Астана ҚАЖД басшылығы Аршалы ауданы прокурорының орынбасары А. Сүлейменовамен, ҰААТ қатысушысы Д.Мавлановамен, «біз азаптауға қарсымыз» ҚБ өкілі Б. Мусинмен, сондай-ақ ҚР ІІО медиа-орталығының тілшісі Н. Мосуновамен бірлесіп, №2 мекемені аралап шықты.
ҚАЖД бастамасымен ұйымдастырылған аралау барысында мекеме бастығы Е. Ұзақбаев қауіпсіздігі жоғары мекемесіде жазасын өтеу шарттарын көрсетіп, түсіндірді. ҚАЖ-гі барлық мекемелері сияқты, сотталғанның алғашқы күндері келушілер барған карантин бөлімінен басталады. Карантин бөлімшесінде болғаннан кейін сотталғандар мекеме комиссиясының шешімі бойынша жасақтарға бөлінеді, сондай-ақ телефонмен сөйлесу бөлмелері, кітапхана, асхана, өнеркәсіптік аймақ, дүкен, жаңа тұрғын үй блоктарының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтарды аралап өтті. Теологиялық оңалту жұмысы жөніндегі инспекторлар кабинетіне барған кезде Аршалы кенті шіркеуінің діни қызметкері Владимир Жучков сотталғандармен әңгімелесу өткізіп жатты, мекеменің акт залында сотталғандар алдағы Қазақстан Республикасы Күні мерекесіне патриоттық әндердің орындап дайындық жұмыстарын жүргізіп жатты, өнеркәсіптік аймақта сотталғандар жиһаз жасап, нан пісіріп, тігін және басқа да жұмыстармен айналысып жатты, жасақтарда дәрістер өткізіліп сотталғандарға олардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, мекеме теологы діни рәсімдерді орындау шарттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатты. Бүгінгі күні мекемеге 494 сотталған жазасын өтеп жатыр, олардың көбі жеңілдетілген жағдайда жазасын өтеуде жәнеде жаңа тұрғын үй жайлары құрылысына байланысты, қасақана бұзушылар деп танылған, қатаң жағдайларға ауыстырылған сотталғандар Қарағанды облысының мекемесіне уақытша айдауылданды- деп мәлімдеді мекеме бастығы Е.Ұзақбаев. № 2 мекемеге барған кезде біз мекеменің күнделікті өмірін көрдік, барлық іс-шаралар мекеме бастығы бекіткен күн тәртібіне сәйкес өтіп жатты, сотталғандар мекеме әкімшілігінің заңды талаптарын орындайды, тексеруге шығу, асханаға бару, ақылы жұмыстарды орындау, сондай-ақ мекеме аумағын абаттандыру жұмыстары сияқты бұқаралық іс-шараларға қатысып жатты. Айналып өту кезінде біз сотталғандармен әңгімелесу жүргіздік, олар әкімшіліктің атына қандай да бір шағым түсірмеді. Сотталғандармен үнемі сабақтар, әңгімелер, мекеме қызметкерлері және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері, діни бірлестіктердің теологтары, дін қызметкерлері, психологтар әңгімелесулер, тренингтер өткізеді, бұған біз бүгін аралау барысында көз жеткіздік. Елордалық ҚАЖД бөлімшелеріне барған барлық сапарларды Департамент басшылығы жеке бастамашылығымен өтетінін атап өткім келеді, бұл ҚАЖД — ның ашықтығы, сондай-ақ жұртшылықпен белсенді, жолға қойылған өзара іс-қимылы туралы айтады», — деп атап өтті «Біз азаптауға қарсы» ҚБ өкілі Бауыржан Мусин.


