Түркістан облысына іссапармен ҚР ІІМ Алматы академиясының мамандары келді

Бүгін арнайы іссапармен Түркістан қаласына М.Есполатов атындағы Алматы академиясының маманы полиция майоры Әсем Қырғызбекқызы бастаған топ келді. Атап айтсақ, іссапармен келгендер қатарында кафедраның профессоры полиция полковнигі Майя Тоқсанова, аға оқытушы полиция майоры Жұлдыз Сидашева, ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Лейла Култемировалар бар.

Бұл мамандар Түркістан облысының барлық қала, ауданы әкімдерінің орынбасарлары, полиция бөлімдерінің басшылары мен басқа да тиісті органдарды қатыстыра отырып, облыс әкімдігінде кездесу өткізді.

Жиын барысында Түркістан облысы әкімдігінің жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу бойынша құрылған ведомствоаралық топпен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндамалар тыңдалды. Мәлімдемені Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Бегімхан Ахметов, Түркістан ҚПБ бастығы Бауыржан Жанаев жасады. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер талқыланды.

Сондай-ақ полицияның сервистік моделі бойынша қылмыстың орын алуы, себеп-салдары мен оны болдырмау жолдарын анықтауда қажетті дамыған елдердің әдістері ұсынылды.

Аталған мамандар 4 күн бойы Түркістан өңірінде сервистік полиция моделіне көшу жұмыстары бойынша жасалып жатқан жобалармен танысып, пысықтайтын болады.

Айта кететін жайт, Полиция департаменті бастығының тікелей қадағалауымен соңғы жылдары Түркістан облысында полицияның сервистік модельге көшуі, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жедел және дамыған әдістерді қолдануы, цифрлық технологияны меңгеруі, қылмыстардың азаюы мен тосқауыл қойылуы бойынша жүйелі жұмыстар іске асырылуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Государственным служащим даны разъяснения

Государственным служащим Департамента внутреннего государственного аудита по городу Алматы...

АДАЛ АЗАМАТ-ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

Адал азамат- сөзі мен ісі үйлескен, ел мүддесін жеке...

Құрылтай және сот реформасы: әділетті қоғамға бастар жол

Ұлттық құрылтай қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, ел дамуының маңызды...

Миранда ережесі: Конституциялық деңгейдегі жаңа құқықтық кепілдік

Адамның құқықтары мен бостандықтары – демократиялық және құқықтық мемлекеттің...

Мемлекеттік тіл – сот төрелігінің абыройы мен құқықтық мәдениетінің, ұлттық қауіпсіздік пен әскери рухтың негізі

Мемлекеттілік пен егемендіктің мызғымас діңгегі – мемлекеттік тіл. Қазақстан Республикасының...