Астана қаласының ТИЗО-на қоғамдық бақылау өкілдері келді

Елордалық ҚАЖД бастамасымен Астана қаласы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің өкілі Марс Галеев, Ұлттық алдын алу тетігі қатысушылары тобының жетекшісі Жанар Досетова және Астана қаласы Прокуратура басқармасының аға прокуроры Дархан Мирашев тергеу изоляторына келді.

Іс шара барысында режимдік корпустарды аралау жүргізіліп, жаңадан келген адамдарға олардың құқықтары мен міндеттері қосымша түсіндірілді, қорғаушы мен адвокатты қамтамасыз ету мәселелерінде, сондай-ақ құқық қорғаушылардың араласуын талап ететін басқа да мәселелерде көмек көрсетілуі үшін ерекше көңіл бөлінді.

Сонымен қатар, сотталғандардың туыстары мен мекеме әкімшілігі арасында сенімді қарым-қатынас орнату, пенитенциарлық процеске «ашықтық» қағидатын енгізу мақсатында біз сотталғандардың туыстары үшін «Ашық есік күндері» ұйымдастырамыз, онда туыстар сотталғандарды ұстау жағдайларын өз көздерімен көре алады, ас мәзірімен танысып, тағамдарды дәмдейді.

Сотталғандар тарапынан да, қызметкерлер тарапынан да құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін ҚАЖ мекемелерінде тұтас бейнебақылау камераларының жүйелері орнатылды, олардан жазбалар нақты уақыт режимінде мекеменің қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін прокуратура органдарына, ҚАЖК және ҚАЖД-не шығарылды. Сотталғандар немесе қызметкерлер тарапынан кез келген бұзушылықтарға дереу шаралар қабылданады.

ҚАЖД бөлімшелеріне барып, біз сотталғандардың құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты барлық үй-жайларға, объектілерге «қоғамның көзімен» мониторинг жүргізу мақсатында мүмкіндігінше жиі бастамашылық етеміз. Департамент және мекеме әкімшілігі сотталғандар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдайды. Құқық қорғаушылардың жіберілген барлық ұсыныстарын біз дереу жою үшін шара қабылдаймыз. Соңымен қатар, бұндай іс-шаралар сотталғандардың туыстары өз жақындарына алаңдамауы үшін ұйымдастырылады, себебі, сотталғандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің бұзылуы, оларды ұстау жағдайлары, медициналық-санитарлық қамтамасыз ету, еңбекті ұйымдастыру, оқу және бос уақытын ұйымдастыру бөлігінде анықталмаған«, — деп атап өтті ҚАЖД бастығы Дәулет Рақымбеков.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...