Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот шешімдері, ұйғарымдары мен қаулылары, мүлікті өндіріп алу бөлігінде қылмыстық істер жөніндегі үкімдер мен қаулылар негізінде атқару құжаттарын міндетті түрде және уақтылы орындау, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда өзге де органдардың шешімдері мен қаулыларын орындау болып табылады.
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Мемлекеттік сот орындаушыларының құзыретіне қатысты атқарушылық құжаттарды соттар электронды форматта «Төрелік» АЖ мен АІЖО ААЖ арқылы Әділет департаменттеріне жолдап, ары қарай онда бекітілген қызметкер атқарушылық құжатты өндіріп алу санаты бойынша тиісті аумақтық бөлімге бөлуді жүзеге асырады.
Жеке сот орындаушыларының құзыретіне қатысты атқарушылық құжаттарды да соттармен электрондық форматта жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына жіберіледі, олар өз кезегінде атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында бөлуді жүзеге асырады, не өндіріп алушылардың арыздары бойынша соттар атқарушылық құжаттарды тікелей жеке сот орындаушыларына орындауға жібереді.
Тараз қаласының мамандандырылған
тергеу сотының бас маман-
сот отырысының хатшысы
Р.Манапов