Атқарушылық жазба – судья жүктемесін азайтады

Судьялардың жүктемесін азайту мақсатында қолға алынған бастамалар аз емес. Оның басында әрине «Медиация туралы» зңы тұр. Осы заңға сәкес, дауларды сотқа дейін, сотта тараптарды татуластыру, медиативтік келісімге келтіру, партисипативтік келісім жасау секілді балама әдістер тәжірибеге енгізілді. Ал нотариустардың атқарушылық жазбасы судья жүктемесін кемітуге ықпал ететін жаңа құралдың бірі.

 «Нотариат туралы» заңға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап өзгерістер енгізілгені белгілі. Мұндағы басты жаңашылдық нотариустарға атқарушылық жазбалар жасау құқығын беруде болып отыр. Нотариустардың атқарушылық жазба жасауы азаматтар үшін де тиімді. Өйткені, атқарушылық жазба институты даусыз сипаттағы талаптарды тез және тиімді шешуді қамтамасыз етеді.  Мысалы талапкер мен жауапкер арасында ешқандай дау туындамаған, құқықтық қатынасқа байланысты екі тарап келіскен жағдайда істі сотта қараудың қажеті жоқ. Нотариустың көмегімен жасалатын атқарушылық жазбаның тәжірибеге енгізілуі азаматтарды сот әуресінен, сот шығынынан құтқарды. Уақыты мен қаржысын сақтап қалған азаматтар атқарушылық жазбаның жедел, ешбір талассыз орындалатынына да ризашылық білдіруде.

«Нотариат туралы» заңның 92-1-бабына сәйкес, атқарушылық жазба төмендегідей даусыз талаптар бойынша жүргізіледі:

​ ​ ​ 1) нотариат куәландырған мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы; 2) орындау мерзімі жеткен және міндеттеменің орындалмауын борышкер мойындаған; ​​3) төленбеген вексельдің наразылығына, акцептінің болмауына және нотариус жасаған акцептінің күні белгіленбеуіне негізделген міндеттемені орындау туралы; 4) лизинг шартына немесе заңдарға сәйкес лизинг нысанасын талап ету туралы; 5) ломбард кепіл беруші борышкерге ұсынған кредитті қайтару мерзімі өткеннен кейін өндіріп алуды кепіл затына айналдыру туралы; ​6) қосымша шығыстарды өндіріп алу туралы талаптарды қоспағанда, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтарған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы; 7) жария шарттардың негізінде нақты тұтынылған көрсетілетін қызметтер үшін, сондай-ақ төлеу мерзімі басталған, белгіленген тарифтерге сәйкес өзге де шарттар негізінде берешекті өндіріп алу туралы; ​​8) жалдау төлемінің жалдау шартында белгіленген мерзімде төленбеуіне байланысты оларды өндіріп алу туралы; ​9) қызметкерге есептелген, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы.

Нотариустың атқарушылық жазбаны жасауы даусыз талаптарды шешу процесін жеңілдетеді және жеделдетеді. Әрі атқарушылық жазба бойынша өндіріп алу Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

М.Джанабаев,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...