Ақтөбе қаласының ҚАЖД қызметкері ведомствоаралық самбо күресі спартакиадасынан жүлделі оралды

20-21 қазан күндері аралығында Маңғыстау облысы Ақтау қаласында ҚР құқық қорғау, арнайы және күш-құрылымдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері арасында ішкі істер министрлігінің және “Динамо” ДШСҚ ОК Х ведомствоаралық самбо күресінен спартакиада өткен болатын. 31 команда, 217 спортшы бақ сынасқан Департаменттер арасындағы жарыс нәтижесінде Ақтөбе өңірінің намысын қорғаған Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметі бөлімінің инспекторы әділет капитаны Данияр Нуралин 88 келі салмақ дәрежесінде 3-ші орынды жеңіп алды.

15 жасынан бастап самбо күресімен айналысып келетін ҚАЖ қызметкері бұған дейін ҚАЖ қызметкерлері арасында өткен Республикалық спорттық турнирлерде Ақтөбе облысының ҚАЖ Департаменті атынан 4 қайтара жеңіс тұғырынан көрінген болатын.

“Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің имиджін қорғап, Маңғыстау облысында өткен ведомствоаралық самбо күресінен жүлделі оралған Ақтөбе облысының Қылмыстық- атқару жүйесі Департаментінің қызметкері Данияр Нуралин өзі секілді әріптестеріне үлгі болуы мақсатында жеке құрамның алдында Департамент басшылығының алғыс хатымен марапатталды,”- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...