12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚАРҒЫСТЫҢ ҚЫЛБҰРАУЫ

Бұл оқиға осыдан жиырма бес жыл бұрын болған. Нарықтық экономиканың қарқындап тұрған шағы. Шағын кәсіпкерліктің тұсауы шешілмей, кібіртіктеп, қолы жеткендер банктер арқылы ауқымды несие алып жатқан шақта өзгелердің дүниесіне көз алартушылар аз болмады. Базардың жазылмаған заңы баюды ғана көздейтіні мәлім. Мұны түйсінгендер түпсіз ақша қуудың соңына түсті. Сол жылдары Александр Ким есімді кәріс азаматы базардың ыстық-суығын бір кісідей-ақ көріп, Қытай асып, Қырым басып жүрген алпауыт саудагерлер қатарына ене бастаған еді. Ол бағалы бұлғын терісін, алтын мен күміс сату арқылы қомақты қаражат жинап үлгерген болатын. Қарапайым сауда жасап жүрген Ибрагим есімді дұнған жігіті киім-кешек сата жүріп, Александрмен жақсы таныс болып алды. Кейіннен үйіне жиі келіп ағайынды адамдардай араласып үлгерді. Бірақ Ибрагим Кимнің азын-аулақ жұмыстарын бітіре жүріп, өзінің ішкі есебін әбден пысықтай білген болатын. Ол Александрдың үйінің қанша бөлмеден тұратынынан бастап, әрбір заттың қандай орынға қойылғанына дейін жатқа білді. Ким болса, өзінің әріптесінен аса қауіптене қоймайтын. Қаражат керек болса қарызға беріп тұратын. Алайда зәлім ойлы «досының» кеудесін тарғыл мысық тырнап жатқаны ойы түгілі, түсіне кірмеген болатын. Көп ұзамай Александрдың жұбайы алыс шетелдің біріне алтын бұйымдар әкелуге аттанады. Бұл сәтте базар маңын торуылдайтын аш бөрілерін топтастыра бастаған Ибрагим оларға үлкен бір «жұмыстың» басында тұрғандарын түсіндірді. Әркім өз міндетін білуі тиіс. Базарда жүріп олар тапанша, шолақ мылтық сатып ала бастады. Кимнің әр қадамын аңдыған Ибрагим 1996 жылы желтоқсанда шибөрілерін ертіп оның Түрксіб ауданына қарасты Гете көшесіндегі үйін торуылдауға аттанады. Зәулім дуалмен қоршалған үйге олар асып кіре алмайтын болған соң қожайынның келуін күтті. Үй маңындағы терек-талдар ығында отырған олар денелерінің аздаған дірілін жеңу үшін арақ ішуді құп көрді. Осы сәтте Кимнің үйі маңына келген 12 жасар қыз «Света!» деп дауыстап сәл бөгеліңкіреп қайта бұрылады. Қыз ұзап кеткенше соңынан қарап тұрған қарақшылар өздерінің қауіптерінің негізсіз екендігіне көз жеткізгендей жайбарақат қайта жайғасты. Кешке таман базарларды шарлап үйіне «Джип» көлігімен оралған Александрдың да қарасы көрінді. Ибрагим өзінің «шибөрілеріне» қандай жағдай болса да бетперделерін шешпеуін талап етті. Төрт адамнан тұратын қылмыстық топтың есебінше Кимнің үйінде ең кемі 100 мың АҚШ доллары болуы тиіс. Оның жұбайы тауарға 10 мың доллар әкетуі мүмкін деп тон пішкен Ибрагим олжалы боларына сенімді еді. Қақпасынан еніп, көлігінен түсе бастаған Александрды үйге кіріп үлгерместен қолға түсіруді ойлаған Ибрагим жандайшаптарына бұйырып, «жібермеңдер!» деп айғай салды. Мұны естіп қалған Александр үйіне қарай бар екпінімен жүгіре жөнелді. Жан-жағынан ентелей қоршаған қарақшы топ Ким үйіне кіріп үлгерместен табалдырықта қолға түсірді. Үйге кірген бетперделі топты көрген Александрдың 5 жасар ұлы мен 12 жастағы қызы қатты қорқып кетті. «Өтінем, қызым мен балама тимеңдер!» деген Кимнің жалынышты үнін құлақтарына қыстырмаған қарақшылар үйдің астаң-кестеңін шығара тінти бастады. Ибрагимнен басқалары Александрдан ақша жасырған жерін көрсетуін сұрады. Ким картинаның артындағы сейфті көрсеткенімен, оның құпия сандарын «білмеймін» деп қасарысып бақты. Қылмыскерлер оны әбден ұрып-соғып, ақшаны бәрібір алмай қоймайтындарын қайталаумен болды. Балалар бөлмесінде қамалып отырған кішкентай Юра мен Светаның бөлмесіне енген Ибрагимге қарақшының бірі «қыз сені танып қойды» дегенді емеурінмен түсіндірді. Өз көзін жеткізбек болған ол Светаның қасына тақау келді. Қыз Ибрагимге тесіле қарап «Сіз Яша ағайсыз ғой, мұныңыз не? Мен полицияға хабарлаймын…» деп қалды. Расымен Александрдың балалары мұны Яша деп атайтын. Арамдық пен аярлықтан пәк қыздың жүрегі бір сұмдықтың боларын сезсе де қаймықпай, жауыздықтың жүзіне тура қараған. Санасы тұнық қыздың есінде Ибрагимнің жүрісіндегі ұқсастықтар дәл сақталып қалғандай. Жауапкершіліктен қатты қорыққан Ибрагим жүрегі дір етпестен қыздың кеудесіне кездігін бірнеше мәрте бойлатып жіберді. Жауыздығы мен арамдығы басым тұл дүниеден аттанып бара жатқан өрімдей қыздың соңғы айтқаны «Қарғыс атсын!» болды. Бұл кезде өзге қарақшылар темір сейфтің есігін сом темірмен бұзып ашып жатқан болатын. Ибрагим кішкентай Юраның қол-аяғын матап, көзін байлап қалың көрпеге көміп тастап, ас үйдегі Александрдың жанына келіп, жандайшаптарына «өлтіріңдер!» деп белгі береді. Бірнеше жерден пышақ ұрған жауыздар ол азаптанып жан тапсырғанша қарап тұрды. Сейфте шамамен 100 мың доллар бар деген жорамалы болмады. Онда небәрі 30 мың доллар жатты. Қалған ақшаны Ким әлденеден секем алғандай банкке салып тастаған болатын. Бір отбасын жайратып салған олар сыртқа беттейді. Ымырт түсе бастаған шақта бұлқына-бұлқына байлаудан босаған Юра әкесі мен әпкесінің мәйітін көре сала айғайлап көршілерге жүгіреді. Көршілер Кимнің даңғарадай үлкен үйіне кіре бере сұмдық көрініске куә болды. Света мен Александрдың азаппен өлтірілген мәйітін тауып алған олар жедел жәрдем мен полицияға хабар береді. Көп ұзамай оқиға орнына келген құқық қорғаушылар қарулы шабуыл жасағандарды іздеуге кіріседі. Алайда, бірде-бір куә таппай уақыт ұттырып алады. Тығырыққа тірелген полиция қызметкерлеріне Оля есімді қыз өзі келген болатын. Оқиға болатын күні ол құрбысы Светаға келіп жолыға алмай қайтып бара жатып, түсі суық ағайларды көргенін айтады. «Олар арық маңында арақ ішіп отырған» дейді қыз. Көп ұзамай күдіктілердің көмескі бейнесі қылаң бере бастады. Сауда төңірегіндегі Кимнің таныстарын сүзіп шығу барысында Ибрагимнің де дерегі анықталды. «Түк білмейді-ау» деген Юрадан суыртпақтап сыр тартып көрген тергеуші аң-таң қалды. Бала сол күні үйге маскалы төртеу кіргенін, біреуін Яша ағайға ұқсатқанын, оны әпкесі Света анық танығанын айтты. Балаға бірнеше «Яшалардың» суретін көрсеткенде Ибрагимнің суретін «міне, Яша ағай…» деп нұқып тұрды. Енді уақыт ұттырмай қарақшылардың жүрген жерін анықтап тұтқындау ғана қалған. Бірақ ізім-ғайым жоқ болған Ибрагимды ұстау ұзаққа созылды. Іздестіру екі жылдан астам уақытқа жалғасты. Алматыда жоқ болып шыққан оны көршілес қалалар мен республикалардан іздестіру қолға алынды. Жанжаққа іссапарға шыққан уәкілдер Ибрагимді Тараз қаласында 1998 жылы қолға түсірді. Ал өзге топ мүшелері Алматы базарларынан тұтқындалды. Одан соң да қатыгездік жасап, екі кісіні өлтіріп, көптеген қарулы шабуыл ұйымдастырған қылмысты топты ауыр жаза күтіп тұрды. 1999 жылы Алматы қалалық сотында үкім оқылды. Ибрагим мен оның екі серігіне өлім жазасы тағайындалса, қалған топ мүшелеріне 20-25 жылдан қатаң режимде жазасын өтеуге үкім шығарылды.

Арман ЖУСАНБАЙ

ӘЗ-НАУРЫЗДА ТӨГІЛГЕН НӘРЕСТЕНІҢ БЕЙКҮНӘ ҚАНЫ

«Счастье всего мира не стоит одной слезы на щеке...

Қаралы сырлар

Кешкі сағат сегіздер шамасы. Аспанды көмкерген қалың бұлттанба, жоқ...

ҚОРҚАУЛАР

...Елді қарық қылмай, сананы сансыратқан нарық заманы қысқан сәтте,...

Риэлторы

Эта драматическая история произошла осенью в начале 2000-х. Группа...

САБЫР ИЗ «УБОЙНОГО»

ВЫСТРЕЛ У ПОДЪЕЗДА Время на панели автомобиля высвечивало 05.10,...