12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ: ЖАЛАҚЫНЫ КӨТЕРУ ЖАҒДАЙДЫ ТҮЗЕЙ МЕ?

Picodi халықаралық сервисі 2021 жылы әлемдегі ең төменгі жалақының рейтингін жариялады. Оның қорытындысы Қазақстандағы жалақы мөлшері 56 елдің ішінде ең соңғы орында екенін көрсетті. Бұл мәселе Мемлекет басшысын да бейжай қалдырмады. Нәтижесінде Президент үкімет мүшелері мен өңір әкімдерінің, сондай-ақ, депутаттардың айлығын көтеруге бесжылдық мораторий жариялады және үкіметке айлығы шайлығына жетпейтін халықтың еңбекақысын көтеруге байланысты бірқатар тапсырмалар берді.

Осыған орай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылы біршама жұмыскердің жалақысы кезең-кезеңімен өсетінін мәлім етті. Олардың арасында мұрағатшылар, кітапханашылар мен мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық қызметкерлер бар. Осылайша, қарапайым еңбек адамдары үшін басты мәселеге айналған сең қозғалып, еңбекақы төлеуді арттыру бойынша шаралар қолға алынды. Былтыр ең төменгі жалақы 42 500 теңгеден 60 мыңға көтерілді. Сонымен бірге еңбекақысы 60 мыңнан аспайтындар айлығы жыл сайын 20 пайызға көбейіп, 2025 жылы екі еселенетін болды. Десек те, жалақыны көтеру жұмыс сапасын жақсарта ала ма? Басты мәселе осында болса керек. Бұлай дейтініміз, төтенше жағдай кезінде кімнің де болса жалақыны ойлап жатпай, өз міндетін адал атқаруға тырысатынын Семей орманында болған өртте өмірін қиғандар дәлелдеп кетті. Соңғы мәліметтерге жүгінсек, орманшылардың ең төменгі жалақысы 80 мен 90 мың теңгенің арасын құрайды, 1 шілдеден бастап бұл көрсеткіштің екі есеге өсетіні ресми түрде жарияланды. Орманшыларды бөліп-жарып айтып отырғанымыз, оларға жұмыс барысында аңмен де, адаммен де, тілсіз жаумен де, табиғаттың кез келген дүлей күшімен күресуге тура келеді. Сондықтан, орманшылар ең қиын, әрі қауіпті мамандықтар қатарына кіреді. Еліміздің баға жетпес байлығы табиғатты қорғап, көгалдандыруда орманшылардың орны бөлек. Мемлекетіміздегі орман қорын қорғап, сақтаумен, оны көбейтумен айналысатын мамандық иелерінің еңбектері осы уақытқа дейін ескерілмей келді. Экологтар төтенше жағдайдың алдын алуда немесе оны мүлде жоюда ең бірінші материалдық-техникалық базаны жақсарту қажеттігін айтады. Заманауи техника, құрал-жабдық, киім-кешек, т.б.

қажетті заттармен қамтамасыз етілген және мықты даярлықтан өткен жағдайда ғана орманшы, өрт сөндіруші, құтқарушы, т.б. болсын кез келген апатты ауыздықтауда өзінің барлық мүмкіндігін пайдалана алады. Ал, «он екіде бір сайманы» сай емес адам не істемек? Өкінішке қарай, біздегі қазіргі жағдай осындай күйді кешіп тұр. Орманшылардың материалдық-техникалық базасының 2027 Қазақстан поли — ц и я с ы – қ о ғ а м д а ғ ы құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін еліміздегі аса маңызды құрылымдардың бірі. Полицейлердің кәсіби біліктілігі мен сертіне беріктігінің арқасында қоғамда тұрақтылық қалыптасып, адамдардың құқық қорғау органдарына сенімі арта түсті. 1992 жылы 23 маусымда ҚР Жоғарғы Кеңесі «ҚР Ішкі істер органдары туралы» заңды қабылдаған болатын. Бұл ҚР полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болды. Қазақстан полициясы күні – осы жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болған ардагерлерге және бүгінде жылға қарай 100 пайызға жаңаратынын Экология және табиғи ресурстар министрі мәлімдеді. Сала қызметін жақсартуға жасалып жатқан мұндай игі істер орманшы болуды қалайтын жастар қатарының көбеюіне, сол арқылы маман тапшылығының жойылуына ықпал етсе нұр үстіне нұр болар еді. Тіршілік атаулы табиғатпен ғана сәнді десек, оны қорғап, аялау біздің келер ұрпақ алдындағы парызымыз.

Ермек СЕЙІТБАТТАЛОВ, әскери сарапшы, отставкадағы полковник:

«Жүйе жұмысы кешенді түрде жүргізілуі керек» – Орманшылардың жалақысын көтеру керек дұрыс, бірақ, жүйе жұмысын түбегейлі өзгертпейінше, яғни, жұмысты кешенді түрде ұйымдастырмайынша жағдай түзелмейді. Орманда өрт шыққан сайын әртүрлі себеп айтылады, мысалы, найзағай түсті, ыстық болды дейді. Алайда, оны болдырмау жолдарын қарастыру кемшін болып тұр. Мысалы, күн ысысымен орман ішіне бірнеше дрон жіберіп, бақылау жасалуы тиіс. Бізде мұндай жұмыс мүлде жоқ. Өзім орманды жерде өстім, табиғаттың жай-күйін жақсы білемін. Семейде полк командирі болған кезімде 1996 жылы орман өртін өшіруге де қатыстым. Сондықтан, орманшылар ең алдымен өртке, жауын-суға, т.б. қарсы құрал-сайманмен толықтай қамтамасыз етілгені жөн. Бұл жерде ескеретін басты мәселе орманшыларды әскерилер сияқты арнайы жаттығудан үнемі өткізіп отырудың пайдасы зор. Бізде кез келген төтенше жағдайдың алдын алу немесе оны жою шаралары мүлде дұрыс ұйымдастырылмайды. Мысалы, оңтүстік өңірлерде жыл сайын су тасқыны болады. Қаптарға топырақ салып бөгеттер жасайды. Шын мәнінде мұндай жұмыс тасқынды тоқтатпайды. Мен жұмыс бабымен Тундра өңірінде еңбек еттім. Сол уақыттары байқағаным, қалың қар еріп, сай-саланы су басқанда айналадағы ауылдарға зиянын тигізбес үшін арнайы арықтар, яғни, терең жыралар қазылады. Каналдардың маңайына да сондай жыралар қазып, қақпақтар жасап қояды. Су арнасынан көтерілгенде жыраға бұрып жібереді. Бізде де осындай тиімді шаралар жасалуы тиіс. Қазіргідей қолдан бөгет қою мәселені шешпейді. Су тасу немесе өрт шығу қаупі бар аймақтардың барлығы үнемі бақылауда болуы және мұндай істерді арнайы қызметтер әкімшіліктермен бірігіп ұйымдастырулары тиіс. Сала қызметіндегі жұмыс жүйелі түрде жүргізілгенде ғана жұмыс нәтижелі болады.

Түймегүл ИБАШЕВА,
«Заң газет»

Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдай ушығуына байланысты тапсырма берді.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЗЫҒЫ БОЛМАУЫ ТИІС

Қазақ халқының дәстүрінде қайырымдылық пен жомарттық ерекше орын алады. Жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпай, мұқтажға қол ұшын созу – ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі. Алайда соңғы уақытта қайырымдылық саласында орын алған кейбір келеңсіз оқиғалар осы түсініктерге қаяу түсірді.

Что угрожает единству общества? 

Депутат Мажилиса Парламента подозревает некие скрытые силы в проведении целенаправленной кампании по дестабилизации политической ситуации в стране с использованием социальных сетей и других онлайн-платформ.

Елімізде қаңтардағы демалыс күні ауыстырылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.

Депутат мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мектеп бағдарламасына балалар Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын зерттейтін жаңа пән енгізуді ұсынды.