12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

БАНКТЕР БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУҒА ҚҰЛЫҚСЫЗ

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев II деңгейлі банктердің ел экономикасының дамуына белсене араласпауын сынға алды. Спикер сөзінше, 56%-дық көрсеткішке дейін кредит беру рұқсатының арқасында, банктер тәуекелі жоғары шағын және орта бизнестен (ШОБ) гөрі, жеке тұлғаларды несиелендіруді дұрыс санайды.

Депутаттың дерегі бойынша, 2010 жылы банктердің кәсіпкерлерге инвестиция құюы жалпы ішкі өнімнің 25,1% пайызын құраса, 2022 жылы құйылған инвестиция ЖІӨ-нің бар болғаны 8,4% құраған. Салыстырмалы талдау көрсеткендей, Қазақстанда бұл көрсеткіш көршілес ТМД елдерінен айтарлықтай төмен. 

ҰЛТТЫҚ БАНК СТАТИСТИКАСЫ

Десек те, банктердің қоржын түбінде сүрленіп жатқан 2,3 триллион теңге көлеміндегі артық қаражаты бар. Оны іске жарату, кәсіпкерлерге инвестиция ретінде тарту, мәжілісмендердің бүгінгі сұрауы болып отыр. Депутат сөзін тыңдай келе екінші деңгейлі банктің ісін шынымен сынға алуға болады. Қолында ат басындай алтын бола тұра, көмекке неге ұмтылмайды деген сауалдың туындауы да орынды. Оның үстіне тегін бер деген ешкім жоқ, кәсіпкерге кәсібін дөңгелеткенше бере тұрсаң, пайызымен кейін қайырып бермей ме? Бірақ та таяқтың екі ұшы бар демекші, бұған алып келген себептер жетерлік. Соның бірі, Ұлттық банк жүргізіп отырған қаржы саясаты. Ұлттық банк әзірге, инфляцияны түсірем деген өз мақсатын орындау үшін айналымға ақша шығарғысы жоқ. Мысалы, 2010 жылы Ұлттық банктің базалық ставкасы 7%-ды құраған еді. Әрине сәйкесінше кәсіпкерлер де тиімді пайызбен несие көп алған. Ал 2022 жылы базалық ставка 16%-ға бір-ақ көтеріліп, біраз кәсіпкерді шошытқанын ұмытпауымыз керек. Бұл туралы бүге-шүгесіне дейін Freedom Holding Corp-тың негізін салушы Тимур Турлов жақсылап баяндап берді. «Бизнесті несиелеу ІІ деңгейдегі банктерде неге аз, өйткені бұны біріншіден Ұлттық банк қаламайды. Айналымдағы ақшаның тым көптігі инфляцияның жоғарылауына алып келді. Бізде онсыз да инфляция жоғары. Ал теңгені қайта нығайту үшін, айналымдағы артық ақшаны сүзіп, жинап алу керек. Демек, бұл кредитті азайтып, депозитті көбейту деген сөз. Ұлттық банктің базалық ставканы 12%-дан 16%-ға көтеру себебі де сол. Тіпті, мына біздер, ІІ деңгейлі банктер өз шығынымызды қоспай несие берсек те, Ұлттық банктің 16% ставкасы еш жоғалып кетпейді. 16%-дық несие кәсіпкерлер үшін өте көп. Кәсіпкерлердің бәсекеге қабілетті болуы үшін ІІ деңгейдегі банктің өзі 10%-дан кем несие беруі керек. Мысалы, алдыңғы қатарлы мемлекеттерде ІІ деңгейлі банктер кәсіпкерлерге 6%-дық несие береді. Өйткені, олардың І деңгейлі банктерінің базалық ставкасы өте төмен, не мүлде жоқ. Мысалы, 100 млн теңге несие алған Қазақстандық кәсіпкер үстіне кемі 16 млн теңге қосып қайтарса, Германия кәсіпкері бар болғаны 6 млн теңге ғана қосып береді. Қазақстан моделіндегі несиені кім алғысы келеді және алған күннің өзінде қайтаруға қауқары жете ме?»

ДЕМЕК, ЖОБАЛАР БІР-БІРІНЕ ҚАРАМА-ҚАЙШЫ КЕЛІП ТҰР…

«Иә, логика қайда? Бір жағынан кәсіпкерлерге ақша керек, беріңдер дейді, екінші тұстан инфляцияны реттеу үшін айналымға ақша шығармау шараларын қолданады. Әрине банкте жиналған қор бар, дегенмен ол қор айналымға түссе, бұл экономикаға үлкен соққы болмақ, өршіген инфляция өз ізін қалдырмай өтпейді». Осы тұста енді Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев кәсіпкерлерге қатысты банктерді ШОБ-ты қаржыландыру үшін ынталандыру мүмкіндігін қарастыру; сондай-ақ, бизнесті несиелендіру көлемін ұлғайту үшін шектеулерді қайта қарау керек деп ұсыныс тастап отыр. Ал жеке тұлғаларды несиелендіруге келетін болсақ, ШОБ жағдайына қарағанда керісінше, несилеу көрсеткіші тым жоғары. Ұлттық банктің мәліметінше, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаларға берілген несиелер 16,2 трлн теңгеге өсті, 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жеке тұлғаларға 11,5 триллион теңге тұтынушылық несие берілген. Салыстырмалы түрде 2010 жылы жеке тұлғаларға берілген несие көлемі тек 7592 млрд теңгені құраған. Қарапайым тілмен ол кездегі несие сомасы бүгінгінің пұшпағындай ғана. Әрине инфляция өз әсерін берді, дегенмен шектік кредиттік пайыз туралы заңның 2012 жылы өзгеріске ұшырауы, жеке тұлғаларға несие беру, заңды тұлғаларға қарағанда оңтайлы болуы, жаппай несие алу тенденциясын алып келді. Депутаттың сөзінше аталмыш тенденция кесірінен елімізде 2023 жылдың есебі бойынша 10 млн-ға жуық қарыз алушы болса, соның ішінде 2 млн-нан аса берешек иесі «мәселелі» несие алушы қатарына енген. Тіпті, бүгінде несиесін несиемен жауып, күнелтіп жүргендер қатары да аз емес. Өйткені, банктер жеке тұлғаның төлем қабілеті мен кредиттік тарихына енжарлықпен қарап келген. Осыған байланысты Тимур Турлов келесідей пікір айтты: «Қазақстандық тұтынушылық несиелеудің жоғары болуы, менің болжауымша бірнеше нәрсеге негізделеді. Біріншіден, өндіріп алудың тиімді жүйесі. Екінші, төмен қаржылық сауаттылық. Үшіншіден, Ұлттық банк рұқсат еткен ең жоғары маржаның 56% жоғары мөлшерлемесі. Несиелеуге келсек, бұл барлық адамдар үшін де және реттеушілер үшін де өте мөлдір процесс. Сондықтан, жалпы есеп беру сапасына күмәнданудың қажеті жоқ. Жеке тұлғалар, естеріңізге сала кетсем, шартты түрде 2018 жылға дейін Қазақстанда өркендеген (payday loan микроқаржы ұйымдары) олар жылдық 700-800%бен несие беріп, ақшаны ыстық тоқаштай таратқан еді. Микроқаржы ұйымдардың ұсынған несие, әрине арзан сияқты. Дейтұрғанмен, сол халықтың қаржылық сауатсыздығы ның кесірінен резонанс туды. Егер біз қазір эмоциялардан алшақтап, шартты түрде статистикада тұтынушылық несиенің енуін қарастыратын болсақ, Қазақстанда меніңше, тұтыну несиесі бойынша мәселе айтылып жүргендей өткір емес. Бізде мысалы корпоративтік несие мүлдем жоқ, тұтынушылық несиелеу тұтастай алғанда төмен. Егер төлей алмай жүрген жеке тұлғаларды алсақ, олардың басым бөлігі несиелерін алғанымен, шындығына келгенде қайтарғысы келмейтіндер. Мәселе сонда деп ойламын». Ал 56%дық шекті көрсеткішті төмендету жайында не айтасыз, ІІ деңгейдегі банктерге бұл қалай әсер етеді? «Шыны керек, бізге келіп-кетері жоқ. Өйткені, нарықта 56%-бен несие беріп жатқан банк жоқ деуге келеді. Банктер бәсекелестігі тұтынушылар үшін барынша оңтайлы орта қалыптастырды. Қазіргі несие пайызы Ұлттық банктің 16%-ымен қоса есептегенде 20-30% төңірегінде. Ал қазіргі шекті 56%-дан, 40%ға түсіру ұсынылып жатқандықтан, ұтылатын ешкім жоқ». Әрине, осы тұста әркімнің өз шындығы бар. Мәселеге қатысты ендігі Мәжіліс депутаты, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Тимур Сүлейменовке мәселеге қатысты келесідей ұсыныстар тастады: Жеке тұлғаларға қатысты азаматтар несиелерін қайтармау мерзімі 90 күннен асатын болса, оларға тұтынушылық несиелер мен микрокредиттер беруге тыйым салу; ресми табысын растаусыз 21 жасқа толмаған тұлғаларға тұтынушылық несиелер беруді шектеу; Және жалпылама жылдық максималды мөлшерлемені 56%-дан төмендету.

Нұрбол ЖЫЛЫС, «Заң газеті»

Электросамокаттар көлікке теңестіріледі: Жаңа ереже не береді, не шектейді?

Қазақстан қалаларында электросамокатқа міну күнделікті көрініске айналды. Бірі оны кептелістен құтқаратын ыңғайлы көлік деп санаса, енді бірі жаяу жүргінші үшін қауіпті құралға айналды деп есептейді. Соңғы жылдары жол-көлік оқиғаларының артуы, тәртіпсіздік пен жауапсыздық қоғамда қызу талқыланып келеді.

2026 жылы табысты қалай дұрыс декларациялау керек?

2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке табысты декларациялау тәртібі бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Мемлекет қаржылық ашықтықты арттыру мақсатында азаматтардан табыс көздерін заңды түрде көрсетуін талап етіп отыр.

Олимпиада-2026: Жеңімпаз спортшыға қанша сыйақы беріледі

7 ақпанда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары басталды. Жарыстардың басталуымен бірге қазақстандық спортшылардың сәтті өнері үшін мемлекет тарапынан қарастырылған сыйақы мөлшері де белгілі болды.

Алматыда ақылды көлік жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде

Алматыда цифрландыруды дамыту және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2026 жыл елімізде ресми түрде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды.

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.