Жыл сайын Петропавл қаласының әйелдер колониясында сотталған әйелдер арасында «Мекеме аруы» байқауы өтеді. Өткен жылдары іс-шара «Мисс Пампушка», «Супер келін» және «Қар ханшайымы» форматтарында өткізілді. Бұл жолы байқау классикалық форматта өтті, осылайша қатысушылар өздерінің шығармашылық әлеуетін шектеусіз толық көрсете алды.
Байқау 4 кезеңнен тұрды: «таныстыру»,» дефиле»,» шығармашылық байқау» және «зияткерлік викторина». Алты қатысушы қазылар алқасын таңқалдыру және басты титулды алу мақсатында бір ай бойы оған қарқынды дайындалып, костюмдер, реквизиттер мен портфолиоларды өз қолдарымен жасады. Айта кетейік, қазылар алқасының құрамына №48 және №66 мекемелер бастықтарының орынбасарлары, қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері және ҚАЖ Департаментінің сотталғандармен тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы шақырылды.
Қазылар алқасының мүшелерін өзінің ерекше киімімен №4 қатысушы Серимбетова Гүлбаршын таң қалдырып, «Мекеме аруы-2023» атағын алды. Жалпы салмағы 40 келі болатын ұлттық стильдегі көйлек, камзол және сәукеле жасауға А4 қағазының шамамен 1200 парағы, синтепон және бірнеше метр мата жұмсалды. Гүлбаршын атап өткендей, көйлек жақтауын жасау кезінде сыммен жұмыс істеу ең қиын болды. Екінші көйлекті қатысушы жасақтың қыздарымен бірге қолмен ойылған 3000-ға жуық көбелекпен безендірді.
«Мен мақсатыма жетіп, мекеме аруы болғаныма өте қуаныштымын. Мен мұнда небәрі 3 ай болғаныма қарамастан, бүгін мен залдың үлкен энергиясын сезіндім. Барлық қыздар маған қолдау көрсетіп, билеп, тіпті плакаттар дайындады. Мен мекеме қызметкерлеріне, әсіресе маған көмектескендердің барлығына өте ризамын. Әрине, қиындықтар болды, әсіресе көйлектің жақтауы мен төменгі бөлігін жасау кезінде. Сондай-ақ, реквизит ретінде біз еліміздің туында бейнеленген бостандық символы бүркітті жасадық. Екінші костюм жасау оңайырақ болды, бірақ 3000 көбелекті кесіп, олармен көйлек пен аяқ киімді толығымен безендіруге тура келді», – дейді байқау жеңімпазы.
Бірінші орын үшін Гүлбаршынға көптен күткен тәжі табысталды. Қалған қатысушылар да назардан тыс қалмады және әртүрлі номинациялар бойынша марапатталды.
«Бүгінгі «Мекеме аруы-2023″ іс-шарасы адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру, әйелдік эталонын сіңіру, бос уақытты пайдамен өткізу және дайындық барысында жасақтарды біріктіру мақсатында өткізілді. Сотталғандар бір ай бойы дайындалды, біз бұған куә болдық. Олардың әрқайсысы қазылар алқасы мен шақырылған қонақтарды таң қалдырып, өз әлеуетін көрсете алды», — деді әйелдер колониясы бастығының орынбасары Оксана Вышар.