерзімдері тағы бар, сол себебті азаматтық сот ісін жүргізетін судьялардың уақты өте шектеулі болғандықтан сот ісін жүргізу тілі біраз мәселлерді тудырады.
Мысалы, қазіргі таңда Қазақстан Республикасында қаржылық ұйымдары, мемлекеттік мекемелер және заңды тұлғалар көбінде орыс тілінде талап арыз береді, сол себептіде көп жағдайда сот ісін жүргізу тілі ретінде орыс тілі бекітіледі, ал енді осы істер бойынша екінші тарап орыс тілін жетік білмейтінін, яғни түснеді бірақ орыс тілінде ойын жеткізе алмайтынын, бірақ өз ойын қазақ тілінде жеткізу үшін соттан рұқсат сұрайды. Бірақ судья қолданыстағы құқық нормаларды көрсетілген сот ісін жүргізу тілі қағидасын башылыққа ала отырып аудармашыны қамтамасыз етуді ұйғарған жағдайда, өтініш берушілер судьяның әрекетіне көбінде шағым беріп жатады, себебі маған аудармашының қажеті жоқ, сот мемлекеттік тілде немесе екі тілде қатар жүргізілсін деген талаптарын қойып жатады.
Сонымен қатар, кейбір істер бойынша тараптар азаматтық істерді созу үшін тілді білметінін айтып, аудармашыны талап ететінін жағдайларда көп кездеседі. Осы аталған мәселлерге байланысты судьяларға аудармашыны қамтамасыз ету процесі біраз қиынға түседі. Себебі бірінші сатыдағы соттарда немесе аудандық соттарда аудармашыға арнайы штат қарастырылмағандықтан судьялар обылыс орталығында орналасқан сот әкімшіліктеріне жүгініуге мәжбүр. Осы сот ісін жүргізу тіліне байланысты аудармашыларға төленетін қаржаттың аздығына байланысты және қылмыстық істерге қарғанда азаматтық істерде сот ісін жүргізу уақыты аз болуына байланысты көптеген аудармашылар азаматтық істерге қатысуға ынталы болмай жатады.
Жоғарыда аталған жағдайларға байланысты азаматтық істер бойынша аудандық соттың судьялары аудармашымен қамтамасыз ету працесінде көптеген қиындықтарға тап болады. Кейбір жағдайларда азаматтық іс жүргізу мерзімдерінің шектеулігіне байланысты азаматтық істер бойынша аудандық соттың судьялары өзінің жеке қаражты есебінен жоғары ақы төлеп аудармашыны жалдауға мәжбүр болады.
Қорыта келгенде жоғарыда айтылған мәселлерге байланысты біраз ұсыныстар беріп көрейік. Қазіргі таңда азаматтық істердің өндірісі көп республикалық маңызы бар қаллармен оған жақын орналасқан соттарда көп судьялар мемлекеттік және орыс тілдерін жетік біледі деп ойлаймыз. Сол себепті орыс тіліндегі азаматтық істер бойынша тараптарға және азаматтық іске қатысушыларға мемлекеттік тілде аудармашының көмегінсіз өз ойлары мен талаптарын жеткізуге құқықтық тұрғыдан мүмкндік беру керек деп ұсынамыз. Ал екінші ұсынысымыз азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу тілі шығындарын тараптарға яғыни азаматтық жауапкерге жүкетеуді құқықтық тұрғыдан бекітуді ұсынамыз.
Қарасай аудандық сотының
судьясы Ж.Утегенова
ҚазҰУ, PhD докторы
Адилгазы Серикхан
Пайдаланылған құқықтық актілер мен материалдар
- ҚР Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз. ҚР Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз // http://adilet.zan.kz/.
- Қазақстан Республикасындағы тiл туралы//Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңы. // http://adilet.zan.kz/
- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі//Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ.// http://adilet.zan.kz/.
- Список официально многоязычных стран и регионов//https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%BF%D0%B8%D1%81%D0%BE%D0%BA_%D0%BE%D1%84%D0%B8%D1%86%D0%B8%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%BE_%D0%BC%D0%BD%D0%BE%D0%B3%D0%BE%D1%8F%D0%B7%D1%8B%D1%87%D0%BD%D1%8B%D1%85_%D1%81%D1%82%D1%80%D0%B0%D0%BD_%D0%B8_%D1%80%D0%B5%D0%B3%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%B2