Қызылорда облысының 1-курс студенттері Қостанай академиясымен танысты

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны Мирамбек Ұзақұлы, Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінің заң және құқық факультетінің 1-курс оқитын білім алушыларымен кздесті. Шараның басты мақсаты — ІІМ Ш.Қабылбаев  атындағы Қостанай Академиясына оқуға түсу талаптарын айту.

Студенттер назарына жоғары оқу орны ҚР ІІМ Қостанай академиясына оқуға түсу алгоритімін түсіндірді. Академияға қабылдау Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша берілген мемлекеттік сертификаттың балдарына сәйкес медициналық, физикалық және психофизикалық көрсеткіштер бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Курсанттар академияда оқудың барлық кезеңіне киім-кешекпен, жатақханада тұрумен, тамақтану жəне мемлекеттік шəкіртақымен қамтамасыз етіледі. Академияның күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген тыңдаушыға «әділет  лейтенанты», «полиция лейтенанты» атағы беріліп, түлектердің әр қайсысына алған мамандығына сай қызмет орны ұсынылады. Сондай-ақ, қазіргі оқып жатқан оқуларын Қостанай академиясында үш жыл жалғастырып оқитындарын, сонымен қатар,  Қостанай академиясына қабылданып жатқан түлектер базасының кеңеюііне байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатқандығын айтты,-  кадр саясаты тобының маманы.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Мөлдір Жолдасбекқызы

АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Абай университетінде «Мектеп және жоғары оқу орнындағы білім берудегі...

Грантқа құжат қабылдау басталды: Шекті баллдар қандай? 

Қабылдау науқаны аясында ауыл жастары мен әлеуметтік осал топтарға арналған мемлекеттік квоталар қарастырылған.

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Абай университетінде 2026-2027 оқу жылына арналған қабылдау науқаны басталды....

ҚазҰУ мен Журналистика академиясы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Әл-Фараби атындағы Қазақ...

Түлектерден университетке тағылымды тарту

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінде Түлектер күнін ауқымды мерекелеу...