12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Қорқақтың» ажалы

Сәтсіздік қылмыс емес, алдыңа өз мүмкіндігіңді тежеп, мақсат қою — қылмыс.

 Роберт Лоуэлл

               Ол өзінің бұрынғы қолын қандаған іс-әрекеттеріне  таң-тамша қалып, массаттанғандай миығынан күлді… Өз-өзіне кезінде қанша мәрте қол салуға ниеттенгенінің бәрін бекер санап отыр енді…Қаншама адам көз алдында қиналып, мұның қолынан туған оқиғадан зардап шеккеніне кәдімгідей көңілі тоғайып, өзіне деген  риза кеппен айна алдында ұзақ тұрды. Шүңірейе бастаған жансыз суық жанарына қарап қайран қалды. «Міне, кезіндегі қорқақ Генаң осы.!..». Тебіндей өсіп қушиған жақ сүйектерін онан сайын сұрқысыз көрсете түскен сақалының қылдарын салалап ұзақ сипады.

     Бір кезде қаладағы жетімдерге арналған мектеп интернатқа ата-ана қамқорынсыз қалған соң әкесінің ағайындары әкеліп тастап кеткен кезді көзі жасаурап еске алды… Ол кезде бұл он жасқа енді толған еді…

     –Тұр ей, сүмелек! Жоқ әкеңнің  жоқтаушысы емеспін! Бар қолыңа «швабраны» ал!

  Интернат тәрбиешісі алғашқы күндерден мұны дұрыстап «тәрбиеге» иліктіруге көшкен. Арқа еті арша борбай еті борша болғанша, тазалық жұмысына жекті. Оқу үлгерімі өз алдына…Тіпті аты-жөнін дұрыстап жаза алмаса да, мұғалімдер үштік баға қонжита салатын. Әсіресе интернаттағы жоғары класс үлкендері зорлықтың «көкесін» танытатын. Түнде тұрғызып алып ас дайындау, шұлық жуғызу, әжетхана тазалау тәрізді жұмыстарды атқартып, таңға жуық ұйқыға бас қоятын. Бір бөлмеде қатар жататын Леня бірнеше рет интернаттан қашып бас сауғалағанымен ұсталып қалып, ішкі тәртіптің «тезіне» салынған… Аямай тепкіден ес-түссіз жатып, үшінші тәулік ол қайтыс болды. Интернат әкімшілігі істі жылы жауып, Леняны өзін-өзі бесінші қабаттан тастап жіберген деп жалған қортынды жасатқан.

     Көп ұзамай Гена он сегізгі толды. Бала күннен жасықтық пен жасқаншақтық жанын жегідей жеген ол қалайда біреуден басым тұруды көксейтін. Өзіне үнемі доқ көрсете беретін орта топтың тәрбиеленушісі Стастың қолын қыршып алғанын өзіне ерлік санаған. Расымен Стастың қолынан тамшылған қанды көргенде бойын үрейден бұрын бір дүлей күш меңгергендей болған.  «Міне, сенің алғашқы жеңісің–деген  бір тылсым үн…       

     Ептеп еңсесін көтеріп жүруге дағдылана бастады. Әлдекімдермен сөзге келмей қалған сәттерінде қарсыласының көзінен көзін алмай ызбарлана ұзақ қарайтын. Анау болса тайқып кері бұрылатын. Генадий өзінің ішінде бір ерекше құбылыс бұғып жатқанын бағамдай бастады. Кей түндері ұйқыдан бастырылып булығып оянатын. Сондай сәттері қасында түсініксіз бір қара бейне состиып тұратын…Кей күндері түсіне бет-әлпеттері көрінбейтін әке-шешесі кіретін. Мұны тым алыстан қол бұлғап шақырады да тұрады… Қайда екені белгісіз бұл барғысы келгенімен, аяғы кібіртіктеп адымы  ашылмай әуре болады…

  Интернатта  жүргенде  «қорқақ» деген лақап ат таңылған  Гена су жүрек болғанымен өте кекшіл болып өсті.

                                                 ********

   Түрмедегі тоғыз жыл… Лагерде бастан кешкендері мұны жұмсартпақ түгілі жасық көңілін пасық тірлікке икемдеп, су жүрегін шар болаттай шыңдап, мінезін қатайтып, болмысын жүз пайызға өзгертіп жіберген. Жеген таяқ сіңірленген етінен өтпек түгілі онан сайын пісіріп жіберді…

Интернатта әбден зәбір көрсеткен Стасты атып өлтірген соң, тоғыз жылын  тозақ төрінде отырғандай өткеріп, бостандық босағасынан басын қылтита енгені осы…Әупірімдеп туған қаласына жеткенімен,еркіндікте өмір сүрудің азабын көре бастады. Тұрақты жұмыстың жоқтығы, болған күнде түрмеден келгені кедергі болып емен есіктен кері қайтатын.

Бүгін міне тағы теміржол қызметі кеңсесінен салы суға кетіп оралды. Жалдамалы пәтеріне барар қысқа жолмен жаяу ілбіп келеді…

Осы сәт ту сыртынан «Әй «Қорқақ»!  Бұл сен бе?» деген дауысқа кілт бұрылған. Жазбай таныды… «Анаңды …сенің «Қонжық»! Құшақтары айқаса кетті. Қапсырып қысқан таныстың тынысынан ащы арақтың қолқа қабар күлімсі иісі мұңк еткен…

  «Қонжық» аса өзгермегенімен, көп уақыттан бергі сілтеген сайтан судың «сайқымазағы» әбден әбіржітіп жібергендей…

 – Қайдан жүрсің? Сайтан құсап сап ете қалдың!…

   Қонжық өз басынан кешкендерін көше бойы ілби отырып тізбектей жөнелді…

Интернат қабырғасында көрген құқайы мұның қасында тіпті түк емес екен. Өмірдің өр қиясына беттегеннен мұны аз сыбаға күтіп тұрмапты…Жұмыс іздеп сабылмаған  жері қалмаған…Айтпақшы мұның Қонжық деген әдемі лақап атының өз тарихы бар…Шын нысыпы Андрей Козырев. Ата-анасынан ерте жетім қалған оны жақын туыстары балалар үйіне өткізген. Өзімен бірге интернатқа тек ақ аю ойыншығымен бірге келгені есінде..Тәрбиешілер оның ақ аюынан ажартпауды ұйғарды..Күндіз түні өзімен бірге тастамай алып жүретін әппақ қонжық ойыншықты сәби шағында анасы туған күніне сыйлаған екен…Содан бері «Қонжық» деген жалған атты жалғап алған. Есейді. Есті болғысы келгенімен ешкім басынан сипамасын білді. Қаладағы пәтер иелері кооперативіне аула сыпырушы болып орналасқан  оның тағдыры қарғыс атқыр сол күздің қоңыр салқын кешінде күрт өзгерер деп кім ойлаған? Ескі желім шүберекке оралған әлдене затты қоқыс шелегінен  тауып алып ұзақ қараған…Қалқалау жерге бұрылып ашып көрген. Міне, саған безгелдек! Оралған жүз долларлық ақшаның бір бумасы!! Санап үлгермеген. Шамамен он мың доллар…Осы сәтте аулаға жүгіре жеткен екі-үш тәртіп сақшысы айналаны тіміскілеп қарай бастады. Бұл сытылып шығуға үлгермеді. Олар мұны ешбір куәлерсіз тінтікілеп бума ақшаны тауып алып, өзін бөлімшеге ала жөнелген. Бөлімде сұрақ астына алып «мойында» деп ұрып соққан. Тауып алдым дегеніне ешкім иланбаған…Оның үстіне «физианомиясы» келіп тұр…Қырсыққанда бұл қызмет жасайтын көп қабатты  үйдің бірінен ұрланған ақшадан оның саусақ таңбаларын айқын көрініп тұрды… Жалтаруға әбдісі қалмаған Қонжық тауқыметті тағдырына еріксіз мойынұсынуына тура келді. Алғашқы бұралаң өмір соқпағының ащы кермек дәмін осылай татып көрген болатын…

Екеуара ұзақ әңгімелесе жүріп Гена–«Қорқақтың» жалдамалы пәтеріне келіп аяқ суытты.

Бір шиша ащы суды тауысып ұзақ отырды…

–Геныч білесің бе, мен қатты шаршадым…Қайда бармайын бәрі маған аларып қарап тұрғандай…Маған бұл арадан бос орын табылмады…Тиісті орын қамқорлық жасамақ түгілі түбітімді шығарды..Жұмысқа орналастырамыз деп  бір, пәтер тауып береміз деп екі , жәрдемақы төлейміз деп үш….

Гена ебедейсіз қолын сілтеген… «Екеуіміз де жетіскен екенбіз…»..

–Тыңда Қонжық! Бәріне сүйкімсіз болып сүйкенгенше сүйкімді күй кешуге өзің икемден…

 –Не істейін енді ?…

  Үмітсіз тесілген Қонжықтың көзінен көзін алмаған Гена:

–Әрекеттен…Өлмеу үшін өлтір…Өлтірмеу үшін өзіңді құтқар!

–Түсінбедім сені  «Қорқақ»!…

–Түсінесің…Түсінігің оянуы тез болады әлі …Өмірді өзіміз жасаймыз…Бізді өмір азаптауға құмар…

    Екеуі таң сібірлеп келе жатқанда жаңа күннің айналаға жамырай бастаған жарық нұрына ұзақ тесіле қарап ұйқыға бас қойды…

                                                ********

    Гена әруақыт өз ісіне күдікпен қарап, өзгенің  пікірін құрметтеп өскендіктен  қорқақтық танытатын…Өмір оған өзгеше сабақ басқаша пайым жасауға итермеледі..Бірақ оң теріс деген ұғымды бәрібір  ұғына алмады..Тек өзінің ішкі қыжылына жауап, мұңына басу іздеп басын тауға  да тасқа да соқты. Қонжықпен қайта табысқалы оны қасына жолдас, жанына серік етуге бекіп беліне бекемдік пен тәуекел белбеуін шарт түйінген.

–Бізге ешкімнің уәдесі немесе дәмесі азық бола алмайды..Біраз ақша тауып алсақ алыс елдердің біріне табан жалтыратамыз Қонжық! …

–Мен келістім…

     Көптен бері көңілін күдік ұялатып мазасын алған сауалына жауап тапқандай болған Гена Қонжықтың нұсқауымен кезінде ауласын сыпырған көп қабатты еңселі үйдің  ең ауқатты тұрғынының үйін тонауды ойға алды.

    –Менің есімде қалғаны ол үйде жағдайы жақсы бір әдемі қатын тұратын…Қоқыс жәшігіне қызыл, қара икраларды лақтырып жүре бергенін талай көрдім…Ол қатынның бай  ашынасы болатын…Кәмелетке толмаған бір қызы ғана бар еді…Қазір тұрмысқа да шығып үлгерген болар…

    –Қонжық ! Сен бүгін барып сол пәтердің  қоңырауын бас… Ешкім шықпаса айт! Шықса  өзге біреудің аты-жөнін сұрап басын қатыр!  Кім шығады, не болады өзің бағамда! Ұқтың ба? Онан әрі мен ойластырам…

   Өзара уағадаласқан  олар кеш бата аталған мекен-жәйға жәйлап жеткен. Аула маңайы тым-тырыс. Сәлден соң подьезден шелегімен қоқыс алып ілбіп шыққан қартаң ер адамның қайыра есіктен кіргенін күтіп, ізін ала  үйге сып берген Қонжық жоғары қабатқа «өрмелей» жөнелді…

  Үйден аулағырақ тал арасында жасырынып сығалап тұрған Гена-«Қорқақтың» ойына сол сәт не келіп не кетпеді десеңізші!.. Сәлден соң үй подьезінен шыққан Қонжық қол бұлғап тұрды…

 Иығына асынған «сантехник» дорбасындағы асай-мүсейлерін дайындап тұрған Гена бүкшеңдеп жүгіре жөнелді. Подьездің жарық шамдарын автоматты қосу жәшігінен ажыратуды естен шығармады. Әр жерден жылтыңдаған бейнекамераларға сыртын тосып қиялап өте шықты. Бұл жоғары қабаттағы пәтер ішінен енгеннен көз алдында жайнап тұрған бағалы жиһаздар мен бұйымдар көптен іздегенін алдынан бергендей алақанын ысқылап жіберді…

–Қонжық, жылдамдат бол, тезірек! Алтын, ақшаны тап!..

 Өзі қонақ бөлмесіндегі бағалы сервиздің тартпаларын ашып шашып қарай бастаған. Қап-қара шағын қобдишаны тауып аузын бәкісімен бұрағыштап ашып жібергенде ішінен сау етіп бағалы жақұт тастары еденге төгілді.

–Міне, сәттілік!-деп ыржиды Гена. Қонжық тағы не бар? Бізде екі минут қана уақыт бар… Жылдамдат!

Қонжық  ұзақ тіміскіленбеді….Жатын бөлме қабырғасындағы жалаңаш қыз бейнелегенген картина артынан керегеге ойып жасалған темір сейфті көріп, қуанғаннан дауыстап жіберді…Қонжыққа ызалана суық қараған саққұлақ Гена сұқ саусағын аузына тікесінен тақап «тыс—ссс-!» деп белгі берді.

     Сол мезетте тық-тық етіп басқыштармен көтеріліп келе жатқан әйелдің  аяқ  дыбысы естілді. Бірнеше секундтардан соң  пәтердің есігін итеріп ашып кірген әйелдің:

–Надюха,  сен үйде ме едің?-деген әдемі тұнық дауысы естілді. Есіктің арт жағында бұқпантайлап тұра қалған Гена мұның аузын басып үлгерді.

–Үніңді шығарма! Тірі қалғың келсе бақырма сайқал! –деп тістенді ол.

Көзі шарасынан шыға қорыққан бейшара әйелдің ләм деуге шамасы келмеді.

Өне бойын діріл билеген оны олар екеулеп жүріп  қол аяғын матап тастады. Соңғы үлгідегі  ұялы телефонын сөндіріп, сейфтің құпия сандарын айтуын талап ете бастады.

–Бес минут ішінде есіңе түсірмесең өміріңмен қоштаса бер қаншық! Біздің  мәймөңкелеуіңді көтеретін уақыт жоқ! –деп тістенді Гена-қорқақ.

Әйел қапелімде есіне ештеңе түсіре алмай әбден састы. Ол құпия сандар тек «күйеуіме ғана мәлім» деп жыларман болды. Тамағына пышақ тақап қорқытқанмен түк өнбесін білген Гена уақыттан ұтылса да, «бақыттан» құр қалмауға ,ақшадан айырылмауға бекіді…

–Тыңда мені сайқал! Дәл қазір сол сүйіктіңді осында шақырасың! Мейлі айшылық жерде болса да тез жет дейсің! Біз күтуден жалықпаймыз…Басқа  жерге қоңырау шалам деп дәмеленбе! Бол жылдам!

    Қолын босатқан соң әйел ашынасымен дауысын бәсеңдетіп сөйлесуге тырысты. Сонда да аздаған діріл байқалып тұрды. Ар жақтан жеткен ер адамның «Маша саған не болған? Бүгін ғана көріспедік пе? Жайшылық па? Мақұл, кел десең қазір барам!..» деген дауысы естіліп тұрды…

    Сүт пісірім уақыттай терезеден сыртқа тесіліп тұрған Қонжық сәлден соң қымбат көліктің аулаға келіп тоқтағанын жеткізді:

–Көлік маркасы «Крузак»-200!

 –Иә с-с-о-ол!… –деп кемсеңдеді Маша.

Қолына шолақ мылтықты нығырлай ұстаған Гена есік артына  бой тасалап үлгерді.

Аз кем уақыттан соң пәтерге жәйлап кірген ұзын тұра еркектің көкжелкесінен  тиген соққы оны еденге сұлатып түсірді. Кескен теректей  ұзыннан құлаған оның үстіне бүркітше қонып үлгерген  Қонжық алдын-ала дайындап қойған «скотчпен» қол-аяғын   орап тастады.

Бес алты минуттан соң өз-өзіне келген ер адам түк түсінбей жан-жағына алақ-жұлақ қарай бастады.

–Хош көрдік туысқан?! Сейф сандарын ұмытып қалған жоқсың ба? Әлде тезірек Машамен қоштасуға құлықтысың ба?

Жалмауызға  да жан керек деген тәмсіл расқа айналды.Аз кем уақыт ішінде ол тұтығып сөйлей жөнелді:

–Өтінем бауырым, Машаға тиіспеші,қалағаныңды ал! Тек тірі қалдыра көр!

–Міне ақылды азамат! Айта ғой жұмбақ шешуін…

 –Егер сейфің сандардан бас тартса басыңмен қоштасасың ұқтың ба сілімтік!

Анау бозарған күйі басын изектей берді. Сейф сандарын ұқыпты терген Қонжықтың көз жанары ұшқындап қуанышты белгі берді.

–Пах,пах!.. Мұнда кемі бір «лимон» (миллион.А.Ж.) болып қалар!

–Бол! Тез сал сумкаға,жөнедік!..

Қол аяқтары матаулы екі бейшараның үнін өшіруге ойы кеткен Гена көз ілеспес жылдамдықпен ер адамның тамағын орып жіберді…Аузы скотчпен желімделген   Машаның үнін шығармастан жүрек тұсына кездігін бойлатып жіберіп, пышақты оның көйлегіне сүртіп өз қалтасына қайыра салды…Көзі аш қасқырдай қызарып қанға толған Гена –Қорқақ бірінші рет жүрегі лобып кетіп , аз ғана кідірістеп тұрды да, сыртқа  жүгіре басты…

                                                 ***********

    Бір екі тәулік ешқайда шықпастан үнсіз жатты… Бар ойы артық ауыз заттар алмастан тек ақшаны алып сыртқа сытылып кету. Бір бума ақшаны балтырына скотчпен орап жолға қамданды. Уақытша тұрып жатқан жалдамалы пәтер иесіне ескертпестен , Гена Қонжықты ілестіріп Қырғызстанға өтіп кетуге бел шешті. Онан әрмен Түркия, арғы жағында алыс Америкаңда төбесі көрінер деп қиялға қанат бітірді.

       Үлкен автобекеттен таксиге тапсырыс жасап, Бішкек қайдасың деп тартып келеді…

     Үлкен қара жолдың үстіне түскен соң сүліктей көлік сүйсінтіп ызғыта берді. Қызылағаш ауылының маңына жете бере  алыстан полиция бекеті мұндалап шыға келді…Полиция тексеру бекетіне жақындағанннан мазасы кеткен Қонжық Генаны түртпектей берді. Салқынқанды Гена үнсіз ләм деместен отыра берді. Тексеру тым созылып кетті…Қатты қобалжып әбіржи бастаған Қонжық сыр беріп алғандай… Жолаушының алақтап отырғанынан секем алған сержант шенді сақшы мұны көліктен түсуін сұрады…Құжаттарын  ұзақ барлай қараған соң полиция пунктіне қарай бастап жүрді. Дәл осы сәтте басына нетүрлі шым-шытырық ойлар келіп, «өзі-өзін сақтау инстингі» қозғалысқа түскен Гена көліктен жәйлап түсті. Дәретхана іздеген кейіпте алақтап біраз тұрды да, жалт беріп кезекте тұрған көліктер арасымен бой тасалауға бекіді…

    Бұл сәтте осыған дейін жан-жаққа таратылып үлгерген қос қылмыскердің фотороботы бойынша күдікке алынған Қонжықтың қос қолына кісен салынып жатқан еді…

  –Тоқта! Қайда барасың ?-деген автомат қаруын асынған тәртіп сақшысының өктем бұйрығына  пысқырмастан ең шетте тұрған көлік рөліндегі  жас қызды есіктен  жұлқылап алып шыққан  Гена оның алқымына пышақ тақап үлгерген болатын…

 –Жақындамаңдар! Маған көлік беріңдер! Жолдасымды қоя беріңдер! Постты ашып жол беріңдер! Олай болмайынша мен ештеңеден тайынбаймын! Мынан бауыздап өзіммен ала кетем!-деп айқайға басты.

 Қатты абыржып қалған  полицейлер аз кем үнсіздіктен соң оны талабына көнбеске лажы қалмады. Амалсыздан Қонжықты қоя беріп, жолды ашуға мәжбүр болды…

 –Қыз менімен болады! Ескертем соңымызға түсіп, болмаса алдыдан тоссаңдар екеуінде өлтірем! –деп  Гена ақыра бастады.

Қонжық көлікке әп- сәтте қонжиып үлгерді… Көлік қара жолға түсіп ызғып берді…Тауды бетке алып жолсызбен жүйткіген қара көлік сүт пісірім уақыттан соң шекаралы аймаққа келіп кідірді…. Гена мен Қонжық көліктегі қыз бен жүргізушіні кері қайтарып, тау шатқалдарымен жаяу өрлей жөнелді.

– Қонжық! Бішкекке жетуге тырыс! Қалайда жет! Бірге жүру енді қауіпті! Қала шетінде ұшырасармыз!-деген Гена алды артына қарамастан сай табанына жүгірді…

Шамалыдан соң аспанда гүрілдеген дыбыстан құлақ тұнды…Тікұшақтың бірнешеуі көк жүзін айғыздап, тау сілемдерімен жарыса жеткенін аңғарған Гена-Қорқақтың өне-бойын түсініксіз діріл жаулады. Бұталы жынысқа қойып кеткен ол сәлден соң алыстан абалаған неміс овчаркалының үнін құлағы шалды. Көз алдына лагердегі азапты күндері жүйткіп келе қалды. Қалайда тірідей қолға түспеуге бекіп құзға қарай тұра ұмтылды…

     Тік беткейді асып, арғы жағындағы қырғыз жеріне тесіле қарап: «Міне, екі үш аттасам бітті ! Арғы жағы мейлі даланың қоқыс шұңқыры болса да, Америкаға апарар жол ашылады! Шыда!» деп ентелей түсті…

 Биік жартастың ұшар басына ілккен соң не болса  да төмен қарай өзін тастамаққа бекіген болатын… Бірақ ол ойын жиып үлгергенше мергеннің тікұшақтан атқан оғы кеуде тұсын шым еткізді. Бірден өне- бойы ысып сала берді… Аузынан бұрқ ете түскен қанды түкіріп жіберіп, тырмыса өрмелегенімен, дәрмені құрып, әлсірей берді… Жалма жан жеткен тәртіп сақшылары оның көз жанары алайып, ықылық атып жатқанын  бақылап қана үнсіз тұрды. Бұл сәтте Гена– Қорқақ сәл ғана жымиып жатты…Оның көз алдына  ту алыстан мұнартып жеткен  өміріндегі  ең жақын  жандардың  бейнесін анық көрінген еді…

                                                     **********

Келесі тәулікте қалалық  полиция бөлімі журналистерге баспасөз мәслихатын өткізіп жатты…Бірнеше сериялы ауыр қылмыстардың ашылғанын, екі бірдей қауіпті рецидивтің көзі жойылғанын  жария еткен болатын….Бірқатар жедел топ қызметкерлердің дәрежесі көтерілді. Алайда тұман торлаған қала  ауыр күрсініп жатқан еді…

                                                             Арман ЖУСАНБАЙ

ӘЗ-НАУРЫЗДА ТӨГІЛГЕН НӘРЕСТЕНІҢ БЕЙКҮНӘ ҚАНЫ

«Счастье всего мира не стоит одной слезы на щеке...

Қаралы сырлар

Кешкі сағат сегіздер шамасы. Аспанды көмкерген қалың бұлттанба, жоқ...

ҚОРҚАУЛАР

...Елді қарық қылмай, сананы сансыратқан нарық заманы қысқан сәтте,...

Риэлторы

Эта драматическая история произошла осенью в начале 2000-х. Группа...

САБЫР ИЗ «УБОЙНОГО»

ВЫСТРЕЛ У ПОДЪЕЗДА Время на панели автомобиля высвечивало 05.10,...