Жетісу облысында науқасқа бірден төрт ота жасалды

Талдықорған қаласындағы облыстық кардиологиялық орталықта бір науқасқа бірден төрт ота жасалды.
Жүрегі ауырып, ауа жетпей демігіп, жиі шаршап қалатынына шағымданған 71 жасар науқас барлық қажетті медициналық зерттеу-диагностикалау шараларынан өтіп, кардиологтың кеңесіне жүгінген. Сол мезетте науқастың ауыр жағдайын көрген орталықтың кардиологтары мен кардиохирургтары тез арада шұғыл медициналық кеңес өткізіп, ота жасау үшін науқасты кардиохирургия бөліміне жатқызады.
-Жалпы екі жарым сағатта ашық жүрекке жасалған ота барысында жүректегі митральды клапан толықтай алынып тасталып, орнына биоклапан орнатылды. Трикуспидальды клапанға пластика және радиожиілік абляция қоса жасалып, жүректің құлақшасы тігілді. Бұл болашақта ұйыған қанның тамыр арқылы миға өтуі яғни, инсультті болдырмау үшін жасалатын әдіс, — деді орталықтың директоры Нұрсан Сұрашев.

Сәтті жасалған отадан кейін қазір науқастың жағдайы тұрақты және алдағы уақытта орталықтан шығуы жоспарлануда.

До 60 тысяч автокомпонентов будут производить в Костанае

Костанайская область наращивает промышленное производство и одновременно развивает инфраструктурные...

Виртуалды қауіптер тізбегі: Онлайн-алаяқтықтан басталып, дроперлік пен сталкингке ұласатын киберқылмыстар

Цифрлық технологиялар өмірімізді айтарлықтай жеңілдеткенімен, қылмыстық әлемді де жаңа...

Государственным служащим даны разъяснения

Государственным служащим Департамента внутреннего государственного аудита по городу Алматы...

АДАЛ АЗАМАТ-ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

Адал азамат- сөзі мен ісі үйлескен, ел мүддесін жеке...

Құрылтай және сот реформасы: әділетті қоғамға бастар жол

Ұлттық құрылтай қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, ел дамуының маңызды...