Сотталғандарға психологиялық тренинг өтті

06.09.2023 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде сотталғандарға психолог мамандар тренинг ұйымдастырды.  №68 мекемесінің психологтары  Айзат Мырзалы  мен С.Омарбек  жазасын өтеушілермен «Менің бостандықтан кейінгі өмірім», «Менің болашағым» тақырыбында жұмыс жүргізді.

Сотталған азаматтардың өмірге деген көзқарасын дамыту, олардың өздеріне деген сенімділікті нығайтуға бағыт – бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған тренингте психолог мамандар  сотталғандармен  психологиялық жаттығулар мен  психодиагностикалық зеттеу жұмыстарын жүргізді. Жазасын өтеушілер  тренингке белсенділікпен қатысып, өз ойларын ортаға салып, жасаған қателіктеріне өкініп, бостандықтың қадірін кеш түсінгендерін жеткізді.

 «Бүгінгі өткізілген тренингтен кейін, бойымда өз-өзіме деген зор сенімділік пайда болды. Біз сияқты жаза басып, жаңылған азаматтарға осындай тренингтердің берері мол.   Алға қойған мақсатыма жету жолында барынша еңбектеніп, талпынып, отбасыма, айналама пайда келтірер азамат болуға деген сенімім артты»,- есептегі сотталған.

«Сот үкімімен мекемеге жазасын өтеуге жіберілген әрбір азаматпен келген күннен бастап үздіксіз жұмыс жасаймыз. Психологиялық көмек, түрлі тренингтер өткіземіз. Шалыс басып, темір торға тоғытылған жандармен психологиялық  жұмыстар жасау барысында өмірге деген көзқарастары өзгеріп, болашаққа сеніммен қарай бастайды. Бұл жерде жазасын өтеп жатқандардың да тағдырлары да әр түрлі. Көбіне абайсызда жол-көлік оқиғасын жасағандар жазасын өтейді. Мекемедегі жазасын өтеушілердің барлығына бірдей қарап, көмек көрсетеміз»,- дейді мекеменің психолог маманы Ақгүл Аманова.

Думать на поколения вперед: как опыт Китая перекликается с видением Токаева

Сегодня конкуренция между странами в сфере технологий становится всё...

Ұрпақтар болашағын ойлау: Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

Бүгінде әлем елдері арасында технологиялық бәсеке күшейіп келеді. Мемлекеттің...

Ақтөбеде конституциялық реформалар аясындағы жергілікті өкілді биліктің рөлі талқыланды

Ақтөбе қаласындағы С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада «Конституциялық...

Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин – қазақ даласына білім шырағын жаққан ұлы ағартушы

2026 жылы қазақ халқының ұлы ағартушысы, көрнекті педагог, жазушы...

Жемқорлықпен күрес – әділетті қоғамның негізі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына тұсау болатын, мемлекетке деген...