Соңғы жылдары елімізде сыбайлас жемқорлық мәселесі өте өзекті болып отыр. Жемқорлықтың жолын кесу мақсатында заңнамаларымыз қатаңдатылып, мемлекеттік қызметкерлердің де жауапкершілігі жоғарылап жатыр. Алдын алу жұмыстары өз нәтижесін де беріп жатыр. Сондықтан уақыт сұранысына сай алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстары күшейтіле бермек.
Сыбайлас жемқорлық латын тілінен «соггитреге» сөзі мағынасына қарай «мемлекет ағзасының, қоғамдық қатынастардың бұзылуы» дегенді білдіреді, «сатып алу» терминінің мәні ретінде — әдетте лауазымды адамның өз биліктік өкілеттіктерін және өзіне сеніп тапсырылған құқықтарын алдау, қорқытып алу, сөзбұйдаға салу жолымен Қазақстанда мемлекеттік саясат басымдықтарының заңнамасы мен моральдық нормаларына қайшы келетін пайдалануын білдіретін термин. Қазақстан үшін де сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан ел стратегиясында қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты мемлекеттің басым бағыттарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті аталып отыр
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы Сыбайлас жемқорлыққа келесі анықтама береді-бұл «…мемлекеттік функцияларды орындайтын адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жеке өзі немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды заңда көзделмеген қабылдауы не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, сол сияқты осы адамдарды жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы сатып алуы». деген анықтама берілген. Қазіргі таңда заңнамалардан бөлек түрлі жолдармен сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жолы кесілуде. Мектептерде ақша жинауға тыйым салынып, шенеуніктер де түрлі сыйлардан бас тартып жатыр. Мұның барлығы қоғамымызда жемқорлыққа теріс көзқарас қалыптасып келе жатқанын айғақтайды.
Осы тұрғыдан келгенде қоғамның жемқорлыққа жаппай қарсылығын ояту арқылы алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықтың да жолы кесілетініне сенім мол!
Айгүл Тойгамбаева, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының әкімшісі