Шырт ұйқыдан оянып кеткен Айбарыс сағат тіліне қарағанда, сағаттың тілі он жеті минутсыз бесті көрсетіп тұрды, терезеден далаға қарағанда анық көрінбеседе таң бозарып атып қалған екен. Әрі аунап, бері аунап көзіне ұйқы ілінбеген соң, орнынан тұрып балконға шығып, таңғы ескен самалды құшырлана жұтып, әдемі табиғаттың жап-жасыл көрінісіне қарап тұрып, бала кезі есіне түсіп, бала кездегі алмағаштың ішіне төсек салып жатып, бауырларымен түнімен жұлдыз санап, жұлдыздардың аттарын айтып, мынау Жетіқарақшы, Темірқазық, Үркер, Шолпан, Меркурий, Марс, Сатурн деп бір-бірімен таласып жатып ұйқтап кеткендерін білмей қалатын кездері есіне түсіп, терең ойдың құшағына қалай кіріп кеткенін өзі де білмей қалды.
1979 жылы мектепті бітірген балаң жігіт алдынан бүкіл әлемнің есігі ашылғандай, алшаңдап басып, ауылдың көшесінің шаңын күн демей, түн демей бұрқылдатып шауып жүріп, бір айдай уақыттың өткенін білмей де қалыпты. Бір күні таңертең анасы келіп әй, Айбарыс өстіп күні-түні сандалыспен уақытты өткізіп жүресіңбе, оқуға баратын болсаң барып, болмаса жұмысқа кіріп, келесі жылы әскерге барғанша еңбек етіп, тиын тауып бір жағыма шығыспайсыңба. Оқуды да жаман оқыған жоқсың, бағыңнан көрерсің, менің балаларымның ішіненде бір оқыған шығатын шығар деп армандаушы едім, алдыңғы арба қалай жүрсе артқы арба солай жүреді деген распа, алдыңғы ағаларың оқуға жоқ, оқу десе ат тондарын ала қашады, білмеймін не жындары бар екенін деп налығандай болды. Анасының бұл сөздері оның көкейін қатты тесіп өтіп, бір ой салып көкірегіне ұя салғандай болды.
Мектепті бітіргенен кейін шілде айында Алматы қаласына барып бағын сынап Д.Қонаев атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің заң факультетіне құжаттарын тапсырып, бірінші емтихан қазақ –тілінен шығарма жазып өтіп, екінші емтиханы әдебиеттен құлап ауылға кері қайтқан. Келген соң совхоздың құрылысына жұмысқа разнорабочий болып орналасты, ондағы ойы тәжірибесі мол үлкен кісілерден құрылыстың жұмысын жақсылап үйрену еді, бірақ амал қанша тәжірибе аламын деген адамдарының іштері шынтақ айналмайтын, тар адамдар болып шықты. Бірақ сонда да оларды шеттетіп, оны тек жұмыстың ең ауырына жұмсап, салып жүргендеріне де мойынсынды. Жұмыстан қанша шаршап келседе түнімен көше қыдырады, таңғы сағат алтыда көзін тырнап ашып, тәтті ұйқыны қиялмай әрең дегенде тұрып, анасының дайындап қойған шайын асыға ішіп, анасының сөмкеге салып берген түскі тамағын алып, жұмысқа жүгіреді. Құрылыстағы барлық ауыр жұмыстарды жер қазу, құрылыс материалдарын тиеу, тасу сияқты ауыр тапсырмаларды орындап жүріп, арасында өзіде шеге қағуды, ағаш кесуді, терезенің әйнектерін жұмысшылар қалай кесіп жатыр, жандарында жүріп, көріп көкейіне түйіп жүрді. Тіпті артық жарамай қалған әйнектерді кесіп, оныда үйреніп алды. Бірақ оның бұл талпынысы басқаларға, яғни үлкендерге ұнай қоймады, олардың мұндай қылықтары мезеулерінен анық байқалып жүрді, ей бала қолыңнан келмейтін нәрседе нең бар, жүгіңді тасып жүре бер, ондай сенің қолыңнан келмейді деп….
Сөйтіп жүргенде бір ай уақыт өте шығыпты. Айлық табысты алатын кез келді, колхоздың есепшісіне /бухгалтер/ барып ақшасын алып тұрып құжатқа қарағанда, өз көзіне өзі сенбей қалып мен түсінбедім, мында неге басқаларында алдыңғысы үш жүз сомға арты екі жүзден асады, ал маған не бәрі он сегіз сом деп айтып еді, қара есепші /бухгалтер/ келіншек немене маған бұлқынасың, бар айт ана жұмыс берушіңе. Олар қанша құжат толтырды, сонша саған ақша түсті, мен соны беріп тұрмын, ақшаңды алсаң ал, алмасаң кезекті ұстамай бар кет деп зекіп тастады. Салысы суға кеткен адамдай, есепші /бухгалтер/ әйелдің берген ақшасын алып, мойны салбырап далаға шықты. Сөйтіп тұрғанда Абу деген жұмысшы жігіт оның он екі жас үлкен ағасының сыныптасы болатын, келіп автокөліктен түсіп жатыр екен, жанына барып неге он сегіз сом айлық жаздың деп еді, анау миығынан күліп; не жұмыс жасадың соны жаздым. Басымды ауыртпай былжырамай әрі кет деп шиелене сөйлеп кетті. Соған қарағанда бұл әңгімеге алдын-ала дайындалып келгенге ұқсайды. Бұрын соңды жасы үлкен адамдармен байланысып көрмеген, айналада адмдар толып тұр не айтарын білмей, неге былжырама дейсің дей беріп еді, Абу одан бетер ентелеп ағаң жынды жалқау, мешел болатын, сен одан асып кеттің дейсіңбе, бар кет деп әкесінен боқтап жіберді. Сол сәтте кеудесін намыс қысқан Айбарыстың көзінен ыстық жас ыршып түсті, бұрылып бара жатып, кеудесін өксік қысып тұрып, мен саған көрсетемін деп еді. Анау жағасының желке тұсынан шап беріп тарта бергенде Айбарыс қолын қатты сермеп қағып жібергенде, байқап қалды бойының ұзын сорайғаны болмаса, қарымы осалдау екен, тұрған жерінен ұшып кете жаздады. Абу жұмыс беруші қайраты анық жетпейтінін түсініп қалса керек, алғашқы райынан қайтып, жаралы жыртқыштай құр тістерін ақситып, алғашқы арынан қайтып, зілсіз ырылдап, ей сен бала не күшейіп кеткенсіңбе, тіпті өзіңнен үлкен ағаңа қол жұмсайсың ғой деп, Айбарыстың өзін кінәләп, оқиға желісін басқа жаққа бұрмақшы болып, қолын қайтадан Айбарыстың иығына салып бірдеңе айтпақшы еді, қолын ақырын итеріп жіберіп, әңгіме мұнымен біткен жоқ, кімнің маңқа, кімнің ишарасыз жалқау мешел екенін көрсетемін деді тістеніп. Оған Абуда оңай жеңілгісі келмегендей, айналада жиналып қалған, сөзін сөлейтін адамдарға иек арттыма, жақсы сенен келген пәлені көріп алдым бала, тұратын жеріңді айт, мен дайынмын деді. Айбарыс одан әрі тұрып сөз таластырғанның дауасы жоқ екенін түсініп, бұрылып дереу тез басып кете барды. Жол-жөнекей кеудесін өксік қысып келеді, ондағысы бір айға он сегіз сомға ғана жапқаны ғана емес, оны ағасына теңеп екеуін бірдей мешелге бағалағаны. Шынында үлкен ағасы отыздан ассада жұмыс істемей, ішкені арақ, іздегені төбелес, жан-ұясында берекесі жоқ еді. Бірақ, оның оны түзейтіндей, оған әсер ететіндей мүмкіндігі жоқ еді, өйткені оған сөз жүрмейтін еді, ойына не келеді соны істейтін болатын. Бір анадан алада туады, құлада туады деген, бір ана, бір атадан тусада олардың өмірге деген көз қарасы, құштарлығы, талпынысы мүлде басқаша еді. Тағы ойлап келе жатып, осы оқиғаны ағасына айтсамба екен деп те ойлады, өзінің класстасы өзі жазасын берсін деп. Бірақ, ол райынан тез қайтты, өйткені өзіне ар санады, не өмір бақи кім көрінгенге шағым жасап жүрембе, жоқ неде болса өзім жазасын беремін деп шешті.
Сол күннен бастап өш қайырудың мақсатында мектеп қабырғасында жүргенде дайындалған бокс, күрес, денені шынықтыру әдістерін қайталап дайындықты күшейтті, себебі қалай да болса жасы үлкен жігіт, қайраты жетпей қалуыда ғажап емес. Қасындағы достары Қайрат, Рахат, Айдос, Мараттар келіп таң қалып, Айбарыс саған не болған, чемпион болуға чемпионатқа дайындалып жүрсіңбе, кеттік таста көше қыдырамыз деседе көп ілеспейтін болды, өйткені кеудені қысып өкпе тұр, қайткенде өзінен он үш жас үлкен жігіттің сыбағасын қайтару керек. Оны қасындағы достарына айтайын десе, олар айтуы мүмкін жүр, жабылып соғамыз деп, ондайға оның ары жібермейді. Бірақ, ол күні достарына шықпаймын деп айтудың амалын таппай иығына гитарасын іліп, Айдостың қолында кішкентай баянымен көшеге әндетіп кетті. Бәрі көшені басына көтеріп гитарамен, баянның сүйемелдеуімен, сол баяғы үйреншікті жолмен бірінші Медеу көшесінде тұратын, Айдос сырттай иемденіп жүрген Айжан деген қыздың үйіне, одан шығып Рахаттың сырттай ғашығы, Достык көшесінде тұратын Гулім қыздың үйінің жанына барып, сол кезде елдің аузынан түспейтін «Жаным Гүлім сен есіме түскенде, ұйықтап жатып шырт ұйқыдан оянам» деген өлеңді оншақты рет айтып, маршрутты Жайық көшесінде тұратын бірде бір кездесіп сөйлесіп көрмеген Айбарыстың Айнұр деген сырттай иемденіп жүрген қызының үйінің қарама-қарсы тұратын көршісінің орындығына келіп орысша өлеңдерді айтатын. Себебі Айнұр мектепте орысша оқитын, үнемі орысша сөйлеп жүретін, сондықтан ол қызға жүрек сезімі қазақша айтса жетпей қалатындай, Ленин көшесіне келгенде бәрі бірдей орысша өлеңге автоматты түрде ауысатын. Сондағы айтатын өлеңдері «1980 – 1990 әндер жинағы еді». Ол үйдің ауласына отырып өлең айтудың бір ыңғайлы жері болатын, себебі ол үйдеде Гүлнар деген жасы қатарлас қыз тұратын еді, және бір жас кіші Еркін деген інісі бар, олармен жақсы сыйластықта жүрген. Сондықтан, былайғы сыртқы көз онша біле қоймайтын кімнің-кімге барып жүргенін. Барғандағы, атақ әйтпесе ол қызбен кездесіп сөйлесіп көрмеген, тіпті қолынан ұстап амандасып та көрмеген, қазақша айтқанда сырттан шалып, сырттай ен салып жүрген. Соның бәрін түсініп, біліп жүрседе бал жағып қойғандай күндегі тірлік, күндегі маршрут, бірақ одан шығып жатқан бір мән жоқ, ой байқұс-ай күнде келіп есігімнің алдында телміріп өлең айтып, жүрегіңді тілгілеп, сезіміңді сіркіретіп әнмен төгіп жатырсың шыға қояйын, дос бола қалайын деген ол ол қыз. Немесе қаншама майын тамызып хаттар жазылды, біреуіне ғана жауап берді, ол хатта ешқандай мән мағына жоқ, әйтеуір жалпылама бірдеңелер, тек соңында орысшалап «где улыбка деген» жазу бар. Сөйтіп жастық дәурен өтіп жатты. Колхоздың құрылысында бір ай табан ет маңдай терісін төгіп жүріп еткен еңбегіне алған он сегіз сомнан кейін, ол жерде қалып жұмыс істеу, әмбеде құрылыс жұмысшысы Айбармен арасындағы кикілжіңнен кейін қайта бару мүмкін болмағандықтан, Қант зауытының маңында орналасқан мекемеге барып, кадр бөліміне кіріп, әдемі келген жас орыстың келіншегіне кіруге болама деп рұқсат сұрап еді, ол келіншек жайдарлы қарсы алып неге келдіңіз деді. Кадр бөліміне адам не үшін барады, әрине жұмыс іздеп барады, алдын ала дайындап, күніне жүз рет қайталап алған орысшасымен мүдірмей «хотел на работу устроится»-, деп еді, ол келіншек кем хотел деді. Олда кідірместен на стройку деді, раньше работал, да месяц на стройке колхоза деп еді, трудовую книжку завели, нет. Сөйтіп тұрғанда кадр бөліміне үлкен ағасының класстас досы Айдын кіріп Даша менің өтінішімді орындадыңба деп, шүйіркелесіп сөйлесіп, біраз тұрды да, соңына барып артында тұрған Айбарысты байқап, ооо бауырым неғып тұрсың деді. Оған назар аударғанына олда қуанып, жұмысқа құрылысқа орналассам деп айтуы мұң екен, Айдын әлгі кадрда отырған әдемі орыс келіншегіне өзімсіне сөйлеп, Даша оформляй его на мою бригаду, мне как раз нужны такие молодые крепкие ребята деп, ертең жұмысқа шығатын бол деп Айбарысқа бұйыра сөйлеп, асығып тез шығып кетті. Айдын шығып кеткенен кейін Айбарыс абдырып тұрып қалғандай еді, әлгі әдемі Даша келіншек что стойшь пиши заявление, будем оформлятся деп күліп, арызды қалай жазудың үлгісін ұсынды. Соған қарап отырып арызды жазып, қайтадан өзіне ұсынып еді, әлгі сары қыз жазған арызды қолына алып қарап, ооо джигит почерк у тебя крассивый деп тамсанып, таңырқап таңдайын қағып, не ожидала деп ішкі эмоциясын жасырмады. Шыныменде Айбарыстың жазуы өте әдемі еді, өйткені әкесінің інісінің және қарап олда өзінің әдемі жазу өрнегін жасап алған болатын. Достарының қыздарға жазатын хаттарын немесе мерекелерде беретін сәлемдеме құтықтау сөздерінің бәрін сол толтыратын. Бұл жерде мына отдел кадр қыздыңда оның жазуына тамсанып отырғаны сол үшін. Әбден ондай қағаз-құжаттарды толтырып машықтанып алған болатын. Негізі жазуының жақсы болған себебі бастауыш сыныптарда көркем жазу деген пән болатын, онда жазуға өте үлкен мән беріп, апай жазуды жаман немесе былғап жазса, қолдан ұрып, маңдайдан шұқып әбден ұрсатын да, қайтадан қайталатып жаздыратын. Одан қала берсе үлкен ағаларының жазулары палиграфический, өрнектеліп келген, сырт көзбен қарағанда, араб жазуларының ирімдеріне ұқсайтын сияқты көрінетін. Солардың жазуларына еліктеп жүріп, өзінің жеке бір өрнегін тауып алып, жазатын болған.
Мекеменің құрылысына кіріп істегеніне де бір ай болып қалғанда Айбарыс тағыда уайымдай бастады, мұнда айлық төлем ақысы қалай болар екен деп, дегенмен колхоздан алған айлығынан кейін жүрегі шайлығып қалғанға ұқсайды. Бригадирі сол Айдын ағасының алдыңғы сыныптасы Айбар сияқты емес ашық-жарқын, оған деген көзқарасы жаман емес сияқты, бір жаққа баратын болса оны өзімен бірге ертіп алады Айбока кеттік ана жаққа барып қайтайық деп. Кейбірде жол жөнекей уақыт болып қалса оны әңігіме тартады, өзінің сырларын айтады. Тіпті кейбірде Айбока мен білетін болсам болашақта сен үлкен азамат боласың, маған солай көрінеді, сен жәй жұмысшы болып қалмайсың деп жігерлендіріпте қояды. Айбарыс оның бір сыныпта оқыған досы, барлық және олармен жасты көрші ауылдың баласы Жәнібек жұмыс істейтін еді. Барлық жұмысқа онша икемсіз болсада орнында отырмайтын бірдеңелерді шұқылап тынымсыз жұмыс істейтін, тіпті түскі демалыс кезінде елдер тамақтарын ішіп алып, жата қалып ұйықтайтын болса, Барлық жатпайтын, тіпті ұйықтап жатқан адамдардың мазасын алып тарсылдататын да жататын. Ал, ана Жәнібек болса керсінше жұмысты қолының ұшымен істейтін, тиіп қашып жүрген біреу, мүмкіндік болса тығылып қалуға дайын жүретін. Бригада да жиырма шақты, үлкенді кішілі адам бар, он екі сылақшы әйелдерді санамағанда, жұмыс арасында әлгі Жәнібек бойының зорлығын, күшінің мығымдығын пайдаланып айналасына әлім жеттілік жасап жүргенін сияқты көрінді. Бірде Барлықты әлгі Жәнібек ертіп кеткенін байқап қалып артынан барып қараса, өзіне бригадирдің берген тапсырмасы екі ғимараттың ортасынан өтетін кабелді қаздырып қойып өзі темекі тартып отыр екен. Бара сала жатқан жерінен құйрығынан теуіп қалып не істеп жүрсің деп еді, анау орнынан атып тұрып, Айбарысты бас салып тамағынан қыса жөнелді, қолы өте қарымды екен жұлқылап көріп еді, ерік беретін түрі басып барады, сол кезде әдістеліп үйреніп қалған тәсіліне салып, бар пәрменімен сілкініп қалғанда босай бергенде екі бұттың арасынан теуіп үлгерді. Тиген соққыдан ауырсынып сәл бүгіліп ұзын бойы шөге берген кезде жолбарысша секіріп барып, екі иығынан ұстап, футболдың добы құсап баспен екі-үш қайтарып соқылып жібергенде Жәнібектің аузы-басынан қан бұрқ ете қалды. Сөйтсе арбиған бойымен, қара бура күшінен басқа ештеңе жоқ екен, айла дегенді білмейді, тек Қарабура құсап бас салып тұншықтырғаннан басқа түк жоқ. Мұрнынан атқылаған қанды жауып отыра бергенде, оң жақ қолтық тұсының астынан бір қайшылап теуіп жібергенде қарсы жағына қарай құлап, жеңілдім-жеңілдім болдды соқпашы деп еңірей жөнелді. Сөйтсе бригадир Айдын, басқа орыс-қазағы бар ғимараттың бірінші қабатының терезесінен қарап тұр екен, секіріп-секіріп шығып оларддың жандарына жүгіріп келді. Не болды деп сұраған жоқ, бәрін өздері көріп тұр оған обал жоқ, көп құтырған бір таяқ жейді деген осы, оған талай айтылған болатын, елге тиіскеніңді қой, не жұмыс істе не болмаса жұмыстан кет деп. Ол тыңдамай ақыл айтқан адамның өздерін жеке алып шығып, тисіп қолдарын қысып, жағасынан ұстап тұншықтырып зәрелерін алған екен. Міне Айбарыс келгеніне бір ай толмастан әкесін танытып, бой аралығының айырмашылығына қарамастан быт-шытын шығарып сабап, бір көзін қабақтай ғып ісіріп көрмейтінге жеткізіп, мұрнын бұзып, қабағын жарып жіберіп отыр. Бригадир Айдын келіп, Жәнібекті орнынан тұрғызып өз обалың өзіңе, көп құтырып кетіп едің, жүр медпунктке барамыз деп, жұмысшыларды әкеліп жүрген будкалы хозяйкаға отырғыз алып кетті. Қалғандары сол жерде үнсіз тұрып қалды, қайта жұмысқа кірісейін десе бір сағаттан кейін қайтатын уақыт, кіріспейін десе әлі бір сағат уақыт бар, сөйтіп өз ара күбірлесіп тұрған мезетте тыныштықты Александр деген жасы қырықтан асып қалған орыс жігіті бұзып, Айбарыс ты вид такой скромный, оказывается ты хороший драчун, деп күліп келіп құшақтап молодец, ты за нас всех отомстил деп құшақтады. Только не бойся, если он будет жаловаться, мы скажем, что он сам полез и получил по заслугам деп.
Бригадир Айдын Жәнібекті медпунктке алып кткелі бір жарым сағаттай уақыт өтті, үйге қайтатын мезгілден асып барады, әлі жоқ, орыстар жағы тыпыршып қайта-қайта сағаттарына қарап қояды, кейбіреулері тыпыршып орындарында отыра алмай бір кіріп бір шығып жүр. Айбарыстың көңілі алаңдап отыр, ет қызуымен төбелесіп соғуын соғып алсада, ойлап қояды, бір жері қатты мертігіп қалып, арыз жазып жүрсе қайтеді. Әй, ол бірақ ондай жігітке ұқсамайды, қанша тентек болсада ар намысын ойлайтын шығар деп. Өз оймен алапрысып отырғанда әлгі Александр деген орыс жігіті ортаға шығып, понимаете вы, Айбарыс правильно сделал, вид в течение полугода меня замучал своей простотой, он каждый раз меня доставал, чуть что ни так постоянно меня душил, угрожал и он это делаеть в одиночку, когда никого нет, когда один остаюсь. Александр солай айтуы мұң екен, бес-алты жігіт бірінен кейін бірі шындықтарын айтып ақтарыла бастады. Сөйтсе Жәнібек жарты жылдың ішінде біразының әбден зәттесін алған екен, біреуінің тамағын тартып алып, екіншісінің қалтасындағы тиын-тебенін тартып алып жүрген екен, қарсылық білдірейін десе жеке жерде бас салып қара күшін пайдаланып тұншықтырып қорқытып зәрелерін алады екен, біреулерге айтайын десе ұялады. Оны түсініп басынған Жәнібек батыр, бұрынғыдан да артық еркінсіп, бүркітше бүріп, салалы қолдарын жан-жағына еркін салып, әлім жетеді-ау дегендерді, және үндемей еркіне көнетіндерді таңдап бопсалап жүр екен. Ақыры істеген қылығы шегіне жетіп Айбарыс әбден таяқ жеді. Сөйтіп отырғанда гүрілдеген дауыс шығып буткалы машинада келіп тоқтады, ішінен бригадир Айдын шығып, ал жігіттер залетайте быстрее, уже поздно опоздаем на хоккей деп, өздерінің кешігіп келгендерін жуып-шайғысы келгендей, артық сөзге бармай, тез-тез жұмысшыларды отырғызып алып жүріп кетті. Көліктің үстіне шыққанда байқады Жәнібек батыр бұрынғыдай емес, жүні жығылып қалған, алдыңғы жақта басын салбыратып төмен қарап отыр, маңдайын ақ бинтпен орап тастаған, сол жақ көзі ісіп кеткен, дүрдиіп тұр, бірақ бір адам одан қалайсың, не болды, доғдыр қарадыма, не істеді деп сұрамады, не өзі айтпады. Екі ауылдың арасы он сегіз шақырымдай жер болатын, әншейінде көлікке отыра сала орыстың әйелдері «Ой мороз, морозға басып» баратын жерге жеткенше азан-қазан шуласып баратын еді, осы жолы ешқайсысында сөз жоқ, әркім өзара бір-бірімен сыбырласып отыр. Айбарыс маған не істейсің дегендей Жәнібекке қарама-қарсысына барып, тесіліп қарап отыр, Жәнібек беті күйіп қалған адамдай басын көтерер емес. Сөйтіп өзара арбасып отырғанда ауылға мекеменің жанына жетіп қалғандарында байқамай қалыпты. Айбарыс машинадан түсіп кабинадан түсіп жатқан бригадирдің жанына барып, аға дей беріп еді, кәзір тұра тұр деп оң қолын көтеріп, ең соңында түсіп келе жатқан Жәнібекті шақырып алып айтты, егер сен осыдан Айбарысқа арыз жазатын болсаң, онда бүкіл бригада сенің үстіңнен арыз жазады, сен алты ай бойы бәрінен бопсалап ақша алғаныңды, тамақтарын тартып ішкеніңді, темекі, арақ алғызатыныңды айтып. Ал, Айбарыс өзін осындай бопсалаудан қорғаған болады сенің зорлығыңа көнбей ұрған болады. Оған мына жігіттер куә болады түсіндіңбе деп еді, үндемеді. Болмаса осы жерде екеуің қол берісіп татуласуларың керек, ол туралы басшылық білмеу керек, не істейміз деп еді. Жәнібек кідірместен Айбарысқа қолын созып келістім, кешірші менен қателік кетті, енді қайталанбайды деп. Айбарыс сөйтіп қол алысып, Айдын ағаларына ризашылығын білдіріп тарқасты. Біріншісі үстінен барлығы арыз жазса оңбайтынын түсіндіме, әлде жеген таяқтан әлі өзіне келе алмадыма не болсада тез келісіп, қолын бірден ұсынып кете барды. Айбарыс үйіне қарай жаяулатып келе жатып, күздің қара суығын енді сезінгендей, курткасының алдын қымтап оранып қойып, ойлап кетті, егер анау Жәнібек үйіне барып әке-шешесіне, немесе ағаларына айтса анық қанығына жетпей байбаламды салып шулатуыда мүмкін. Кім біледі не болсада әйтеуір, неге болсада дайын жүруі керек деп өзінше тұжырым жасап, қандай жауап беру керек екенін де дайындап қойды. Әмбеде оның сөзін қолдайтындар көп, так что қорқатын ештеңе жоқ деп шешті.
Ертесінде күн сенбі болатын, Айбарыс демалыс қой ұйқымды қандырып алайыншы деген оймен жатқан болатын, таң ата оянып кетіп көзін терезенің алдында тілі латын әріптерімен жазылған сағатқа қараса алтыға он бес минут бар екен, сыртқа дәретханаға шығып келіп, басын көрпемен орап, өзін — өзі мәжбүрлеп біраз жатып қалғып кеткенін білмейде қалыпты. Бір уақытта аяғынан тартқылап ей, Айбарыс неғып ұйықтап жатырсың тұр, сағат тал түс болды, ел көшіп кетті деп досы Мұқан тұр, екі езуі екі жақта, сағат неше болды деп еді, тоғыздан кетті деді. Айбарыс орнынан тұрып, сыртқа шығып, үйдің артына жасап қойған турникке бірнеше рет тартылып, дене шынықтыру тәсілдерін жасап, құм толтырып іліп қойған грушаны жалаңаш қолымен біраз соққылап, үйге кіріп жуынып- шәйініп, шайын ішті. Далаға шыққан кезде Айбарыс саған айтатын бір сөзім бар, кеше қазақтармен шешендер қақтығысып қалыпты, содан екі жақтан бір-бір адам шығып жекпе-жек төбелесетін болыпты. Содан, біздің жігіттер сені ұйғарыпты, сенен басқалары таяқ жеп қалады, соны саған айтуға келдім, ертең сағат 11-де бәрі Жыраға келеді деді. Айбарыс жалт қарап ей сендердің естерің дұрыспа, өздерің ерегесесіңдер, сосын сендер үшін мен барып төбелесемін, тапқан екенсіңдер жындыны. Мен мүмкін төбелеспейтін шығармын, сен білесіңбе ол шешен менен екі есе зор, менен екі есе қайратты, оған менің шамам келмейтін шығар деп еді. Ана Жәнібекті соққаныңды бүкіл ел айтып шулап жүр, ол шешен Жәнібектен мықты емес, олардың бойлары зор, қара күштері болғанымен, сен жақсы ұрасың, аяқ-қолдарың жақсы жұмыс істейді, оған қоса баспен де жақсы ұрасың, әмбеде ол шешенге Айбарыспен шығасың деп еді, ол кәдімгідей қорқып қалыпты. Жігіттер Айбарыстың бойы одан кішірек болғанымен өте ұрғыш, шешенге қарсы тұра алатын тек сол деп, сені сол жақта күтеді деді. Амалы құрыған Айбарыс бармасқа лажы жоқ, аяғына жеңіл китайский кетасын киіп жөнелді. Жыраға сағат он бір емес, он болмай жатып бәрі топырлап толып алыпты, бүкіл ауылдың балалары үлкені бар, кішісі бар үйір-үйір болып тұр. Келіп бәрімен амандасып болған соң сұрады, шешендермен неге төбелес болайын деп жатыр деп, себебін сұрап еді, ой мына шешендер әбден басынып болды, олар кәзір Қант зауыты поселкасының орыстарымен қосылып алып қазақтардың балаларын екі-үш рет соғып кетті. Соған кеше шешендерге барып сөйлесейік деп едік, ақыры ерегеске айналып бірге-бір шығып мәселені шешпек болдық. Егер қазақтар жеңілсе олар орыстар жаққа мүлде шығып, қазақтарды сабайтын болады, ал егер жеңілсе ешқашан қазақтарға қарсы шықпаймыз деді. Сондықтан бәріміз кімді шығарамыз деп ойласып, саған тоқтадық, сен бізді ұятқа қалдырмау керексің, намысты жіберіп алмайық. Олардан кім шығады деп сұрап еді, бәрі бір ауыздан ду ете қалды әрине Дәуіт шығады, ішіндегі күштісі, зоры сол, әмбеде кеше сол айқайлап тұрған, кез келген қазағыңды алып кел шашын қырқып, мұрнын бұзып, тістерін санатамын деп. Ішіндегі Дәуіт десе, дәуіт екен ең ірі зоры шықты. Сөйтіп, он шақты шешендер келді бір-бір мотоциклге мінгесіп. Ішіндегі ең ері боп тұрғаны сол Дәуіт екен, келе салды да ее, казахи ну чо, вы готовы у меня времени нет с вами стоят шушукаться, выходи быстрее деп ақиланды. Абылай алдыға шығып мүмкін сөйлесейік, арамызда түсінбеушілік бар шығар деп еді, ее Айбар сен не айтып отырсың, мен сені соқпайақ қояйын, біз екеуміз бір аулада өстік қой, басқасы шықсын деді. Өзі қазақша жақсы біледі, өйткені олардың балалық шағы бір көшеде өткен, бірін-бірі жақсы біледі. Бірақ өсе келе оның бәрін ұмытып, орыстарға бүйрегі бұрылып кеткен. Дәуіттің сол жақ көзі соқыр, бала кезінде садақ атып ойнап жүріп, садақтың оғы сол көзін ағызып жіберген. Екі арадағы дау төбелессіз шешілмейтінін түсінген Айбарыс, онда мен шығамын сенімен, іштен шыққан жау жаман деген осы екен ғой, сен бізбен бала кезден бірге өсіп, енді бүкіл шешендермен орыстардың басын қосып, бізге қарсы алып келіп отырсың, мұны жауыздық дейді білесіңбе деп еді. Анау адыраңдап Айбарыс мен саған айттым, өз обалың өзіңе тебя сейчас ломать буду, если не откажешься деді, Айбарыс ашуланып көреміз, кімді кім сындырады екен, кеттік деді. Екеуі ортаға шықты, айналада шуылдап бәрі қоршап тұр, бір уақытта Дәуіт қол аяқтарын арбаңдатып Айбарысқа қарай атыла жөнелгенде, Айбарыстың ойына бір қулық келе қалды, анау өзінен дәу, бір-екі ұрғанда құлай қалса жәрәйді, құламаса қиындау болуы мүмкін, не болса сау көзінен соғу керек сол кезде, ол жалғыз көзді Дию құсап мал боп қалады деп, атылып келе жатқан Дәуіттің сол жағына қарай шыққан болып, жалт беріп оң жағына шығып бәр пәрменімен оң жақ көзінен ұрып қалғанда, соққы тікелей көзінің үстінен, алмасына тисе керек Дәуіт жан дауысын шығарып отыра қалғанда, секіріп барып басынан ұстап өзіне қарай тартып, басымен бірнеше рет қайталап соғып соғып жібергенде беті аузын қан басып кетті. Бірақ есін тез жинап алып орнынан тұра бергенде иектің астынан күнде груша соғып дағдыланып жүрген тәсіліне салып ұрғанда шалқалақтап кетті, сол кезде тез ұмтылып екі бұттың арасынан оң аяқпен тепкенде Дәуіт шешеннің жан дауысы шығып шалқасынан құлады. Басында айқай салып, ақырып жүгіргенде өзіне соншама сенімді болған сияқты, қара күшімен, зор денесімен баса саламын деп ойласа керек, енді міне жан даусы шығып топыраққа аунап жатыр. Айбарыс тағы ұрайын деп жақындағанда, болды, болды признаюсь, признаюсь деп жан дауысы шықты. Сол кезде сыртта қарап тұрған жігіттер жүгіріп келіп құшақтап, ой молодес, еркексің мына Дюды құлаттың, енді үні өшетін болды, оны ана жақтағы орыстарда естиді де қорқатын болды деп шыға келді. Дәуітке еріп келген шешендер ләм миым деместен, мініп келген мотоціклдеріне отырып, Дәуітті артына отырғызып кетейін деп жатқанда, Айбарыс оларға тұра тұрыңдар деп жақындап барып, жігіттер, Дәуіт менің сендермен ешқандай бас араздығым жоқ, өздерің келіп соғыс аштыңдар, сөйлесейік деп едім көнбедіңдер, егерде өкініп қалдым, реніш керек дейтін болсаң, мен әрқашан дайынмын, жоқ дос боламыз табысамыз, бұрынғы достықты қайтадан жалғастырамыз десеңдер мен дайынмын, өздерің шешіңдер деп, шығарып салды. Әрине бұл оқиға Айбарыстың беделін ауыл жігіттерінің, достарының арасында мүлде асқақтатып жіберді, бұрынғыдай емес кейбір күрдиіп, қыр көрсететіндер сескенетін болды, айналып өтетінді шығарды, араларында кесір сөздер шығып қалса, сөз таластырмай келісе салып, болмаса үндемейтін болды. Мұны сезген Айбарыс заман күштінікі екенін ерте ұқты, содан бұрынғысынан бетер дайындықты үдетті, таңертең ерте тұрып жүгіріп, құм салып жасап іліп қойған грушаны тесілгенше соғатын болды, трактордың гусиницаларынан жинап жасап қойған штангаларды жатып, тұрып неше түрлі білген әдістеріне салып денесін шынықтыратын болды. Соның арқасында дене бітімі бұрынғыданда жұмырланып, бұлшық еттері бөлініп, қанатары шығып кәдімгі бір спортшыларға ұқсап қалды. Құм салған мешок грушаны соққанда да ударлары бұрынғыдан әлде қайда айқын, ауыр тиетін болды. Сөйтіп жүргенде 1979 жылдың жаңа-жылы келді, ауылдың үлкенді –кішісі бәрі осында, жылда колхоз әкімшілігі би кешін жасап, ауылды бір дүрліктіпріп, сол кездің тұрмыс, танымына лайықты кеш өткізетін, лоторея ойнататын. Елдер, әсіресе әйелдер жағы барлығы жоғын киіп келіп, сол жерде көрсетіп қалғысы келетін. Әйелдер жағы сол кезде енді шығып жатқан «Лама» пальтоларын шешпей, түбіттен тоқыған шәлілерін иығына жауып, әне жерім ауырып тұр еді, мына жеріме суық тиіп қалыпты деп, ел көретін ортада тұрып, үстіндегі әдемі киімдерін подиумға шыққан адамдай көрсететін. Адам ауырған болса үйінде тыныш емделіп жатпайма, жоқ олар мені көрсін дегендей ортаны жаулап алады да, біраздан кейін ауырғандарын ұмытып, той қыза бастағанда, сыртқы киімдерін шешіп, әдемі көйлектерін көрсетуге дайын болып жүреді. Сол қызықты өзінің жолдастарымен қызықтап, сағат түнгі 01-лерден кете бастағанда би кешінен қайтып бара жатқан Айбарыстың алғашқы маххаббаты болған Айнур деген қызды, қасында екі-үш қыздарымен көріп қалып, неде болса осы жолы бір сөз салып көрейінші деп, қасындағы достарына жігіттер кеттік деп айқай салып жүгіре жөнелді. Содан жарты шақырымдай жер арттарынан еріп, Жайық көшесіне келгенде, бірге келе жатқан Айдос досы ей, Айбарыс жігер қайда, әншейінде төбелескенде аяқ-қол, басың бәрі істейді, бір қызға келгенде мысық құсап момақан бола қаласың, барсаңшы сөйлеспейсіңбе, әне қарашы өзіде артына қарап жалтақтап, ақырын жүріп келді, сені күтіп келе жатқанға ұқсайды деп үрлеп жіберіп еді, жүгіріп барып сол жақ қолынан ұстай беріп Айнур тоқташ деп еді, ол мүдірместен, бұрылмастын қолын тартып қалып, орысшалап я без тебя знаю отца Тоқташ зовут и больше ко мне не подходи дегені. Оны естіген Айбарыс не дерін білмей, төбесінен суық су құйып жібергендей аңырып тұрып қалды. Сол арада достарыда жүгіріп келіп не болды, не болды десіп жатыр еді, Айбарыс бұрыла қалды да Айдостың артынан теуіп жіберді. Сенғой мені айдақтап жүгіртіп жіберген, естідіңбе ана қыздың не айтқанын, олар не айтты айтсаңшы біз естімей қалдық деп. Ал, Айбарыс ол қыздың айтқаны айқайлап айтқандай болып естілген, ол содан ұялып жатыр. Достарына қарап не деуші еді екінші рет маған жолама деді, білгілерің келгені солма деді, тәп солар қыздың жауабына кінәлі болғандай. Достары өкпелегеннің орнына қыран –топан күліп мәз болды, әй сені қатырған екен деп. Бір — бірімен қалжындасып, қайтып келе жатып, алдарынан бір топ арақ ішкен біраз мас адамдар шықты, жақындап келгенде сол үлкен ағасының сыныптас достары екен, жандарынан өтіп бара жатқан кезде, колхоздың құрылысының мастері Айбар бар екен, аздап қызып алған Айбарысты танып қалып, «Ей, боқмұрын бері келші деп» айқайлады. Арақтың қызуыма, әлде жанындағы достарына сендіме, қара тонының алдын ашып жіберіп, Айбарыстыың жағасынан ұстап, сен бала күшейіп жүрген сияқтысың, кәзір осы жерде әкеңді танытайыншы деп, қолын сермей бергенде, Айбарыс көз ілестірмес жылдамдықпен сәл отыра қалып сол жақ жағынан ұрып еді, Айбар кескен теректей басын екі бұтының арасына тығып бүктетіліп түсті. Сол кезде тағы екі үлкен жігіт оларға қарай айқайлап ұмтылғанда, секіріп келіп ұрып құлатты, ал алдына келген екініш жігітті Айбарыстың маңдайынан ұрып шалқасынан түсірді. Сол кезде әйелдері де араласып айқай шу басталып кетті, олар әрі қарай ол жерде қалуға болмайтынын біліп, жол тасалаған. Ертесінде таңертең таңғы сағат 8-де үйдің іші азан-қазан болып кетті, ұйқыдан шошып оянған Айбарыс құлағын түріп естісе кешегі таяқ жеген Айбардың әйелі, үйге келіп жылап айқай — шу шығарып жылап жатыр екен. Үлкен ағасы келіп, еейй жүгермек тұр, сен не өсіп қалғансыңба кімді ұрып жүрсің деп, бір екі рет шапалақпен ұрып жіберді. Ағасына қарсы сөз айталмай тез-тез киініп ас бөлмеге кіріп, пеш жанына отыра кетті, сол кезде анасы әй, Айбарыс не болды айтшы сен өтірік айтпайсың ғой деп еді, ағасы қасынан өтіп бара жатып арт жағынан теуіп жіберді, боқмұрын мен саған көрсетемін кімге қол көтеру керек екенін деп. Анасына қараса көзінде мөлдіреп жас толып тұр екен, сол кезде Айбарыс бүкіл балалық өмірі астан-кестен болғандай, жүрегі лоқсып барып, өзі жылап жіберді, айналайын анашым кешірші, мен бәрін түсіндіріп, айтайын қалай болғанын. Егерде менің жасағаным дұрыс болмаса, қандай жаза берсеңізде көтеремін, жыламаңызшы деді. Анасы айт, тыңдап отырмыз деді, Айбарыс көзіне жас келіп, колхозда жұмыс жасағанын, бір айда он сегіз сом тапқанын, одан ағасын мешел жалқау, бұзау дегенін, есепшінің /бухгалтер/ алдында айлық алған кезде, неге ақша аз дегенде, боқмұрын деп елдің көзінше ұрғанын, одан кеше түнде көшеде жанындағы үлкен жігіттермен бірге тоқтатып соқпақшы болған кезде, бір рет ұрып қашып кеткенін айтып еді. Төрде отырған ағасы орнынан атып тұрып, сен неге осының бәрін маған айтпағансың, мен онда оған өзім көрсетейін «мешел жалқауды», әкеңнің аузы, ешек деп ол шала бүлінді. Оны көріп тыңдап отырған Айдынның әйелі шыныменен қорқып кетіп, күйеуінің істегендерің дұрыс еместігін, мойындап, ағасына өзімсініп ей, енді сен құтырма, досың ғой ауруханадан шыққанда сөйлесіп аларсың деп. Айбарысқа қарап қайным, Айбар ағаңның жағын сындарыпсың, кәзір аудандық ауруханада жағына протез қойып жасап жатыр, мен бірақ мұның бәрін білмеппін, білмей келіп отырмын, тәте кешіріңіз күйеуіме обал жоқ, өзіне жақсы болса, жас баладан таяқ жеп жүрсін, ешқайда шағымданбаймыз деп үйден шығып кете барды. Сол кезде анасы көзіне толған жасты сығып отырып, он екі баланы дүниеге әкелдім, екеуі жерде, оны аман-есен, осылардың ішінен біреуі оқып адам болып, суырылып шығама деуші едім. Шыққан жерімде текті би-болыстың тұқымы еді, келген жерім де жақсы жерден еді, ашаршылық кезінде аталарың 30-шы жылдан 45-жылғы соғыс біткенше бүкіл бір ауылды асыраған үлкен адам еді, мына балалардың түрі мынау, біреуінің он екіде бір нұсқасы жоқ. Сол кезде Айбарыс шыдай алмай анашым кешіріңізші деп анасын құшақтап тұрып, мен енді ешқашан төбелеспеймін, шылым шекпеймін, арақ ішпеймін, үлкен оқуға түсемін, сіздің ақ сүтіңізді ақтаймын болашақта үлкен азамат боламын, әділеттік орнатамын, бәрін өзіміздің берекелігімізбен жеңетін боламыз деп еңіреп анасының құшағына кіріп жылап кетті. Бір уақытта анасы әй, құлыншағым сенің мына сөзің мені елең еткізді, сен қайдан білесің «берекемен жеңеміз» дегенді, сендім сенің сөзіңе, бердім батамды, Алла арман тілегіңе жеткізсін. Ешқашан алған бетіңнен қайтпа, ешкімді басындырма, ешкімнің ала жібін аттама, тек кешірімді – кішпейіл бол деп батасын беріп, орнынан тұрып кетті.
Арада біраз жылдар өтті, Айбарыс анасына берген сертін орындап, арақ ішпей, шылым шекпей, ешкімге жамандық істемеді. Анасына берген сертін және адами қасиеттерін сақтап жүрді. Оған өмір бойы бағдаршам сияқты бағыт берген, кеудесіне өшпейтін рух берген, қайда жүрсе намыстың туын желбіретіп, қайтпас қайсарлықтың нәрін сепкен сол баяғы анасының көзінен тамған бір мөлдір тамшы жас еді, кейінде анаға тілек деп жазған өлеңінде осы сәт өріліп еді:
Білемін ана, білемін,
Бейнеттен талған білегің,
Бір тамшы мөлдір жасыңнан,
Толқыған теңіз әлемін-, деп.
Өйткені анасының көзінен тамған жәй ғана жас емес, оның бүкіл балалық әлемін толқытып, кеудесіне анасының жаққан өшпес шырағы, оты еді. Тіршілігінде анасының сөзін жерге тастамауға тырысып, ол кісі өмірден өткеннен кейін, берген анты бұрынғыдан да күшейген секілді көрінді, енді анасының рухына күнде табынып, құран бағыштап отырып, анасының рухымен сөйлесіп, сырласып іштегі ойларын айтатынды шығарған. Кейбірде сөйтіп жатып ұйықтап кететін болды, сол түні түсінде міндетті түрде анасының нұрлы арайын көріп, ол кісімен сұхбаттасып, өмірге қайтып келмейтінін біліп тұрса да, кейбір жағдайларды сұрайтын болды. Сол анасының берген аяндарымен тіршіліктің көп мәселелерін шешіп, балларды үйлендіру, балалардың туғанда аттарын қою, анасының айтуымен болып жүр, тіпті қандай келін алу, неменеден сақ болу сияқты жағдайларды да анасы ескертетін болды.
Ұзақ, қалың ойдың түбінен шығамын дегенше таң бозарып атып, айнала анық көрініп, Алматының таңғы арайы, маңдайын өтіп, ысып барады екен. Өткен өмірдің өшпес белгілері көз алдынан сырғып, көзіне еріксіз жас алып толғанып тұрғанда, артынан келген ұлы әкесіне таңырқап қарап, әке сізге не болды дегенде, көзіндегі ыстық мөлтек жасы ыршып-ыршып жерге түсті. Ұлының көңіліне дақ түсірмейін және жаман ойлап қалмасын деп, ұлын құшақтап бауырына басып, балам әкемді, анамды сағынып көңілім босап кетті. Сенде ертең ер жетесің, үлкен жігіт боласың сол кезде, мені жақсы түсінетін боласың деді. Ұлы әрине әке, менде сен сияқты ақылды боламын, менімен мақтанатын боласың, ант етемін деді еркелеп. Сонда Айбарыс кеудесін созып таңғы ауаны терең жұтып, ойлады кім біледі дәл осы сәтте олда, көзінің бір мөлдір тамшысымен ұлының бойында, жүрегінде жаңа бір отты, жаңа бір шырақты жағып, үлкен әлемге жолдама бердім деп. Құдайдан сұрап тілейтіні ата-анасының, ұл-қыздарының, бауырларының амандығы, ол көрген ауыртпалықтарды балалар көрмесе екен деп ойлаған.
Байбатырова Алия Ынтымаққызы