12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Егемендігіміз бен елдігімізді нығайтатын ең ұлық мереке

25 қазан – Қазақстанның қазіргі заман тарихындағы ең маңызды датаның бірі. Тарихқа сәл шегініс жасасақ дәл осы күні 1990 жылы Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын.

2022 жылы мемлекет басшысының Жарлығымен «Республика күніне» ұлттық мереке мәртебесі берілді. Халқымызда Тәуелсіздік қашанда қастерлі ұғым болып саналады. Қазақстан үшін Тәуелсіздік ең алдымен саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді өз еркімен шешу мүмкіндігі еді. 1990 жылы Декларацияны қабылдау арқылы Қазақ ССР өзінің ішкі әскерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын құру құқығына ие болды. Декларацияда елдің егемендігі жарияланып, халық сайлаған Президент мемлекеттің басшы деп танылды. Осылайша, 1990 жылғы 25 қазанда Тәуелсіздікке қарай алғашқы қадам жасалынды. Сондықтан осы тарихи күнді біздің байтақ Отанымыздың туған күні деп айтуға толық негіз бар.

2001 жылғы 25 қазанда бұл күн мемлекеттік мерекелер тізіміне енгізілген болатын. Алайда, еліміздің бірінші Президентінің жарлығымен арада 13 жыл өткен соң бұл мереке аталған тізімнен алынып тасталды.   

Өткен жылы Президент Қ.К. Тоқаев маңызды әрі тарихи шешім қабылдап, еліміз бұл мейрамды ұлттық мереке деңгейінде қайта атап өте бастады. Бұл мемлекеттілік пен егемендікті нығайтатын, Отанымыздың халқын біріктіретін ұлттық мереке.

Осынау ұлық мереке қарсаңында халқымызға зор денсаулық, бақ-береке, бейбітшілік және ұлы Отанымыз — Қазақстанның гүлденіп, дами беруін тілеймін.            

Сот төрелігінің өзекті тақырыбы бойынша тарихқа үңілсек…

         «Қазақ даласындағы сот билігінің мұраты – сот процесіне...

Сот шешімінің орындалуы

Заңды күшіне енген соттың шешімі міндетті түрде орындалуы тиіс....

Тұғыры биік туған тіл

Тіл – ұлттың айнасы, рухтың тірегі, елдіктің ең асыл...

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, қазақ тілі – мемлекеттік тіл....

Судьяға деген құрмет кемімеуі керек

Тәуелсіздік алған сәттен бері елімізде заңнамаларды жетілдіру, сот саласын...