12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әскери қызметшілердің қылмыс жасауының алдын алу

Әскери қызметшінің қылмыс жасауының алдын алу сөз болғанда оның жауапкершілігі туралы да ұғым қатар жүреді. Өйткені әскери қызметші күзетіп тұрған нысанын тастап кетсе де бұл қылмыс ретінде бағаланады. Яғни оның жауапкершілігіне тікелей қатысты. Ал қарапайым маман ұстаз немесе дәрігер жұмыс орнын тастап кетсе оның жауапкершілігі дәл қылмыстық іс ретінде қаралмасы анық. Сондықтан әскери қызметшіге қойылар талап та жоғары, жауапкершілігі де биік деуге болады.

Өткенжылы шілде айында нақ осы әскери қызметшілердің қызметтік орындарын тастап кету бойынша заңға тиісті өзгерістер енгізілген болатын. Адам өміріне қауіп төніп тұрған кезде немесе оның мүлкіне шабуыл жасау кезінде әскери қызметшілердің өз орнын тастап кетуі, өз өкілеттігін пайдаланбауы бойынша Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізілді. Ондай басшылардың қылмыстық жауапкершілігі көрсетіледі. Ол бұған дейін де болған, алайда енді  нақты бап енгізілді. Олар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Жақында Отарда Гвардейск гарнизонында жаңадан әскерге шақырылған жастарға өнеге, сабақ болсын деген ниетпен және профилактикалық ролін арттыру мақсатында ашық түрде сот отырысы өтті. Әскери қызметшінің қылмысқа ұрынуының алдын алу мақсатында ұйымдастырылған аталмыш шараның жастарға берері көп болғаны сөзсіз.

Жалпы әскери полицияның міндеті, құзыреті, құрылымы, өкілеттігі, өзара іс-қимыл жасауы өзгертіліп, функциясы заңмен бекітілу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әскери полиция органының әлеуетті ведомствоға қатысы, бағыну тәртібі, олардың өзара және басқа да меморганмен іс-қимыл жасау тәртібі реттелуде. Жалпы соңғы жылдары «Қылмыстық процестік кодекске әскери қызмет туралы», «Қорғаныс және қарулы күштері туралы», «Құқық бұзу профилактикасы туралы», «Адамдарды арнайы мекемеде, әуежайда ұстау тәртібі» туралы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілу үстінде. Заң жобасында Қылмыстық процестік кодекске редакциялық өзгеріс енгізіліп, төтенше жағдай әскери қызметшісінің тергеуде болуы туралы нормамен толықтырылып жатыр. Мұның барлығы әскери қызметшілердің жауапкершілігін айқындап, қылмысты болған жағдайда әрекетін айқындау үшін маңызды шаралар.

Әскер қатарында қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау, олардың алдын алу — қазіргі таңдағы басты міндеттердің бірі болып отыр. Осыған орай,  әскери қызметшілерге түсіндіру жұмыстары барысында Қазақстан Республикасы қылмыстық және әкімшілік кодексінің негізгі баптары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысының талаптары  жан –жақты алдын ала түсіндіріледі. Елімізді қорғау саласына өз үлестерін қосып жүрген әскери қызметшілер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтарға жол бермеу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызы зор!

Амеркенова Айнур Бахитжановна, Алматы гарнизоны әскери соты кеңсесінің бас маман-сот мәжілісінің хатшысы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...