Басқарма басшысы сотталғандармен кездесті

Қызылорда облыстық Дін істері басқармасының басшысы облыстық ақпараттық түсіндірме топ мүшесі Ермеков Дінмұхамед мен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маманы, «Сыр дидары» газетінің редакторы, облыстық ақпараттық түсіндірме топ мүшесі Алдашбаев Сәкен сотталғандармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында басқарма басшысы басқарма тарапынан түзеу мекемелерінде жүргізілген жұмыстарға шолу жасап, сотталғандардың пікірін тыңдады. Сонымен қатар, алдағы жылда әлеуметтік жоба аясында біршама шара жоспарда барын айтты.

Келесі болып сөз алған С.Алдашбаев қазақтың бірқатар салт-дәстүрлеріне тоқталып өтті. Атап айтар болсақ, мәйіт шыққан үйдің босағасына не үшін шеге қағылады және оның дінге қатысы жайлы сөз етті. Сонымен қатар әкесі тірі адам не үшін малдың басын ұстамайды, оның да дінге қатысы бар-жоғына тоқталып өтті. Осы сияқты кейбір салт-дәстүрлерге тоқтала келе, олардың Ислам дінімен байланысы бар-жоғын ашып айтты. Өз сөзін қуаттау үшін ақын-жыраулар мен би-шешендердің қанатты сөздерінен мысал келтірді. Кездесу соңында сотталған азаматтар басқарма басшысы мен теолог мамандарға ризашылықтарын білдірды.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...