Аядай қалашық шу ете түсті. Бұл қалашық жабық саналатынды, Қазақстан тәуелсіздік алғанан кейін қала тозып, біраз жұрт Ресейге қоныс аударып, қала босап қалған. Кейін табиғаты мен көркі тарты ма екен, біраз жұрт қайта көшіп келді. Дегенімен үлкен қалалардан алыстау, шағын ғана әскери базасы бар қалашықта халық саны отыз мыңнан сәл асып қалған. Қазақ орысы аралас Б қалашығында ұлтаралық немесе «рушылдық» деген жанжал болмайтын. Десе де, соңғы кезде «өз құқығымыз»-, деп қазақ тілін талап еткендер саны көбейіп, бұрынғы тұрып келе жатқан орыс ұлтарының шамына тигендей болған. Заңның аты заң, қалай айтса да заң талабымен талап еткендердің дегені жүріп тұратын.
Әлия мен Настя көрші тұратынды. Екеуінің де әкелері әскери базада қызмет етеді. Настяның әкесінің дәрежесі сәл үлкендеу болған соң ба, ылғи бұйырып сөйлейтін. Бұл жағдай балаларға да әсер етіп, Настя ылғи да едіреңдеп жүргені. Қазақстанда тұрса да бір ауыз қазақша білмейтін Настяның анасы жалғыз қыздан кейін көтермей қалған. Б қалашғында туып өскен Валентина бұрынғы кездерін аңсайды, әкесі осы қалашықтық бастығы еді, Валяның дегені бүкіл қалада жүріп тұратын. Інісі екеуінің ақ дегені алғыс қара дегені қарғыс еді. Мұғалімдердің өзі сыйлап тұратын, сабақты жарытып оқымаса да қызылға бітіріп, де оқуға түсе алмаған соң тездетіп күйеуге шығып алды. Шешесінің ақылымен жуастау жігітке тұрмысқа шығып алды. Ол жігіт кейін қайынатасының шарапатымен жақсы жерге жұмысқа кіріп алды. Барлығы жақсы ақ еді, тәуелсіздік алған жылдары да аса қатты бір қазақтардың еркінсінгенін көрмеген, Б қалашық қалай жабық қалашықтан елдің барлығы кіріп шығатын дәрежеге ие болды, солай қазақтар көптеп көшіп келе бастады. Бұрынғы дәуірлері келмеске кетті, қазақ сыныптар көптеп ашылып, жиналыстар қазақ тілінде жүргізіле бастады. Валя белсенді ретінде барлық жиналыстан қалмайтын. Бір екі рет шу шығарып көрді. «Ұнамаса көшіп кет» деп халық шуылдап кеткен соң, онысын да қойды. Дегенімен өзіне сөзі өтетіндерге, жолдасының қол астындағылардың отбасына өктемдік жүргізіп қояды. Қызы Настя анасының көшірмесі шовинист, өзімшіл, кекшіл ақ.
Сол күні түске таман Әлия анасына көршіге кеттім ойнауға деп шығып кеткен болатын. Түске таман сол үйден хабарласқан қызы, тамақты да осы жерден іше саламын деген еді. Валя үйіне келген қызының құрбыларын өте жақсы қарсы алатын. Тамағын беріп, таңсық астарын жасап жүретін. Бұны білетін Әлияның анасы кешке дейін қызын іздеген жоқ. Тек кешкісін жолдасы келген соң барып, Әлияны сұрағанда Валяныкінде деген. Бірақ жолдасы қызын алып кетуге барғанда қыз жоқ болып шықты. Түскі астан кейін, екеуі бірге шығып кетіпті. Настя кейін келген, Әлиясыз. Оны үйіне кетті деген соң, тыныш қана тамақтарын ішіп, отырған жәйлары бар екен айтуынша. Әлияның әкесі Настядан сұрайын деп деп еді «ол ұйықтап қалды» деп бет қаратпаған Валя үйден қуып шыққандай шығарып салды.
Түнімен бүкіл әскери бөлім жұмылдырды. Бала жоқ.. Б қалашығы кішкентай ғана қалашық болғанымен жан жағы тұмса табиғатқа бай, қалтарыстары мол, өзен суы бар жер еді. Іздеу аса қиынға соққан соң облыстан көмек сұралды. Ізшіл иттер неге екенін ауылдан шықпай қойды. Қатаңдау үкім болса да, «мүмкін қызды бірдеңеге орап, исі шықпайтындай хлорлап алып кеткен болар»-, деген із кесушілер қалашықтың айналасын тінтуді тоқтатқан жоқ. Іздеудегі үшінші күн, елдің барлығы қыздың амандығына күмәнмен қарап, енді денесін тапсақ та болды деп жүрген сәт еді.
Жалғыз басты Никалай, Б қалашығында жақында көшіп келген, әйелі үйін сатып балаларын алып, шетелге басқа күйеуге қашып кеткен. Никалай арақ ішетіні болмаса былайынша момын жан. Әлия жоғалатын күні Никалай өзінің айтуынша ешқайда шыққан жоқ. Жалпы шығатын жері де жоқ еді, әскери полигонда ерте зейнетке шығарып жіберген соң аздап ағаш ұсталығымен айналасып көрді. Әйелі тастап кеткен соң, әжептәуір басталған ісі аяқсыз қалған болатын. Кейін даңғарадай үйі сатылып кеткен деп, бұны үйден қуды, жел айдап қаңғалақтап осы жерге келді. Ресейге баяғыда көшіп кеткен танысы «менің үйімде тұра бер» деген сөзімен осы қалашыққа келіп қалған жайы бар еді. Никалайдың уақытша панасы қалашықтың шеткі көшелерінің бірі. Бұл жерге келген соң да ағаштан түйін түйетін кәсібін тастамай елдің жұмысын істеп, арағына ақша тауып қоятын. Қыз жоғалар алдын бір күн бұрын, біреудің қисайып кеткен шарбақтарын түзеп 3-4 күнге жетерлік нәпақамен жатқан жайы бар еді. Сұмдығы қыздың бас киімі дәл осы Никалайдың есігінің алдынан табылды. Күз болған телпегін кигізіп жіберген анасы қызының телпегін жазбай таныды. Шыңғырып жіберген әйелінің жанына келген әкесі бәрін көріп, бірден үйге қарай ұмтылды. Никалай есін білмей арақ сасып өзімен өзі сөйлесіп қойып жатқан еді. Үйге топырлап адамдар кіріп келген де саспады.
-Вера көрдің бе бұлар маған күнде келеді. Германия фашист барып тұрған, бұлар ма бұлар мені алып кетеді соғысқа- деді тілі күрмеле.
-Қыз қайда-деп, ақырып жіберген Әлияның әкесі өзін әрең ұстады. Соңынан кірген адамдар үйдің астан кестеңін шығарып үйді, маңайын тінтуді бастап кетті. Сәлден кейін қыздың күртешесі табылды. Әдемілеп жоғарыға іліп қойған екен. Ең сорақысы қыздың денесі де үйден алыс емес, Никалайға тиесілі аумақтан табылды. Никалайды дедектете бөлімшеге алып жүрді. Есі кіресілі шығасылы болғандықтан тергеу ертеңге қалдырылған. Бұл уақытта қызға сараптама жасалып жатты. Никалайдың үйінен табылған соң бірден жыныстық зорлық зомбылық сараптамасын тайғайындаған. Бірақ қыз зорланбаған, іш киімінінде қол іздері жоқ, денесінде де дәл сондай таза болып тұр. Негізігі өлімнің себебі көкжелкеден ауыр нәрсе шүйдесіне түскен, жас баланың денесі ондай ауырлықты көтере алмай шүйдесі шытынап жарық берген. Ішке қарай ауыр соқы біраз тамырларды үзіп ішке қарай қан кеткен, сол мезетте ауа жетпей, қыз өлер алдында ауырсынып емес, ауа жетпей бірден өліп кеткен екен. Никалай ертесі есін бірден жинады. Өзінің қайда жатқанын да пайымдады, қорғаушы жалдар күші жоқ сорлы не істерін білмеді. Айқай салған тергеушілерге жасқана қарап, өзінің үйден мүлдем шықпағанын міңгірлеп айтқан болды. Сот үкімі де жылдам болды. 25 жылды арқалап кеткен Никалай сотта кемсеңдеп өзінің кінәздығын дәлелдей алмай тұтығып отырды.
Күндер өтіп жатқан, бір күні дәл осы жағдайға байланысты ел танитын блогер ел күтпеген мәлімдеме жасады. Барша БАҚ өкілдерінен араша сұраған ол, Никалайдың сол күні үйден шықпағанын дәлелдейтін ілік тапқанын айқайлап жеткізді. Іле бейнекөрініс те қылаң берген, тастай қараңғы далада бір кішкене қызды жетектеген әйел адам ұрлана басып Никалайдың үйіне кіріп кетеді. Арқасында үлкен қап бар, шамасы Әлияның мүрдесі. Артынша қызын ерткен мамаша жылдам шығып кетеді. Бұл бейнекөрініс Никалайдан жоғары тұратын дүкен ұстайтын үйдікі екен. Ұры қарыдан сақтанып, бейнежазба қойғызған ол, кезінде осы тергеу басталғанда ақ бейнекөріністі сұратқанын, бірақ бір жағдайларға байланысты өзіне де көшірме жасатып, оны көруге әзіге уақыт таппай кейін, қылмыскер табылды деген соң қоя салғанын айтты. Ал аталмыш блогер Никалайдың ұлымен бірге оқыған екен. Жаңалықтар бетінен көрген соң іздеп келген бетте түрмеге кездесіп, Никалайдың жазықсыз екеніне сенген. Қоғамдық резонанс туғызу үшін алдымен жазықсыз екендігіне бір дәлел керек болған. Расымен тапты, бірақ бұл жазбаны қараған, тіркеуге алуы тиісті тергеуші жұмыстан шығып кеткен себепті қылмыс құрамы жоқ деп табылған. Түсініксіз.. Көп ұзамай қоғамдық шудан кейін, Никалай бостандыққа шықты. Бірақ ана әйел дала бұлыңғыр болғандықтан түрі белгісіз.
Әлияның әкесі ойланып отыр. Бейнекөріністегі әйелдің Валя екендігіне күмән жоқ, бірақ дәлелі де жоқ. Қалай ұстаймыз, ол қанішер қызымды өлтіріп қалай жер басып жүр..
Настя сабаққа барып жүр, Әлия екеуі бірге барып бірге келетін. Енді келесі көшедегі Сабринамен баруға тура келіп жүр. Сабрина Әлия сиқты емес, орыс тілін жақсы білмейді. Сондықтан екеуі бір бірін түсіне бермейтін. Бір күні Сабрина мен Настя жанжалдасып қалды. Сабрина айқайлап тұрып «мені де тура Әлия сиқты өлтіресің бе» деген, Настя «иә анау сом темірмен» деп қалды. Ертесі сом темір жоғалып кетті. Валя қақпаны тіреп қоятын сом темірді аздап жоқтап, «әй жарайды нан таппай жүргендер темірге өткізіп жіберген болар»,-деп қойды.
Түн ортасы, ұрлана басқан еркек қолында сом темірі бар Әлияның үйіне келді. Есікті ашқан Әлияның әкесі состиып тұрып қалды келген Никалай еді. Ақырын гүбірлескен екеу аздан соң қараңғыға сіңіп жоқ болды. Таң ата арнайы көліктер Валяның екі қабатты үйінің алдына тоқтап ішінен Әлияның әкесі заң өкілдері мен түсті. Бірден Валяны тергеуге әкелді. Түрмеде жатқан Никалай кімнен көмек сұрарын білмей, ұлының досына әлеуметтік желі арқылы хат жолдап көмек сұраған екен. Өтінішін орындаған түрме күзетшісі де блогердің Никалаймен кездесуіне көмек көрсетіп отырған. Түрмеден шыққан кейін шынайы қылмыскерді қалай да табамын деп Валяның үйін аңдуға кіріскен. Тәттілермен алдап, Сабринаны жансыз етіп жіберіп не айтты бәрін біліп жүрген. Сом темір туралы білісімен бірден ұрлап әкеткен, еш секемденбеген бейқамдық па тіпті қара қошқыл қан іздері қатып тұрса да сонымен есікті тіреп жүре берген. Барлығы анықталғанда Әлияның әкесіне барып баяндап берген.
Сотта Валя бірден мойындады, қызымен жанжалдасып қалған Әлия ет қызумен Настяны итеріп жіберген екен, басымен сом темірге құлаған қызының жарасын көріп, жәй ғана темірді серпіп жіберіпті мыс. «Өледі деп ойламадым»-, деді күрсінген Валя. Валя адам өлтіру бабымен қосылып, қылмысын жасырды деген баппен де соталып кете барды. Бірақ Никалай сенбеді. Ол кезінде разведчик болып жұмыс жасаған еді, адамның көзінен танитын. Валяның бір нәрсе жасырып тұрғанын ішінен түсінді. Жедел жәрдемде істейтін таныс әйелдің есігін тегін жасап беруге келісіп, бір ақпаратты сұрастырды. Жоқ… күдігі расталды. Сол күні Валя ешқандай бас жарақатымен жедел жәрдем шақырмаған болып шықты. Күндер сырғып өтіп жатыр, Настяның әкесі бүгінде қарапайым әскери қызметші, орнына Әлияның әкесі келген. Б қалашығы осы жағдайдан кейін бе, әйтеуір ұлтаралық араздық ушығып тыныш бола қоймады. Бүгін тағы Сабрина жынына тиген соң, Настя ішінен бір нәрселер ойластырды. Кешкісін Сабринаны үйіне шақырған Настя кәдімгідей дайындалып отырған. Анасына есекертусіз шыққан Сабрина көше бойлай жүгіріп келді. Әдемі қуыршағымды беремін деп алдап шақырып алған Настяның ішкі есебі өзінде. Дұшпандардан ақырын құтыла бермесе кейін анасы айтпақшы алдынан шығады. Сондықтан «өлітіріп» құтыла беру керек. Он екі жастағы қыздың өзімшілдігі сондай, психкасына әсер етіп менікі ғана жөн деген түсінік қалыптасып қалған. Ақырын ғана Сабринаның артқы жағынан балғаны сермей бергенде бір адамның жан дауысы шықты. Бұл кім болды?, өзінің пайымдауынша әкесі әлі жұмыстан оралмауы тиісті. Күтушісін ерте «кете беріңіз» деп босатып жіберген болатын. Келген Никалай еді, асығыс жүгіріп бара жатқан Сабринаны көріп артынан білдірмей ілескен. Бірақ мынандай сұмдық көрініске тап боламын деп ойламаған болатын. Осы көшенің аяғында Никалай тұрса орта шенінде Сабринаның ата-анасы дүкен ұстап тұратын. Настяның Сабринаға ешқашан іші жылыған емес, анасының ұсталып кетуін де осылардан көретін. Бейнекөрініс болмағанда анасы қасында еді, қазіргідей әкесі Настяға зекіп сөйлемес еді. Әкесі әйелінен сол күні ақ болған жайды білгенімен, перзент үшін бәріне үнсіз төзіп жүрген, барлық өшін арақтан алып, жұмыстан да шеттетіліп қалды. Қызына да суық қарайды, Валяның өтінішімен ғана әупірімдеп шыдап жүр. Оқыс шыққан айқайдан сескенген Настяның қолынан балғасы ұшып кетіп, Сабринаның аяғына түсті. Бебеулеп қалған Сабринаны жерден ақырын тұрғызған Никалай бірден жедел жәрдем мен қоса Әлияның ата-анасын шақыруды ұмтытпады. Бірден жеткен Әлияның анасы Настяға тап берді. «Алдыма шықпауы керек еді» бедірейіп қараған Настяның бойында қорқыныштың ізі де жоқ еді. Іле жеткен Сабринаның әкесі де полиция шақырды. Жасөпірдер полициясы келіп Настяны алып бара жатқанда Настяның әкесі де жеткен. Заты жуас момын әкесі Сабрина мен Әлияның ата-анасынан батып ештеңе айта алмады. Екі аралықта 3 жылға жуық уақыт өткен. Бірақ шындық су түбінен әйтеуір шықты. Кішкентай Настя балалалар колониясына дайындалып жатқанда анасы түрмеден шықты. Бүгінде Әлияның ата анасы басқа жерге қоныс аударып кетті. Настяның ата-анасы ажырасып, Валя даңғарадай үйде жалғыз қалды.
Аида Қожмамбетова