Түлкібас ауданында мерекеге орай футболдан жарыс өтті


«Қазақстан полициясы және Мемлекеттік қызметкерлері күні» мерекесіне орай түлкібастық полицейлер шағын футболдан жарыс ұйымдастырды. Сайысқа Түлкібас аудандық полиция бөлімі, аудан әкімшілігі, аудандық мәслихат және ардагерлер кеңесі мүшелері, мәдениет үйі мен өрт сөндірушілерден құралған командалар қатысты.
Қазақстан полициясы қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру, қызметкерлер арасында спортты, оның ішінде шағын футболды кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарыста Түлкібас аудандық мәслихатының хатшысы Х.Байысбаев, аудан сотының төрағасы М.Ырсымбетов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Н. Саухимов, Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі А.Серікбаевтар сөз сөйлеп, ойыншыларға сәттілік тіледі. Дәстүр бойынша командалар топқа бөлініп, тартысты ойын көрсетті.
Нәтижесінде балалар спорт мектебі командасы жеңіп, бірінші орынның жүлдесін қанжығасына байлады. Ал екінші орынды аудандық сот қызметкерлерінен құралған команда иеленсе, үшінші орынды өрт сөндіру бөлімі жеңді. Төртінші орынды аудандық мәслихаттың командалары алды. Сайыс соңында барлық жеңімпаздар бағалы сыйлық, алғыс хаттармен марапатталды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Психикалық ауруға шалдыққан ерлер бөлімінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері жайлы репортаж

Танымал жазушы Әбіш Кекілбаевтың есімі  берілген бұрынғы «Каблуков» көшесімен...

Қауіпсіздік күзетіндегі бір күн

Созақ ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция инспекторы Байжігіт Жұмаш...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Абай университетінде 2026-2027 оқу жылына арналған қабылдау науқаны басталды....

«Алтын алқа» иегері: нәзік жанды тергеушінің қызмет жолы

Қылмыстың мән-жайын анықтау, дәлелдерді жинау, азаматтардан жауап алу, заң...