spot_img
spot_img

25 қазан – Республика күні

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы еді.

2022 жылдың маусым айында Ұлттық құрылтайдың отырысында Президент Қ.К.Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Ол «Қазанның 25-і күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек» деп атап өтті.

Республика күні – еліміздің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы. Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері нақты бекітілді.

Қазіргі уақытта еліміздің басшылығының бастамасымен іргелі реформалар жүруде.

Осы орайда, тәуелсіз сот саласының жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері аз емес.

Сот жүйесінде жүргізіліп келе жатқан заманауи реформалар да сот тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Заман ағымына қарай еліміздің сот саласы ақпараттық технологиялардың көмегімен жұмыс жасауға көшті.

Барлық соттарда электронды іс жүргізу жүйесі енгізілген, сот процесіне қатысушылардың өз істерінің қозғалысын кез-келген уақытта бақылай алуына мүмкіндік жасалды, одан бөлек, соттардың ашықтығының бірден-бір дәлелі танылатын сот отырыстарын дыбыс-бейнежазба құралдарымен түсіріп алу жүйесі қызмет көрсетуде.

«Төрелік», «Сот кабинеті» секілді электрондық ақпараттық сервистерінде халыққа қызмет көрсету тетіктері ұлғайды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне еніп, жаңа соттар қызметін бастады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ, әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттеп отыр. Ал, мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар осы Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушылары болып табылады.

Сот жүйесіндегі басты талап — істерді заңды, әділ және жедел қарау.

Әрбір істің артында азаматтың тағдыры, қоғам мен мемлекеттің мүддесі тұр.

Сот жүйесіндегі болып жатырған барлық жаңашылдықтар сот тәуелсіздігін орнықтырып, баршаның сотқа қолы жетуін қамтамасыз етіп, кез келген тұлғалардың өз құқықтарын сот арқылы жүзеге асыруына жол ашты, азаматтардың сот билігіне сенімін күшейтті.

Осының барлығы, еліміздің мемлекет құру жолындағы реформалар.

Осы ұлттық мереке қарсаңында барша Қазақстан Республикасының халқына мықты денсаулық, толайым табыс, отбастарыңызға амандық пен бақ-береке және елімізге одан әрі дамуын тілейміз.

Гүлшат Сағынова,

Атырау облысы Махамбет аудандық соты әкімшісінің басшысы 

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...