12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Судья болуыма үлгі болған тұлға

Судья – әділдік таразысын ақиқатқа қарай басатын, не өгіз мертікпейтін, не арба сынбайтындай етіп дауласушы тараптың екеуіне де тиімді шешім қабылдайтын кешегі өткен билердің бүгінгі жалғасы. Судьяның бойында әділдікпен қатар байсалдылық, қарапайымдылық, өз ісіне деген адалдығы басым болуы шарт.

Сондай жанның бірі – менің әкем Темірбаев Қайыргелді.

Әкем 1954 жылы 2 қарашада Қызылорда облысы Қазалы ауданында туған.

Еңбек жолын 1971 жылдары  Қазалы аудандық сотында сот отырысының хатшысы болып бастаған. 1974-1993 жылдары аға сот орындаушысы, Жаңақорған аудандық халық сотында сот орындаушы, аға сот орындаушы,  1993-1995 жылдары Жаңақорған аудандық сотында аға консультант, 1996 жылдың сәуір айынан қараша айына дейін Қызылорда облыстық Әділет басқармасында бас консультант, 1996-жылдың қараша айынан 2002 жылдың маусым айына дейін Қызылорда облыстық сотының судьясы, 2002-2007 жылдары Сырдария аудандық сотының, 2007-2011 жылдары Жалағаш аудандық сотының төрағасы  қызметін атқарды.

2011-2017 жылдары Қазалы аудандық сотының төрағасы қызметін атқарып, отставкаға шыққан.

Сот саласында қырық жылдан астам уақыт абыроймен, адал қызмет атқарған. Он бес жылдан астам уақыт бірнеше аудандық соттардың төрағасы қызметтерін  атқарды.

Міне, менің бала күнгі арманымның орындалуына, судья болып қалыптасуыма  үлгі болған тұлға – осы кісі. Бала күнімнен биік қызметте жүрсе де өзіндік қарапайымдылығы, үлкенге құрметпен қарап, кішіге ізет көрсететіні, ең бастысы өз жұмысына адал қарайтыны ұнайтын. Соған қарап бой түзеп, мен де елге, халыққа адалынан қызмет ететін әділ судья болуды мақсат тұттым.  

Әкем сот жүйесіндегі мінсіз еңбегінен бөлек, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын. Осындай белсенді қызметтері үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының «Алғыс хатымен», Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының «Үш би», «Судьялар одағының құрметті мүшесі» төсбелгілерімен, Қазақстан Республикасы Судьялар Одағы төрағасының «Құрмет грамотасымен», Қызылорда облыстық соты төрағасының  «Құрмет грамотасымен» «Алғыс хаттарымен», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының сот жүйесіне 30-жыл», «Қазақстан ардагерлер ұйымына 30 жыл», «Сырдария ауданына 90 жыл», «Қызылорда қаласына 200 жыл» және «Жалағаш ауданына 90 жыл» мерекелік медалдарымен  марапатталған.

«Әке көрген оқ жонар» демекші, қазіргі таңда ол кісінің жүріп өткен жолын қашан да үлгі етіп, мойныма аманат етіп алған ауыр жүкті абыроймен көтеруге бар күш-жігерімді салып келемін. Ол кісінің қарапайымдылығы, қоғамдағы белсенлігі маған да дарыған секілді. Осы күні ауыр қызметті қатар ала жүре қоғамдық жұмыстарға, спорттық шараларға қатысқанға жаным құмар.

Әкемнің қашанда әр істі өзіңнің балаң секілді қара. Сондай ғана ол жерде әділдік болады, сонда ғана әрбір істің дұрыс шешілуіне жаның ашып тұрады дейтін сөздері санамнан ешқашан да кетпесі анық.

Иә, ол кісінің елге жасаған қызметі, судьялық лауазымына адалдығы менің де судья болуыма көптеген септігін тигізді. Мен оны үлгі тұтамын, ал ол мендей адал ұл тәрбиелегеніне мақтан тұтатына сенімім мол.

Темірбаев Тұрар
Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы

Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз

Алаяқтық дегеніміз- бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап...

Сот төрелігінің үнсіз қаһарманы: Сот отырысының хатшысы

Қоғамда әділдіктің темірқазығы саналатын сот жүйесінің әрбір мүшесі өз...

Талап болса, тіл тұғыры биіктейді

Қазақ тілі – қазақтың жаны, халықтың ең қадірлісі. Тілді...

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен...

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан...