Алқаби — соттың қылмыстық iстi заңда белгiленген тәртiппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматтарынан құрылады.
Бұл практика бізде ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде алқабилер институты бар. Сол сияқты бүгінгі заман талабы өмірімізге алқабилер сотын енгізуді талап етіп отыр. Мұндай жағдайда замана көшінен қалып қоймауымызға көңіл бөлгеніміз жөн. Жалпы «алқабилер сотының қандай артықшылықтары бар? Оған кімдер кіре алады?» деген сауалдың тууы әбден мүмкін. Алқабилер туралы әңгіме Қазақстанның Конституциясында да жазылған. Атап айтар болсақ, Ата Заңымыздың жетпіс бесінші бабында «заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады» деп атап көрсетілген. Бұл жүзеге асатын және жүзеге асып келе жатқан процесс. Алқабилер соты қарапайым халыққа не береді?
Біріншіден: олар сот шешімінің әділ өтуіне ықпалын тигізеді
Екіншіден: бұл жүйе халықаралық стандартқа жақын.
Үшіншіден: сот ісіне қатысушылар құқықтық жағынан барынша қорғалады.
Төртіншіден: сотқа деген елдің күмәнді көзқарасы өзгереді.
Бесіншіден: бұл сот жүйесін жетілдіреді.
Алтыншыдан: біз сөз етіп отырған жүйені енгізу үшін «Алқабилер» туралы арнайы заң қабылданған. Сондықтан бұл институттың қажет екендігі, оның заман талабынан туындап отырғаны күн өткен сайын байқалып келеді. Ал алқабилер институты қай жылдан бастап енгізілді дерсіз? Дерекке жүгінер болсақ, оған 12 жылдан астам уақыт өтті, яғни 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген. Мұның пайдасы өте зор. Өйткені… Оған қарапайым халық қатысады. Аса ауыр қылмыстық істерге олардың қатысуына толық құқығы бар. Тек алдын ала алқаби болатындардың құрамы нақтылануы тиіс.
Алқабилер сотының мүшелері қатысқан процесс өмір көрсеткендей, өте жоғары дәрежеде өтеді. Өйткені айыптаушымен қорғаушының дәлелдері өте сауатты әрі нанымды болуы керек. Қарапайым халықты ғана емес, екі тараптың дәлелдері алқаби мүшелерін де сендіруі тиіс.
Сондықтан да соттың әділетті, сенімді әрі дәлелді өткені дұрыс қой. Алайда кез келген адам алқабилер сотының мүшесі бола бермейді.
«Алқа билер туралы» Қазақстан Республикасының арнайы заңы бар екендігін жоғарыда айттық. Бірақ кез келген адам оған мүше бола алмайды. Олардың тізімі алдын ала бекітіледі, хатталады, сөйтіп мақұлданады. Ал анығын айтсақ, жиырма бес жасқа толмағандар, әлі де жазасын өтеп болмағандар, шартты түрде бостандығынан айырылғандар, жүйкесі ауыратындар, наркологиялық жағынан есепте тұрғандар, сонымен қатар, әскери қызметшілер, судьялар мен осы құқықтық салада жұмыс істейтіндер алқабилер сотына мүше бола алмайды.
Шындығында, жасалған тізімдердің барлығы алдын ала тексеріледі.
Алайда, осы жерде айта кететін бір жәйт. Сарапшылар қорытындысы көрсеткендей, алқаби мүшелерінің кейбіреулері сот процесіне келуге құлық танытпайды. Өйткені олар – қарапайым азаматтар. Көбісі басқа жерде жұмыс істейді. Мүмкін ол сауатты дәрігер, кәсіби инженер немесе жоғары санаттағы мұғалім болуы ықтимал. Себеп — олар жұмыстан дер кезінде босай алмайды. Сондықтан алқабилердің толық жиналмауына байлапнысты сот процесі кейде ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Азаматтардың көп жағдайда құқықтық сауаттылығы жетіспей жатады. Мұндай жағдайда ең алдымен олар жауапкершілікті сезінуі керек екенін естен шығармаған абзал.
Алқабилер – қарапайым халықтың өкілі. Сондықтан халықтың атынан сотқа қатысып отырғандықтары себепті олардың сауаттылығына аса зор мән беріледі. Бұл бірден түзеліп кететін шаруа емес. Жүре түзелетін жағдай. Бұл жүйенің енгізілгеніне де бар-жоғы екі жылдай ғана болды. Сондықтан алақабилер институнының қажеттілігі әрі олардың жауапкершілігі артатыны барған сайын айқындала түседі деп сенеміз.
Түркістан облысының қылмыстық істер
Жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының бас маманы
Жолчиева Гуахар Елубаевна