12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Хабар

Қылмыстық-атқару заңнамасының негізгі міндеттерін орындау, сондай-ақ сотталғандарға оң әлеуметтік-пайдалы байланыстарды қолдау бойынша көмек көрсету мақсатында «№48 мекеме» РММ-де сотталғандардың туыстарымен және таныстарымен пошталық хат алмасуды жүзеге асыратын цензорлық қызмет жұмыс істейді, бұдан басқа сотталғандардың Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі басқа мекемелердегі сотталғандармен пошта хат алмасуды жүзеге асыру мүмкіндігі бар. Көптеген сотталғандардың туыстарының ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерге баруға мүмкіндігі жоқ, осыған байланысты олар туыстарымен пошта арқылы байланыс орнатады. Сотталғандардың айтуынша, бұл туыстарының әл-ауқаты туралы білуге тамаша мүмкіндік.

Басқа мекемелердегі сотталғандармен пошта арқылы хат алмасуға ниет білдірген сотталғандар рұқсатқа өтініш жазады, оны алғаннан кейін жедел бөлімнің қызметкерлері сотталған адресат жазасын өтеп жатқан мекемелерге сұрау жібереді.

Пошта хат алмасуды бақылауды мекеменің цензоры Ануарбек Болатұлы жүзеге асырады, ол еңбек сіңірген демалысқа шыққаннан кейін де мекемеде жұмысын жалғастырып жатыр.

Пошта арқылы хат алмасу сотталғандарға моральдық-психологиялық тұрғыдан көмектеседі. Мазмұнға сүйене отырып, туыстық жылулық, сүйіспеншілік және басқа тәсілдермен берілмейтін қолдау берілетінін түсінуге болады.

№48 мекеме ЖБ жедел уәкілі

әділет аға лейтенанты 

К.А. Нургалиев

Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз

Алаяқтық дегеніміз- бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап...

Сот төрелігінің үнсіз қаһарманы: Сот отырысының хатшысы

Қоғамда әділдіктің темірқазығы саналатын сот жүйесінің әрбір мүшесі өз...

Талап болса, тіл тұғыры биіктейді

Қазақ тілі – қазақтың жаны, халықтың ең қадірлісі. Тілді...

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен...

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан...