ЖҮК КӨЛІГІНДЕГІ ЖАСЫРЫН ҚОЙМА ӘШКЕРЕЛЕНДІ

05.09.2023 жылы Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жедел бөлімшесі және 55 мекемесінің жедел бөлімі бірлескен жедел іс-шараларды ұйымдастырды. Нәтижесінде, сол күні 55 мекемесінің автокөліктерді тінтіп-тексеру бекетінде мекеменің өндіріс аумағына бояу жабдықтарын және ағаш өнімдерін әкелген “Газель”жүк автокөлігі тексерілді. Нәтижесінде бояу құйылған ыдысқа жасырылған 4 дана ұялы телефон, 5 дана қуаттағыш, ағаш ішіне кесіп салынған 3 дана ұялы телефон және 1 дана қуаттағыш табылып тәркіленіп алынған. Тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жинақталған іс-құжаттар бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін, Төлеби АПБ-на жолданды.


Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-ның баспасөз қызметі.

До 60 тысяч автокомпонентов будут производить в Костанае

Костанайская область наращивает промышленное производство и одновременно развивает инфраструктурные...

Виртуалды қауіптер тізбегі: Онлайн-алаяқтықтан басталып, дроперлік пен сталкингке ұласатын киберқылмыстар

Цифрлық технологиялар өмірімізді айтарлықтай жеңілдеткенімен, қылмыстық әлемді де жаңа...

Государственным служащим даны разъяснения

Государственным служащим Департамента внутреннего государственного аудита по городу Алматы...

АДАЛ АЗАМАТ-ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

Адал азамат- сөзі мен ісі үйлескен, ел мүддесін жеке...

Құрылтай және сот реформасы: әділетті қоғамға бастар жол

Ұлттық құрылтай қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, ел дамуының маңызды...