12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Этикалық кодекс судьяларды адалдыққа міндетейді

Сот этикасының бірінші кодексін Судьялар одағының Бірінші съезі 1996 жылғы 19 желтоқсанда қабылдаған. Кодекс не бары 7 баптан тұрады, судьялардың этикалық тәртібінің   көптеген қырларын қамтымады. Соның нәтижесінде Судьялардың үшінші съезінде Кодекске толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Қазір қолданыстағы кодекс 2009 жылы Судьялардың бесінші съезінде қабылданған, онда судья тұлғасына қойылатын адамгершілік талаптар, судьяның кісіптік қызмет және қызметтен тыс қызметін жүзеге асыру қағидалары, сондай-ақ судьяның көрсетілген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілігі айтылады.               

Анағұрлым жоғары жаңа талаптарды қанағаттадыратын Этикалық кодексті қабылдау туралы шешім «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында бекітілгені белгілі.                                                  

«Этикалық кодекс жобасы 5 бөлімнен және 33 баптар тұрады. Онда «Судьяның тәртібінің этикалық қағидаттары», «Судьяның кәсіптік міндетерін атқару кезіндегі тәртібінің этикалық қағидалары», «Судьяның отбасындағы және тұрмыстағы тәртібінің этикалық қағидалары» сияқты бөлімдер көзделген. Судьялардың қызметтен тыс жағдайдағы байланыстардыназар аударуға лайықты.                                                                                    

Судья алғаш рет қызметіне кіріскенде «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 32-бабында айтылған антты қабылдайды: «Өз міндеттерімді адал және абыройлы атқаруға, сот төрелігін Қазақстан Республикасының Конститциясы мен заңдарында ғана бағына отырып жүзеге асыруға, судья ретіндегі борышым міндеттегендей бейтарап және әділ болуға салтанатты түрде ант етемін» Ант беру Қазақстан Республикасы Президентінің судьяны тағайындау туралы Жарлығы шыққаннан кейін облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларының жиналысында өтеді. Судья өзінің антына адал болуға міндетті. Судья қызметтік әрекетінде, сондай-ақ пікірталасқа қатысу кезінде заңның үстемдігін, заңдылық пен судьяның тәуелсіздік қағидаттарын қорғауы тиіс. Сонымен бірге, судья тиімділік, орындылық қағидаттарына заңдылықты қарсы қоймауға тырысуы керек. Судьялардың тәуелсіздік қағидаты деп сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның ешкімге бағынбайтындығын, соттың қызметіне сырттан және іштен араласуға жол берілмейтіндігін, яғни сотқа басқалардың ықпалына жол берілмейтінгін түсіну керек. Бұған қарсы тұру – судьяның тікелей міндеті.                    

Кодекстің нормасы судьяға кез келген қызметте, судьяның жоғары атағын алып жүрген барлық кезенде дұрыс міңез-құлық міндетін жүктейді. Бұл белгі бір мәселе бойынша сөйлеген кезде, сондай-ақ тұрмыстық жағдайларда, қоғамдық орындарында өзіңіздің әрекеттерінің бен міңез-құлқыңызды әрқашан бақылау қажеттілігін білдіреді.                                            

Судья билік тармағын білдіретінін әрқашан есте үстауы керек, сондықтан басқа адамдардың ол туралы пікірі жалпы алғанда орган ретінде  сот туралы пікірмен барабар. Судьяның теріс мінез-құлқы, эмоционалды ойланбай сөйлеуі, сот билігі туралы теріс пікір қалыптастыруы, сот төрелігінің беделін төмендетуі және судьяның абыройына нұқсан келтіруі мүмкін.                                                                                            

Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының  судьясы

А.Т. Жуванышева

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...