Сотталғандарды жұмыспен қамту жүйелі жүргізілуде

Жазасын өтеушілерді мекеме қабырғасында еңбекке тарту белгілі бір кезеңде жүзеге асады. Жазасын өтеушілер еңбек ету арқылы мемлекетке, сот орындаушысына немесе жәбірленушіге берешегін өтеп, ал, ешқандай қарызы жоқ еңбек етуші жалақысының жартысын отбасына жіберіп, қалған бөлігін өз қажеттілігіне жұмсайды.
Қылмыстық — атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемесінің өндірістік аймағында он төрт кәсіпкер кәсібін ашып, мерзімін өтеуші азаматтарды жұмыспен қамтып отыр. Соның бірі — РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалы. Аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан 4 сотталған екі ауысыммен тәулігіне 500 граммнан шамамен 1000-1500 дана нан пісіріп, №60, №68, №37 мекемелеріне үлестіріліп береді.
– Бұл цехта наубайшы болып еңбек етудемін. Бір ауысымда екі адам жұмыс жасаймыз. Жалақымыз тындырған ісімізге байланысты тұрақты түрде төленеді. Зейнетақы қорының аударымдары жөнінде де осылай дей аламын. Мұндағы жұмысым өзіме ұнайды. Бастапқыда бұл істің жай — жапсарын білмедім. Қазір өз ісімнің маманымын,- деді жазасын өтеуші.
Жұмыспен қамтып отқан кәсіпкер тапсырыстың көптігіне байланысты алдағы уақытта қызметкерлер санын арттыру жоспарда бар екенін айтып, қоластындағы қызметкерлерің еңбегіне ризашылығын білдірді.


Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...