12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Шахматтағы агрессивті қорғаныс…

Орын алған оқиға Бекке өрескел нәтиже әкелетінін Болат ішіп алса да дәл болжағандай. Бек оны жұмыссыз жүрген кезінде Қауіпсіздік департаментінің кеңесшісі ретінде алған еді. Бұл компания елге танымал және ірі қаржы құрылымы. Жақында компанияның құпия ақпараты бәсекелестердің қолына түскені белгілі болып, Бек акционерлер алдында кінәлі болып ұнжырғасы түсіп жүр. Жауапкершіліктің бір ұшы Болатта. Дер кезінде болжап қарсы тұра алмады. Іс «ұятпен» ғана бітпейтін түрі бар. Барлау қызметінен кеткеніне біраз уақыт өтсе де, Болат тұжырымдау қабілеті мен жұдырықтасу икемін ұмытпаған. Мектеп пен жоғары арнайы оқу орындарын үздік бітірген, жауынгерлік самбодан спорт шебері, үш шет тілін жетік білетін Болат, тек қызба мінезінің арқасында әлі де өз орнын таба алмай жүргеніне іштей ашулы. Ол аздай, жұбайымен ажырасқалы бес жылдың жүзі болды. – Даяшы, тағы да 200 грамм… Қап… – Алло Бек,… мен баяғы екеуміздің жолығатын жерде отырмын. Кел, шайқап кет миымды! – деп ызаланып телефонды лақтырып жіберді. Осы сәтте қолындағы ұялы телефон ұшып барып қарсы үстелде отырған жас қыз-жігіттердің аяқ жағына түспесі бар ма! Олар да ілігерге қара таппай отырған сияқты. Әлгілердің арасында ерігіп, ісініп отырған еңгезердей біреуі атып тұрып, Болаттың кешірім сұрауына мұрша бермей, орындықты бір теуіп ұшырып жібермесі бар ма? Өзі ызалы әрі біраз сілтеп алған Болат мынадан кейін қызынып шыға келді. Тәжірибесі жоқ жігіттермен жұдырықтасып, батыстың «экшн киноларындағыдай» қимылдаған Болат ешкімді шақ келтірмеді. Ақыры, бәледен машайық қашқандай әлгілер бір-бірін сүйрелеп рестораннан қашып шығып кетті. Осы аралықта кішкене қызуы бар Бек те келіп жетті. Бұл келгенде полиция мен ресторан әкімшілігі протокол толтырып жатқан еді. Ол тез арада есін жиып, мейрамханаға айыппұл мен шығынын төлеп, полицейлермен келіскендей болды. – Қой, кеттік бұл жерден, жүр, – деп шығуға бет алған Бек, есік алдына екі джип тоқтағанын байқап, киімдері жыртылған Болатты тез арада мейрамхананың артқы есігінен алып шығып, бірінші тоқтаған көлікке отыра салып оқиға болған жерден іздерін жоғалтты. «Бұйрық» қатты «Жалғыз баламның жағын сындырғанның жағасын жыртып, сағын сындырам», – дегендей екі көзі от шашқан Әлімтай телефон арқылы көмекшісі, бұрынғы полиция қызметкері Тайсонды (шын аты – Тұрар) жедел шақырып алды. Бастығының қатыгез, кекшіл және шыдамсыз екенін білетін Тайсон үндемей бар жағдайды тыңдап алды. Әрі қарай Әлімтайға не қажет екенін түсінген ол: «жалғыз ерке өскен ұлымды соққыға жыққандарды тауып, аямай жазалау керек» – деген бұйрық алды. Әккі полицей Тайсон кезінде қызметін әсіре пайдаланғаны үшін жұмыстан қуылып кеткен болатын. Өзі өте қу және дүниеқұмар Тайсонды не қызықтыратынын білген Әлімтай да дипломатын ашып «көкесін көрсет» дегендей бір бума долларды алдына лақтырып жіберді. Ішкілік шіркін реті келгенде көңіл көтеріп бір марқайтып қояды да, бірақ көп ішсең ертеңіне басты ауыртып, бетті ісіріп бәле болады. Ресторандағы жағдайдан кейін түнімен әңгімелескен екі дос ертеңіне сол күйді кешті. Таңертең бас жазғансыған Бек Болатпен қоштасып, түс кезінде жолығатын болып уағдаласып, жұмысына шығып кетті. Кабинетіне кіре бере: – Бек Батырұлы, сізге беймәлім кісі телефон шалып тұр. Байланысқа қосайын ба? – деді көмекші қыз кабинетіне кіріп. Бұл бас изей салысымен телефон қосылды. – Алло… досыңа жаның ашыса сені кешкі сағат жетіде Ритц Карлтонда күтем… …Гук, гук, гук! …Кім болды екен бұл, не де болса Болатқа бірнәрсе болғаны анық. Телефон соққан адам да жәй біреу емес… – Иә… Болат пен мен туралы ақпарат жинаған екен, яғни, құқық қорғау органымен байланысы бар, – деп Бек алғашқы тұжырым жасады. Бек ойланып біраз отырды. Қауіпсіздік департаменті жігіттерінің ақпаратына сәйкес телефон нөмірі анықталмады, Болат та байланыстан тыс. Бек сақтықта қорлық жоқ дегендей жақтырмаса да сол баяғы Болаттың араласатын қауіпсіздік комитетіндегі Сабырға хабарласып, мән-жәйді түсіндіріп, бірге, бірақ кездесуге бөлек-бөлек баратын болып келісті. Қарсылас Ритц Карлтон алдында әдеттегідей кілең люкс автокөліктер, шырттай киінген адамдар. 30-қабаттағы дәмханада отырған Әлімтай Бекті көре сала бұрыннан танитындай ыңғай көрсетіп, белгі берді. – Мен сені сырттай жақсы білем, өзің бір «қараңғы адам» сияқты көрінесің. Досың екеуің баламды оңдырмай соққыға соғып кетіпсіңдер. Жауап беру керек! – деп Бекке бажырая қарап. – Біріншіден, менімен «сен» деп шалқаймай дұрыс сөйлесіңіз. Екіншіден, досыма кім де кім, қандай да бір зиян келтірсе, оларға 90-жылдардағы қақтығыстар той сияқты көрінетінін ескертемін. Бек «енді негізгі мәселе…» дей беріп еді, Әлімтай өкіреңдеп сөзін бөлмек болды. Оны тыйып тастамаса болмайтынын ұққан Бек: «сен емес, бауырым, полковник мырза де» деді сұрын бұзып. Бұл Бектің алғаш рет кім екенін ашық айтқан сәті еді. Жағдай соны қажет етіп тұрғанын байқаған барлаушыда басқа амал жоқ еді. Ашық текетірестер де, «жасырын соғыс» та бұрынғы барлаушыларға жат дүние емес. Дегенмен, қарсылас та осал «серіктес» көрінбейді. Кейін белгілі болғандай Болаттан тәркіленген тапаншаның адам өліміне қатысы бар екені айтылды. – Әлімтай, бейресми түрде алынған мәліметтерге қарағанда, ірі құрылыс компаниясының акционері, 90-жылдардағы қарбаласта рэкет тобының мүшесі болған, қалталы бизнесмен. Қазіргі кезде жекеменшік сауда орталығының құрылысын аяқтауда. Қасында үнемі «құлақтары сынған» бұзақы жігіттер мен көлеңкесіндей болған, ескі полиция қызметкері Тайсон деген біреу жүреді. Аң аулау мен көкпар ойындарына қызығады. Ерекше айта кететін жайт – оның жергілікті әкімшілік пен Астана бюрократтарымен тығыз байланысы бар сияқты. Сондықтан болар мемлекеттік ірі тендерлерді жиі ұтып алып жүр. Тығырық – Бұл мәліметтер әлеуметтік желілерден алынып, тұжырымдалды, – деп Виктор бір жерге жиналған курстастарға қысқаша ақпарат берді. Ол өзі ҰҚК ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінен бес жыл бұрын кетіп қалған болатын. Себебін, Виктор бала-шағасының келешегіне алаңдаушылығымен түсіндірген, қазір болса құқық фирмасында жұмыс атқаруда. Осы ретте, оның Болаттың мәселесінде адвокат пен басқа құқықтық сұрақтарға жауапты болғаны түсінікті еді. Виктор өте бауырмал, шыншыл және сауатты болғанымен, жеке қауіпсіздік мәселесінде сәл тартқыншақтайтын, яғни қорқақтау. – Егер Әлімтай туралы ақпарат рас болса, онда оның әкімшілік ресурстары мықты екен, – деп Бек әрі қарай жалғастырып кетті. Оның ойы – Болатты отырғызып, сосын түрмеде де қысым көрсету. Не деген қатыгездік! Бұл кезде уақытша изоляторда жатқан Болат: «Ал енді ақталып көр, өзің массың, саусағыңның ізі бар тапаншаның табылғаны анау, наркотик, онымен тұрмай ірі компанияда қауіпсіздікте қызмет етесің, – деп басын қасып қойды. – Енді тек Бек пен жолдастарыма құдай қуат берсін, олардан басқа сенетінім жоқ. Ол баяғы қызық та қажет болған қызметтегі уақытын сағынып терең ойға кетті. Бұл жерде уақыт жеткілікті, әшейінде сіңбіруге қол тимеуші еді, қазір қырсыққанда уақыт өтпей құдай ұрады. Коррупциялық «шудан» қорқып, күш пен билікті сыйлайды. Бек және достары бұл ереже болмаса да қағиданы білетін. АҚШ-тағы мафия серкесі Аль Капоне салық мәселесінде оғаштық жасап, ақырында арнайы қызмет органдарының құрығына түспеп пе еді! Бұл да бір тактика. Әрине, біздің ел АҚШ болмаса да, 30 жылдан бері ұқсап бағып жатыр емес пе? Әлімтай да кіммен қақтығысқа түскенін Бектің сөзінен кейін түсінгенмен, менсінбегендей Тайсонға алдағы уақытта Болаттың үстінен болатын сотқа көңіл бөлуді қатаң тапсырды. Ол бұл «айқасты» Астана бюрократтары ойлағандай шешетініне сенімді еді. Ал өзі бұл сот процесіне қатысы жоқтай, тек сырттай қадағалап, Болатқа қарсы істеген әрекетін жасырмақ болды. Қақтығыс – Алло, Бек! Қызметте жүргенде танысқан жақсы досым мықты журналист және криминал мәселесі туралы жазады, – деді Виктор сүйінші сұрағандай, – кешкісін тағы да жолығайық, сенің де ойлап тапқан тактикаң бар шығар. Жігіттерді де жинаймын, – деп қысқа қайырған Виктор телефонды қойды. Ал кешкісін барлаушы достар Болатты қорғау үшін нақты жоспар белгілеуге кірісті. Виктордың журналист танысына өтініш айтылып, Әлімтайдың сот кезіндегі әрекетін әлсірету үшін әлеуметтік желілер мен БАҚ-та мақалалар жазу жүктелді. Халық Әлімтайдың жылдар бойы табысты болуының «сырын» түсініп, Астана бюрократтарымен байланысынан, салықты жасыру фактілерінен хабар болуы тиіс. Виктор бұған қатысты ақпаратты барынша жинап беретін болып келісті. Сонымен қатар, үкіметтік емес қоршаған ортаны қорғау ұйымы мүшесі, Болаттың жерлесі зейнеткер Сәкен ағаға Бек әдейі хабарласып, басқосуға шақырған болатын. – Салем Тайсон, қалың қалай? Бос болсаң жолығайық, бір жақсы бизнес-ұсыныс бар еді. Нақты айтқанда жеңіл несие алу мүмкіншілігі бар, – деді оның ескі қызметтесі қоңырау шалып. Бірақ бұл ұсынысты Бек ұйымдастырып отырғанын Тайсон білмеді. «Алдау амалы» деп осыны айт! – Тұреке, есімім Виктор болады, құқық қорғаушымын, қаржыға «романсты» құқық жолымен айттыратын, – деп бастаған ол алдымен психологиялық байланыс құру мақсатында әңгімені күлкіге айландырды. Екеуі кездесіп отырған кезде аяқ астынан Бек келіп, компьютерін ашып, бірнеше фотоны екеуінің алдына шашып жіберді. Алғашында түсіне қоймаған Тайсон өзінің суреттеріне көзі түсе сала мән-жәйді аңғара қойды. – Біздің қолда сенің әшкереленбеген қылмыстарың туралы материал жетерлік. Әсіресе, біздің досымыз Болатқа қарсы жасалған қорлығың туралы жайттар белгілі. Ал енді бұрынғы полиция қызметкері және маман ретінде сені алда не күтіп тұрғанын байқап көр. Тайсон Бектің кім екенін бастығы Әлімтайдан естіген және барлау өкілдерінің бекер сөйлемейтінін жақсы білетін. Десе де, Бек пен Виктор тәуекел жасап бопсалап тұрғанын түсінбеген еді. «Құрыдың деген осы» – деп сұп-сұр болып отырып қалды. Кездесу нәтижесінде Тайсон Бекке Әлімтайдың әрбір қимылы мен жоспары жөнінде жасырын жеткізіп тұруға сөз берді. Бұл – Әлімтайды әлсірету тактикасының бір бөлімі еді. Сәтті жоспар Апта өтпей Тайсон Бекпен хабарласып, Әлімтай қолшоқпар жігіттерімен аң аулауға үш джиппен жолға шығатынын хабарлады. Аңшылық жай ермек, көздегені мылтық атып, арақ ішіп, сайран құрып қасындағы тоқалына мақтану. Негізінде Әлімтай шектен тыс геодонист. Ол барлық тірлігі мен әрекетін тек рахаттану үшін жасайтын. Осы жолы да қасындағы нөкерлерімен Тайсонның танысының үйіне келіп түсті. Келе сала үй иелері дастарқан жайды, Әлімтай аңшылық мерзімі әлі ашылмаса да қасындағыларға «қанжығаларыңды қандап» келіңдер деп бұйрық берді. «Чекистердің» (көбіне жұрт ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерін осылай жиі атайды) тактикалық жоспарына сәйкес аңшылық кезде Сәкен аға үкімет емес, қоршаған ортаны қорғау ұйымының мүшесі ретінде Әлімтай жігіттерінің заңсыз аң аулауын фото, бейнематериал арқылы құжаттады. Онымен қоймай, Бектің шақыруымен келген полиция қызметкерлері олардан рұқсатсыз қару тәркіленгені, ал ішіп алған Әлімтайдың оларға қоқан-лоққы көрсеткені жайлы хабар БАҚ мен әлеуметтік желіде бұрқ ете қалды. Бұл жағдай Әлімтайдың ызасына тисе де, ол астанадағы таныстарына сенімді еді. Ақпараттар көзі ертеңіне Әлімтайдың кім екенін толық ашып, оның қалай ірі іскер болғаны туралы болжам жасап, ақиқатқа жақын тағы бір мақала жариялады. Бұл оның астаналық байланыстары мен жергілікті биліктегі адамдарына арналған ақпарат еді. Мақаланы оқыған олар «бәлесінен аулақ» дегендей Әлімтайдан алыс жүрері сөзсіз. Иә, жемқорлар айқай-шудан қорқады. Сонымен барлаушылардың бұл әрекеті Әлімтайды сот процесі кезінде жалғыз және бюрократ таныстарының қолдауынсыз қалдырып, Болат ақталып шықты. БАҚ материалдарына сүйене Қаржы полициясы тарапынан Әлімтайға қарсы тексеру іс ашылды. Дәл жанындағы Тайсонның «жансыз» ретінде барлаушылар уысында болғанынан Әлімтай хабарсыз күйі қала берді. Тағы да сол Панфилов көшесіндегі (бұрынғы аты «Солянка») белгілі кафе, бірақ ішкі және сыртқы пішімі өзгерген. Барлаушылар Болаттың басынан өткен келеңсіз оқиғаны талқылау үшін кездессе де, оның намысына тимеу үшін әрқайсысы іштей өз тұжырымын жасағандай. Әрине, әңгіме жастық шақты еске түсіру, көңіл көтерусіз болмады. – Өмірде жетістік пен сәтсіздік алма-кезек болушы еді, мен неге екенін тек келеңсіз оқиға мен сәтсіздікке ұшырап жүрмін, – деп Болат әңгіме бастады. – Жұбайым ғана емес, барлау қызметі де мені «лақтырып» кетті. Соңғы оқиғалар да тек криминал кино сияқты. Біліміміз бен тәжірибемізді орнымен емес, оғаш қолданудамыз. – Жоқ, Болат! Сені де, мені де ешкім «лақтырмады». Біз өзімізді өзіміз «лақтырдық», – деді Бек ренішін жасырмай. – Байқасаң, соңғы шетел сапарыңнан соң қызметтен кетіп, өзіңмен жұмыс жасауды мүлде қолға алмадың. Қызмет жолда қалды, бәрін өзің жақсы білесің! Менің де бітіргенім шамалы. Виктор анау, таза азаматтық қауым мүшесі, қызметтен кетіп қалған. Баяғы академияда армандаған «қазақ келбеті» барлауымыз қане? Әрине, объективті мәселе де жеткілікті. Олар: арнайы қызмет жабық мекеме, оның ішкі кадрлар саясаты, 30 жылда бірнеше рет құрылысы өзгертілді, т.б. Бұл жағдайды кейбір басшылар өз пайдасына қолдана да білді, оларға нағыз маман қажет болмады. Содан болар кейбір дайындығы төмен, жас қызметкерлердің таныс арқылы жұмысқа кіруі үрдіске айналды. Барлауға деген патриоттық рух мүлдем жоқ десек артық айтпаймыз… Бірақ бұл мәселенің алдағы уақытта жілігі шағылмақ! Әрине, бір топ барлаушының пікірі «мәселенің шын себептерін « көрсете қоймас. Тағдырдың тәлкегі тарыдай шашылған баяғы курстас барлаушыларды осылай сан қилы сынақтан өткізіп жатыр. Бұл өмір…

Бахытжан ТАСТАНБЕКОВ

ӘЗ-НАУРЫЗДА ТӨГІЛГЕН НӘРЕСТЕНІҢ БЕЙКҮНӘ ҚАНЫ

«Счастье всего мира не стоит одной слезы на щеке...

Қаралы сырлар

Кешкі сағат сегіздер шамасы. Аспанды көмкерген қалың бұлттанба, жоқ...

ҚОРҚАУЛАР

...Елді қарық қылмай, сананы сансыратқан нарық заманы қысқан сәтте,...

Риэлторы

Эта драматическая история произошла осенью в начале 2000-х. Группа...

САБЫР ИЗ «УБОЙНОГО»

ВЫСТРЕЛ У ПОДЪЕЗДА Время на панели автомобиля высвечивало 05.10,...