12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Декларация – тәуелсіздікті жақындатқан бірегей құжат

Қазақстанның тәуелсіздігін жақындатқан,  мемлекет ретінде қалыптасуына ықпал еткен кез келген оқиға, кез келген әрекет қастерлі. Соның ішінде 1990 жылы 25 қазанда ҚазКСР Жоғары Кеңесінің Қаулысымен қабылданған «Мемлекеттің егемендігі туралы декларацияның» орны бөлек. Дәл осы декларация біздің тәуелсіздігімізге жасалған құқықтық қадамның бірегейі болды. Осы декларацияның жарыққа шығуымен тәуелсіздікке қатысты нақты шаралар жасалды. Сондықтан да бұл күні елімізде Республика күні ретінде атап өтіліп келеді.

Республика күні – Ұлттық мереке. Себебі оның ел үшін тарихи маңызы жоғары. Бұл декларацияны  қабылдау арқылы Қазақстанның егемендігін дәлелдейтін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді.

Әрине, кейіннен ел ішіндегі жиі айтылған «Республика күні мен Тәуелсіздік күнінің мән-маңызы қандай? Екі мейрамның мақста-мұраты бірін-бірі қайталап тұрған жоқ па?» деген пікірлерден кейін Бірінші Президент шешім қабылдап, Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталған болатын. Бұл Жарлықтың 2009 жылдың 22 сәуірінде шыққаны белгілі. Дегенмен, тәуелсіздіктің туын желбіреткен Республика күнінің мәртебесі мұнымен төмендеп қалған жоқ. Қандай елдік шаралар, маңызды жиындар болсын, Тәуелсіздік декларациясының тарихы мен тамырына тоқталмай өткен емес. Республика күнінің тарих қойнауына негізсіз кеткені де көпшілік арасында жиі айтылатын. Көпшілік пікіріне құлақ түрген Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ұлытаудағы құрылтайда «Республика күнінің» Ұлттық мереке мәртебесін қайтаруға шешім қабылдады.

Расында Декларация Қазақстанның тәуелсіздігіне жол ашқан маңызды құжат. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналады. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет — Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Қазір бұл күн мемлекеттік масштабта атап өтіліп, ұлттық мереке ретінде тойланады.

Тәуелсіз еліміздің тұғырын көтеруге түрткі болған бұл күн ешқашан назардан тыс қалмауы тиіс. Өткенін таныған, тарихын бағалаған елдің ғана келешегі кемел екенін ұмытпайық.

Төленді Боранов,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Сот төрелігінің өзекті тақырыбы бойынша тарихқа үңілсек…

         «Қазақ даласындағы сот билігінің мұраты – сот процесіне...

Сот шешімінің орындалуы

Заңды күшіне енген соттың шешімі міндетті түрде орындалуы тиіс....

Тұғыры биік туған тіл

Тіл – ұлттың айнасы, рухтың тірегі, елдіктің ең асыл...

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, қазақ тілі – мемлекеттік тіл....

Судьяға деген құрмет кемімеуі керек

Тәуелсіздік алған сәттен бері елімізде заңнамаларды жетілдіру, сот саласын...