12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот жүйесіндегі жаңашыл ақпараттық технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауи технологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды іс қағаздарын жүргізуге және сот ісін жүргізуге ауысу бойынша үлкен жұмыстар атқарып келеді.

Қазір күнделікті сот тәжірибесінде соттар IТ-технологиялар мен ғаламтор ресурстарының мүмкіндіктерін көбірек пайдалана бастады. Себебі ол сот төрелігін жүзеге асыру процесін жеңілдетіп, оңтайландырады және автоматтандырады, ең бастысы, халықтың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Осы орайда күнделікті жаңартылып отыратын соттардың ресми сайттары, халыққа қолжетімді «Сот кабинеті» , « Сот құжаттарымен танысу» , «Сот істерін қарау кестелері» , «Сотқа шақыру қағазы» , « SMS-хабарлама», «Дыбыс-бейнеге жазу» жүйелері халыққа электронды қызметті тиімді көрсетіп отыр.  Соттарда заманауи технологиялар дамудың қарқынды шегіне жетті десек те болады. «Төрелік» , «Сот кабинеті» секілді электрондық ақпараттық сервистерінде халыққа қызмет көрсету тетіктері ұлғайды. Сонымен бірге, соттарда халыққа ақпараттық кеңес беру мақсатында WhatsApp нөмерлері мен Телеграмм-бот каналдары іске қосылды.

Бүгін сот саласында енгізілген ақпараттық технологиялар соттардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, халықпен кері байланыс орнатуда жоғары көрсеткіштер көрсетіп, жұмыс сапасының артуына септігін тигізді. Электронды сот төрелігі жайлы әңгіме бастау алғанда, әрине азаматтардың уақытын максималды түрде үнемдете білген, талап арыздар мен шағымдарды электрондық түрде беру, құжаттар көшірмелерін алу және іс материалдарымен танысу мүмкіндігін көздейтін «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесін айтпасқа болмас. Бұл жүйе өз кезегінде соттардың ашықтығы мен жариялылығының айқын көрінісі болды десек қателеспеспіз. Сондай-ақ, соттардың ашықтығы мен жариялылығының тағы бір көрінісі ретінде ҚР Жоғарғы сотымен енгізілген бірқатар электронды қызмет көрсету түрлерін атап өтуге болады. Олар, біріншіден күнделікті жаңартылып отыратын соттардың ресми сайттары болса, екіншіден халыққа қолжетімді «Сот құжаттарымен танысу», «Сот істерін қарау кестелері», «Сот кабинеті», «Сотқа шақыру қағазы», «SMS-хабарлама», «Дыбыс-бейнеге жазу» жүйелері танылады. «Сот құжаттарымен танысу» сервисі электрондық сот құжаттарын қарауға арналған. Кез-келген сотқа қатысушы жақ өзіне қажетті құжатты, сотпен жолданған логин мен құпия сөздерді теріп, көре алады. Бүгін заманауи мобильдік ғасыр болғандықтан, сотқа шақыру қағазын табысты түрде алмастыра білген SMS-хабарламаны жолдау өте ыңғайлы. Бұл жүйе әрине пошта шығыстарына бөлінетін бюджеттік қаражаттарды үнемдеуге оң әсерін берді. Ал осы аталған сервистердің ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға, бюрократтық кедергілерді жоюға, соттардың ашықтығының бірден-бір дәлелелі танылатын сот отырыстарын аудио-бейне жазба құралдарымен түсіріп алу жүйесі қарқынды қызмет көрсетуде.

Сот жүйесіне енгізілген барлық ақпараттық-инновациялық технологиялар азаматтар мен заңды тұлғарлардың сот қорғауына өз құқықтарын барынша ашық және ыңғайлы іске асыруға мүмкіндік береді.

Қызылорда қалалық соты

 Сот кеңсесінің бас маманы — сот отырысының хатшысы

Жетпісбайұлы Ерлан

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...