12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жүйенің ашықтығы халықтың сотқа деген сенімін арттырады

Еліміз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап демократиялық қағидаларды ұстану, халықтың бостандығы мен құқығын қорғау мәселелерін ерекше назарда ұстап келеді. Сондықтан осы жылдар ішінде сот жүйесіне өте көп реформалар жасалды. Салаға енгізілген өзгерістердің барлығы дерлік ашықтық пен жариялылыққа негізделіп, сот жүйесіне халықтың сенімін арттыруға бағытталды. Бүгінде заманауи техникалық мүмкіндіктермен жабдықталған, демократиялық заңдылықтарды ұстанған,  түрлі реформалармен халықтың сұранысына сай бейімделген еліміздің сот жүйесі жұмыс істеуде.

 Елімізде енгізілген өзгерістердің кейбіреуіне тоқтала кетсек, «Төрелік» жүйесі сотта қаралатын істердің бірыңғай ақпараттық жүйесі. Ол еліміздің азаматтарының сот қызметіне ыңғайлылығын барынша қамтамасыз етуде. Ал Сот кабинеті электрондық ақпараттық қызметі арқылы сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімділік артып, саладағы сот ісін жүргізу жеңілдеді. Ең бастысы адам факторы араласпай көптеген сот қызметін онлайн алу мүмкіндігі артты. Еліміздің кез келген азаматы, заңгер немесе оның қорғаушысы үйден шықпай-ақ кез келген ыңғайлы уақытта сот құжатын, сондай-ақ іс материалдарының мәртебесін қарай алады және сот актісін шығара алады. Бұл да болса еліміздің сот жүйесінің ашықтығының бір дәлелі.

Сондай-ақ қазіргі таңда елімізде сот отырыстары өтетін орындарын, яғни бөлмелерде сапалы бейнежазба, дыбыс жазу құралымен жарақтау міндеті қойылған. Яғни сот отырыстары жариялы түрде арнайы жазба құралдарына жазылып отырады. Атап өтер жайт, оны өзгертуге ешкімнің құқығы жоқ, оның ішінде судья да оған өзгертулер мен түзетулер енгізе алмайды. Жазылған бейне дыбыспен тыңдалып, көзге көрініп тұрады. Сондай-ақ жергілікті соттар осы жазба құралы арқылы қаралған істердің есебін беріп отырады. Бұл өз кезегінде сотқа жүгінген азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін шынайы қорғаудың сапасын одан әрі арттыра түсері анық. Яғни бұл да болса еліміздің сот жүйесіндегі ашықтық пен жариялылықтың бір мысалы.

Соңғы жылдары еліміздің соттары әлеуметтік желіде белсенді болып, кейбір шу туғызған сот отырыстарын қоғаммен талқылап отыруы да әдетке айналып келеді. Тіпті сот шешіміне қарсылық танытқан кейбір азаматтар шағымын қалдыратын Жоғарғы соттың әлеуметтік желіде арнайы парақшасы да ашылған. Бәрі ашық. Жариялы. «Әділетті Қазақстан» құруға ұмтылған еліміздің бұл қадамы халық көңілінен де шығары анық. Сондай-ақ судьялар мен сот қызметкерлері саладағы маңызды тақырыптарға арнап мақала жазып, республикалық немесе жергілікті телеарналарда құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, халықтың құқықтық сауатының артуына көңіл бөлуде.

Маңғыстау облысының қылмыстық

істер жөніндегі  мамандандырылған

ауданаралық сотының бас маманы

О.Т.Алдабергенова

Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз

Алаяқтық дегеніміз- бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап...

Сот төрелігінің үнсіз қаһарманы: Сот отырысының хатшысы

Қоғамда әділдіктің темірқазығы саналатын сот жүйесінің әрбір мүшесі өз...

Талап болса, тіл тұғыры биіктейді

Қазақ тілі – қазақтың жаны, халықтың ең қадірлісі. Тілді...

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен...

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан...