Қазақстандықтар қыстың ызғарын қашан сезіне бастайды?

«Қазгидромет» Қазақстанда қашан қар жауатынын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, алдын ала маусымдық болжам бойынша 2023 жылы күзде Қазақстанда ауа райы бірқалыпты жылы болады деп болжанған.

«Соңғы үш жылдағы зерттеу бойынша, елдің солтүстік жартысында, орталықта және шығысындағы таулы аймақтарда тұрақты қар жамылғысы әдетте қазанның үшінші онкүндігінде белгіленетінін көрсетті. Оңтүстік аймақтарда — қарашаның екінші және үшінші онкүндігінде. 22-23 қазанда Қазақстанның солтүстік жартысында жауған қар аптаның ортасына қарай температуралық фонның жоғарылауымен ериді», — деп хабарлады Қазгидромет тілшіге.

Синоптиктердің алдын-ала болжамы бойынша, 2023-2024 жылдардағы қыс жылы болады, бірақ аязды күндер болып, боран қар жаууы мүмкін.

Метеорологтар жауғаннан кейін бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін жоғалып кететін уақытша қар жамылғысын және қыс бойы немесе қысқа үзілістермен сақталатын тұрақты қар жамылғысы туралы да атап өтті.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...