Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 06 мамырдағы № 156 бұйрығымен «Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды жүргізу қағидалары мен мерзімдерін, «Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасын беру»мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидалары бекітілген.
Осы қағида бойынша жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу, жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу қағидалары мен мерзімдері және жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің сәйкессіздіктерін белгілеу және «Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізу жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтықтарын белгілеу туралы қорытындыны беру» сонымен қатар, «Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
Көрсетілетін қызметті «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы»коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: 1) жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізу — бір жұмыс күні; 2) жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық паспортын және жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытындыны беру: пәтерлер, жатақханалардағы бөлмелер үшінші жұмыс күніне, жеке тұрғын үйлер, жеке гараждар, саяжай құрылыстары бесінші жұмыс күніне, жалпы ауданы 1000 шаршы метрге дейінгі қалған жылжымайтын мүлік объектілері жетінші жұмыс күні, жалпы ауданы 1000 шаршы метрден асатын объектілер оныншы жұмыс күніне; бірінші күрделілік санатына жататын осы тармақшаның екі және үш абзацтарында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілерін қоспағанда, жылжымайтын мүлік объектілері бесінші жұмыс күні беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 1) қызмет көрсетушіге: жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу туралы белгісі бар жылжымайтын мүлік объектісін пайдалануға қабылдау актісі және жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық паспорты, кадастрлық паспортты қоса бере отырып, жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтықтарын белгілеу туралы қорытынды болып табылады.
Егер мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылса онда бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.
Коммерциялық емес ұйымдарды
тіркеу және тіркеу саласындағы
бақылау бөлімінің басшысы
Аңсар Пірметов Омарұлы


