Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері Республика күнін салтанатты түрде атап өтті

25 қазан – Қазақстан Республикасы күніне орай, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінде өткен салтанатты іс- шараға ҚАЖ департаментінің басшылығы, сала ардагерлері, мекеме бастықтары және жеке құрам қатысты.

Саптық алаңға мемлекеттік ту әкелініп, әнұран шырқалып, ҚАЖД басшылығы жеке құрамды атаулы мерекемен құттықтағаннан соң, Ішкі істер органдарына алғаш рет қызметке қабылданған 14 жас қызметкер ресми түрде ант қабылдады.

Салтанатты шарада Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін және Республика күнін мерекелеуге байланысты мерзімінен бұрын әділет майоры шені Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД Ақтөбе қаласы Алматы аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет капитаны Динара Төлеуоваға тапсырылды. «Қылмыстық- атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісімен Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне бағынысты №70 мекемесінің режим және күзет бөлімінің тексеру тобының жедел уәкілі әділет аға лейтенанты Самұрад Әлібиұлы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ Грамотасымен Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №2 Мұғалжар аудандық пробация қызметі бөлімшесінің инспекторы әділет аға лейтенанты Нұрқанат Молдағазиев марапатталды. Сонымен қатар, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД №70 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы әділет сержанты Дәурен Отаралинге Алғыс жарияланды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің бұйрығымен 1-ші дәрежелі мінсіз қызметі үшін медалі Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне бағынысты №9 мекемесінің бақылаушылар қызметі бөлімінің бақылаушысы, әділет старшинасы Асан Кужахметовке, ал 3-ші дәріжелі мінсіз қызметі үшін медалі Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №8 мекемесі жедел бөлімінің жедел уәкілі әділет аға лейтенанты Арслан Жалгасов және Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №8 мекемесі сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Нұрсұлтан Рахметовке табысталды.
Сондай-ақ, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының бұйрығымен бірқатар ҚАЖ қызметкерлері грамоталармен марапатталды.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Сыбайлас жемқорлық – бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі....

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын жүйелі мәселелер қалай шешілуде?

«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан...

Deepfake дәуірі: Синтетикалық аккаунттар

Бұрын әлеуметтік желідегі парақша артында нақты адам отырады деп...

Столкнулись с проблемами при получении государственной услуги?

В целях защиты прав граждан и повышения качества оказания...

Мемлекеттік қызмет алу барысында қиындықтарға тап болдыңыз ба?

Азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру...