spot_img
spot_img

Судьялық  әдеп кодексінің ерекшеліктері

Судьялардың Әдеп кодексі әрбір судьяның  жұмыс үстелінде тұратын ерекше маңызды  құжат. Судьялардың әдеп кодексінің  қағидаларын қоғам талабына  сай  жетілдіру басты  міндеттерінің  бірі болып  табылады.

Мемлекет мүддесі  үшін  қызмет атқаратын  судьялар осы  кодексте  көзделген міндеттер,  күнделікті өмірде, қызметтен тыс уақытта моральдық, этикалық әдеп нормаларын сақтауы қажет. Судья мәртебесі Елбасының 2000 жылғы 25 желтоқсанда қол қойған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының  мәртебесі туралы» Конституциялық заңымен белгіленген баршаға  аян. Мәселен,  судьяның жоғары мәртебесі мен  жауапкершілігі  Судьялық Әдеп кодексінің 1- бабында көрініс  тапқан. Судья қашанда антына берік болуға, қоғамдық қызмет пен тұрмыстық жағдайда кез келген әрекеттерді жүзеге асырған кезде, әдепсіз жүріс-тұрыстың  көріністеріне жол бермей, судья лауазымының  жоғары  мәртебесіне лайық болып, әдеп  нормаларын мүлтіксіз сақтауы тиіс. Судьяның жоғары мәртебесіне  байланысты сот төрелегін  іске асыруда  оның мінез-құлық қағидалары бекітілген.  Мысалы, судья сот  отырысын  жүргізудің  жоғары мәдениетін  қамтамасыз етуге,  өзің лайықты, әдепті ұстауға  және процеске  қатысушылардан  сондай қарым- қатынасты  яғни, сотты  құрметтеуді талап етуі тиіс.

Судьяның сот қызметінде бұқаралық ақпарат  құралдарымен  өзара  байланысу  мүмкіндігіде  көрсетілген. Судья, өйткені тілшілердің  көмегімен көпшілікке  соттарда не  болып жатқаны немесе  қандай шешімдер   қабылданғаны  туралы ақпарат    бере алады. Бұл  жұртшылықтың  алдында сот  төрелігінің  беделін арттыруға  ықпал етеді. Әділ сот билігін  атқаруға құзыреттілік  берілген кешегі  өткен билерде, қазір  судьялар  да  халықтың  мұң-мұқтажын, талап тілегі мен  шағым  өтініштерін тындап,  шыңдықты жақтап, өзі өмір сүрген қоғамның әділдік  ұстанымдарына қызмет етіп келеді. Олардан кәсіби ерешеліктеріне  қарай  заңдарды, елдің салт-дәстүрі, жөн-жоралғыларын жақсы біліп қоймай, қоғам  алдындағы  жауапкершілігін терең сезініп,  қабілетімен, қадір-қасиетімен де үлгі өнеге көрсете білуі талап етіледі.

Судьялардың әдеп кодексінің  қағидаларын қоғам талабына сай жетілдіру – басты  міндеттердің  бірі. Судьялық әдеп кодексі судьялар корпусының  казіргі құрамын кәсіби және  адами- әдеп жағынан нығайтудың құралы болуы тиіс. Халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам —  ең дамыған қоғам  болып табылады. Сондықтан, биліктің  үшінші тармағы – сот жүйесі, сенімге селкеу түсірмеуі тиіс.           

Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының сотының судьясы Ж.Х. Жапарова 

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...