– Абдурасул Мақсұдұлы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» тарапынан атқарылған жұмыстарға көпшіліктің риза екенін жиі байқаймыз. Мұндай жетістіктің кілті неде?
– «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «коммерциялық емес акционерлік қоғамы, заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдерінің қызметін жүзеге асыру және электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №39 қаулысы негізінде құрылды. Корпорацияның жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі. Мемлекеттік корпорация – мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістің драйвері және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудағы басты құрал. Қызметіміздің басты құндылықтары: Біріншіден, қатардағы азаматтарды және қызметкерлерді, өзге команда өкілдерін де құрметтеп, мүддесін қолдау үшін заңнама шеңберінде әрекет ету. Екіншіден, көрсетілетін қызметтің барлық бағытында азаматтармен ашық диалог жүргізу. Үшіншіден, азаматтарға және қызметкерлерімізге адалдық. Төртіншіден, меритократия – әр топ мүшесінің қосқан үлесі мен жеткен жетістіктерін әділ әрі жан-жақты бағалау. Бесіншіден, әр уақытта жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін бірлесе әрекет етіп, командалық рухты көтеру. Алтыншыдан, өзара көмек пен сенім мәдениетін ұстану.
– Соның ішінде Алматыдағы филиалға жүгінетіндер көп болар? Халыққа қалтқысыз, жедел қызмет ету үшін қандай шаралар қолға алынып жатыр?
– «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы құрамына әкімшілік персонал, өндірістік басқармалар, 13 Халыққа қызмет көрсету бөлімі (8 аудандық бөлім, 4 мамандандырылған бөлім және 1 көші-қон қызметтері орталығы), 8 тіркеу және жер кадастры бөлімі және 8 әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі кіреді. Осы бөлімдерден бөлек ХҚО-лар мен МХҚО-лардың ғимараттарынан тыс жерлерде мемлекеттік қызмет көрсететін секторлар ұйымдастырылған. Мәселен «Smart-Point Almaty» Жібек жолы көшесіндегі 135 үйде орналасқан.
Ол басқа республикалардан келетін шетел азаматтарына қызмет көрсету үшін құрылған. Әдістемелікконсультациялық көмек көрсету үшін арнайы екі орталық жұмыс істейді. Сондай-ақ, мамандандырылған ХҚО-ның 5 секторы автосалондарда ашылды.
– Автокөлік иелеріне қызмет көрсететін орталықтар жұмысына кеңірек тоқталсаңыз. Халық арасында, авто ХҚО-дағы делдалдар мәселесі көп айтылып жатады…
– Алматы қаласында төрт мамандандырылған ХҚО бар. Сондай-ақ, қазіргі уақытта көлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметін онлайн, eGov.kz порталы арқылы және екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады. Қажетті мемлекеттік қызмет туралы 1414 бірыңғай байланыс орталығы және @kenes1414 Bot Telegram-боты арқылы білуге болады. Корпорацияның әлеуметтік желілерінде де жауап беріледі. Бүгінде автокөлік жүргізу куәлігін онлайн алуға болады. Бұл делдалдар жұмысына тосқауыл қойып, сыбайластықты жояды. Яғни, жүргізуші куәлігін алу үшін орталыққа барып, құжаттық фотоға түсу рәсімін азаматтар өзі атқарады. Сосын құжаттың пайдалану мерзімі аяқталғанда куәлікті электронды нысанда ауыстыра беруге болады. Жалпы, делдалдар мәселесі авто ХҚО мамандары үшін де келеңсіз құбылыс. Сақтандыру мекемелерінің атын жамылған делдалдар қызмет алушыларға жалған қызмет ұсынады. Оларға сеніп құжаты мен қаржысын берген азаматтар алданғанын кеш біледі. Сондықтан, азаматтарға ешқандай делдалға жүгінбеу керегін үнемі айтып отырамыз. Авто ХҚОдағы дауыс үдеткіш арқылы, қабырғалардағы тақталарға хабарлама жазу арқылы ескертіп отырамыз. Филиалдың өзіндік қауіпсіздік қызметі прокуратурамен, құқық қорғау органдарымен тығыз жұмыс істеп, делдалдардың қылмыстық әрекетінің жолын кесуге тырысуда. Айына бірнеше рет рейд жасалады. Бірақ, делдалдардан құтылу оңай болмай отыр. Біз мұндай келеңсіз құбылысқа тек азаматтардың көмегімен ғана тосқауыл қоя аламыз. Халық орталықтың таза, ашық жұмыс істейтініне сеніп, бөгде адамдардың қызметінен бас тартқанда ғана делдалдар келмеске кетеді. Еліміздің әрбір азаматы тек авто ХҚО ғимаратында құжат қабылдап отырған мамандарға ғана жүгінуі тиіс.
– Мамандарға жүктелер жауаптылық аз емес болар?
– Өзіңіз байқағандай, орталық қызметіне жүгінетіндер жыл өткен сайын көбейіп барады. Соған орай, біз де қатарымызға білімді мамандарды топтастырып, олардың біліктілігін көтеруге тырысамыз. Мамандар азаматтарға екі тілде ақысыз кеңес беріп, қайда, қалай жүгіну керек екенін түсіндіреді. Жүктеменің жоғары екеніне қарамастан, мамандар өзіне жүктелген үдеден шығып келеді. Айталық, биылғы жылдың алты айында жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу басқармасынан, заңды тұлғаларды тіркеу басқармасынан, Жер кадастры басқармасынан жалпы саны 1 554 507 мемлекеттік қызмет көрсеттік. Көмекті қажет ететін адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін ғимараттың бірінші қабатындағы жекелеген жұмыс орындары, бөлімдер пандуспен жарақтандырылған. Бұдан бөлек, мемлекеттік көмекті қажет ететін мұқтаж адамдардың үйіне барып 1 584 қызмет көрсетілді.
– Азаматтар қандай мәселе бойынша жиі орталыққа жүгінеді?
– Фронт-кеңселер арқылы көлікті мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу бойынша – 512 851, Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу бойынша – 261 307, азаматтарды құжаттандыру – 227 178, жүргізуші куәлігін беру – 159 516, Қазақстан Республикасында уақытша тұрушыларға ЖСН қалыптастыру – 69 790 қызметтері жалпыхалықтық сұранымға ие.
– Ал қызмет алу шы лардың пікірін, сұранымын, талабын қаншалықты ескересіздер?
– Біз үшін әр пікір бағалы. SMS хабарламаға жауап беру арқылы 1414 нөмірінен Experience жүйесінде көрсетілетін қызметті алушылардың 94 919-ы оң пікір қалдырған. Ал қызмет алушылардың 3 591-і теріс пікір білдірген. Қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында апта сайын филиал басшылығы Мемлекеттік қызмет агенттігінің Алматы қаласы департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, уәкілетті органдардың өкілдерін тарта отырып, азаматтарды қабылдайды және мемлекеттік қызмет сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша мамандарды оқыту жүргізіледі.
– Мобильді қосымшаға әлеуметтік қызметтердің енгізілгенінен хабарымыз бар. Оған халықтың көңілі тола ма?
– Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай операторы ретінде уәкілетті органдармен бірлесіп технологиялық шешімдерді пайдалану және сервистің жоғары деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі қазіргі заманғы үрдіс талаптарын үнемі басты назарда ұстап келеді. Оның негізгі түйіні мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға тікелей қатысты. Қазіргі уақытта қызметтерді ұсынудың неғұрлым оңтайлы бағытының бірі – екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) мобильдік қосымшасы болуда. Ағымдағы жылдың жеті айында туу және күтім, жәрдемақы тағайындау бойынша 8323 қызмет көрсетілді. Оның 21,3 % ЕДБ қосымшалары арқылы орындалған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен электрондық түрде алатын мемлекеттік қызметтер үлесін арттыру үшін ЕДБ қосымшалары ұсынылатын әлеуметтік-еңбек саласы қызметтерінің тізбесі кеңейтілді. Мәселен, мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілген жұмыс шеңберінде «Ақпараттандыру объектілері арқылы мемлекеттік қызметтер мен сервистерді көрсету жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыру туралы» бірлескен бұйрық бекітілді. Соның шеңберінде биылғы мамырдан бастап «Halyk Homebank» мобильді қосымшасының пайдаланушылары «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем тағайындау» қызметін алуға өтінім бере алатын болды. 12 мамырдан бастап Алматы қаласы бойынша жұмысынан айырылған азаматтардан төлем алуға 3925 өтінім түсті. Оның 97-сі ЕДБ қосымшасы арқылы берілді. Сонымен қатар, «Halyk Homebank» мобильді қосымшасына «Төрт және одан да көп баласы бар көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау» сервисі іске қосылды. Бұрын мұндай қызметті тұрғындар жергілікті Халыққа қызмет көрсету орталығы, «электрондық үкімет» порталы арқылы алатын. Қазір бұл қызметті смартфонның көмегімен каѕрі және halyq, homebank мобильді қосымшалары арқылы рәсімдеуге болады. Банкке барудың, арнайы шот ашудың қажеті жоқ. «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде қажетті деректерді көрсетіп, SMS арқылы өтінім жіберу жеткілікті.
– Мемлекеттік корпорация бірнеше саланың қызметін қатар атқарып отыр. Олардың қатарына жақында АХАТ саласы да қосылды. Өтініштерді қабылдауда қандай өзгерістер бар?
– 2023 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі функциялар Мемлекеттік корпорацияға берілді. Сол уақыттан бері филиалдың Азаматтық хал актілерін тіркеу басқармасы 11 359 мемлекеттік қызмет көрсетті. Жыл басынан бері ұсынылған 84 339 қызмет барысында тұрғындардың атын, әкесінің атын және тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерін жазуға өзгеріс, толықтыру мен түзету енгізу, өлімді тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерін жазуға өзгеріс тер, толықтырулар мен түзетулер енгізу, азаматтық хал актілерінің жазбасын қалпына келтіру, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, тууды тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жою бойынша сұраныс басым.
– Көші-қонға байланысты құжаттар қалай жүргізілуде?
– Көші-қон бөлімі 2018 жылғы 28 тамыздан бастап біздің филиал құрамына енген. Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетел азаматтары филиалдың бөлімдері арқылы «ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін беру және кері қайтарып алу» (электрондық цифрлық қолтаңба) және «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру» (ЖСН) бойынша жиі жүгінеді. Сондай-ақ, шетелдік азаматтар электрондық үкімет порталы арқылы ЭЦҚ көмегімен коммерциялық ұйымды тіркей алады, «еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту», «ҚР-да уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» қызметіне жүгінушілер көп. Бүгінгі таңда филиал басқа елдердің азаматтарына 102 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Ел Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен бекітілген қағидаға сәйкес, қабылдаушы тарап ішкі істер органдарын өздерінде болған көшіп келушілер туралы үш жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті. Шетел азаматының келуі туралы хабарлама 3 тәсілмен жүзеге асырылады: Жұмыс мақсатында келген жағдайда шетелдік азаматтар «еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту» қызметін алуға тиіс. Рұқсатты Қазақстан Республикасы визасыз келу және болу тәртібі туралы келісім жасасқан, Қазақстанда кемінде үш ай мерзімге визасыз болу мүмкіндігі бар Әзірбайжан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары алуға құқылы. Рұқсат алу үшін шетелдік азаматтың алғашқы өтініш берген кезде уақытша ЖСН, ұлттық паспорты болуы қажет. Жұмыс істеу мақсатында көшіп келушіге рұқсатты ресімдеу үшін ЖТС бойынша алдын ала төлем төлегені туралы түбіртек, мемлекеттік шекарадан өту туралы белгісі бар паспорт, таңдалған мамандық бойынша қызметіне кедергі келтіретін аурудың жоқтығын растайтын медициналық анықтама талап етіледі. Дактилоскопиядан және суретке түсуден өткені туралы анықтама, медициналық сақтандыру және жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған еңбек шарттың болуы да маңызды. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін барлық қажетті құжаттардың электрондық көшірмесін бекіту арқылы интеграцияланған ақпараттық жүйеде өтінім қалыптастырылады. Өзбекстан азаматтары ҚР аумағында 30 күннен астам, Тәжікстан, Әзірбайжан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения азаматтары 90 күннен астам болған жағдайда, шетелдік азаматтар ЭҮП немесе шақырушы тараптың орналасқан жері бойынша филиалдың аудандық бөлімдері арқылы «ҚР-да уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» қызметін алуға тиіс. Шетелдік азаматтарға отбасымен бірігу мақсатында, ҚР аумағында еңбек ету үшін, қазақстандық оқу орындарында білім алу үшін, қазақстандық медициналық мекемелерде стационарлық емдеуден өту үшін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін және миссионерлік қызмет мақсатында болған жағдайда біздің елде болуға уақытша рұқсат беріледі. Филиал арқылы құжаттарды тапсырған жағдайда жоғарыда аталған барлық қызмет нәтижесін СМС сілтемесі бойынша жүктеуге болады. Халыққа қызмет көрсету жөніндегі көші-қон бөлімінде жыл басынан бері 71 321 қызмет көрсетілді. – Мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсетуде оңтайлы әдіс, сервистерді енгізіп келеді. Одан халық хабардар ма? – Дұрыс айтасыз, корпорация халыққа қолайлы пилоттық жобаларды жиі тәжірибеге енгізеді. Соңғы жаңалықтар бейне ХҚО арқылы қызмет алумен байланысты. Бейне ХҚО – бұл ХҚО операторына бейнеқоңырау шалу арқылы мемлекеттік қызметті онлайн алудың жаңа тәсілі. Мұнда әрбір көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңба, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, туу туралы куәлік алу, жылжымайтын мүлік туралы мәліметтер (жылжымайтын мүлік пен ауыртпалықтың болуы), баланың тууы бойынша жәрдемақылар, жүргізуші куәлігін ауыстыру және басқа да көптеген белгілі қызметтерді өз бетінше қашықтан ала алады. Жеке куәліктер мен төлқұжаттарды ресімдеу үшін терминал іске қосылды. Енді сіз құжаттарды өз бетіңізше және тез алуға өтініш бере аласыз. Мұнда кезекті күтуге уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, көші-қон қызметкерінен тіркеуден өтудің, суретке түсіп, төлем үшін кассаға жүгірудің қажеті жоқ. Құжаттау терминалы бәрін бір жерде жасауға мүмкіндік береді. Адам құжат үшін сәтті фотосуретті өз бетінше таңдай алады. Процесс 10 минуттан аспайды. Алайда, қателіктер мен түсініспеушіліктерді болдырмау үшін өтініш берушіге көші-қон қызметінің қызметкеріне жүгіну қажет болады. Ол өтініштің, фотосуреттің және қолтаңбаның сәйкестігін тексереді. Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша Медеу аудандық ХҚО-да 2 терминал орнатылған. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Медеу аудандық ХҚО-сында цифрландыруға көшудің бір қадамы ретінде супер ХҚО форматы таныстырылды. Жаңа ХҚО аймақтандыру қағидаты бойынша жұмыс істейді және әлемдік стандарттарға сәйкес келеді. Сонымен, орталықта бірнеше аймақ бар – жылдамдық аймағы (10 минутқа дейін қызмет көрсету үшін), жайлылық аймағы (10-нан 20 минутқа дейін), байланыс аймағы (азаматтар мобильді қосымша арқылы қызмет ала алатын аймақ, ұялы телефондар орнатылған), қызмет көрсету үдерісіне ену аймағы, ХҚО-ның бейне көрініс арқылы қызметтерін алу кезінде құпиялылықты сақтауға арналған бейне кабиналар және жеке мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған аймақ. Сондай-ақ, жаңа ХҚО-да постаматтар орнатылған, олар арқылы клиенттер дайын құжатты кез келген уақытта ала алады. Постаматтар тәулік бойы жұмыс істейді, бұл жұмысбасты азаматтар үшін өте ыңғайлы. 2022 жылы Мемлекеттік корпорация blockchain инфрақұрылымын іске асырды. Банктермен және құрылыс компанияларымен бірлесіп Цифрлық ипотеканы іске қосты. Бұл әзірлеушілер мен сатып алушылар арасында онлайн сатып алу-сату процесін бастауға мүмкіндік берді. Осы ретте пәтер мен ипотекалық өнімді таңдаудан бастап, шарттарды тіркеуге дейінгі толық процесс цифрландырылды. Биыл Freedom Bank-пен бірлесіп, Мемлекеттік корпорация жеке тұлғалар арасында жылжымайтын мүлікті сатып алу-сатуды ресімдеу және онлайн-режимде тіркеу үшін платформа әзірледі. Бастапқы кезеңде пәтерді сатып алу-сату шарттары негізінде құқықтарды тіркеуді енгізу жоспарлануда. Сондай-ақ, BI Group құрылыс компаниясы жүйеге қосылды. Соған орай құрылыс салушылар мен сатып алушылар арасындағы сатып алу-сату процесі электрондық форматта жүруде. Осы жобаға қатысу үшін мәміле тараптарының өзекті электрондық сандық қолтаңбасы (ЭСҚ) болуы қажет. Тіркеуші орган мен мәміле тараптары арасындағы өзара іс-қимыл процесі жеке тұлғалардың (мәмілеге қатысушылардың) жеке басын биометриялық аутентификациялауды жүргізу жолымен бейне сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылады. Шарттар жасасу электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану жолымен тек қана электрондық түрде жүргізіледі. Ұйымдар платформасы жағында тексеру «Blockchain» технологиясын қолдана отырып, жылжымайтын мүліктің мемлекеттік мәліметтер базасы (ЖМ ММБ), жеке тұлғалардың мемлекеттік мәліметтер базасы (ЖТ ММБ), «Халықты тіркеу және құжаттандыру» тіркеу пункті (ХТҚ ТП), бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе (БНАЖ), диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі (ДНЭТ) ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жолымен жүзеге асырылады.
– Сұхбатыңыз үшін рақмет!
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Заң газеті»