Қазақстандық балаларға Ұлттық қордан алғашқы төлемдер қашан түседі?

2024 жылы кәмелеттік жасқа толған қазақстандықтар «Ұлттық қор — балаларға» жобасы бойынша төлемдерді 1 ақпаннан кейін алатын болады. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОҚК-да өткен брифингте журналистер балалар алғашқы төлемдерді қашан алатынын сұрады.

«Алғашқы есептеулер 2024 жылдың 1 ақпанында түседі. Неге? Бағдарлама 2024 жылдың 1 қаңтарында басталады, содан кейін бір балаға шаққандағы соманы анықтау үшін есептеулер жүргізуге бір ай қажет болады. Бұл қарапайым арифметика — 18 жыл ішінде инвестициялық кірістің 50 пайызы қатысушылардың санына бөлінеді — 18 жасқа дейінгі балалар. Бұл бір балаға шаққандағы соманы анықтайды және бұл есептеу келесі жылдың 1 ақпанында жүргізіледі.

1 ақпаннан кейін 18 жасқа толғандар ақшаны алу үшін платформа арқылы өтініш беруге құқылы», — деп түсіндірді Темірбеков.

Бұл ретте ол барлық балаға – 17 жасқа толғандарға да, бір жасқа толғандарға да бір сома түсетінін нақтылады.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...