12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Азаматтық істердегі медиацияның қолдануы»

Медиация – тараптардың ерікті келісім бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында медиаторлардың жәрдемдесуімен  тараптар арасындағы дауды  реттеу рәсімі. Медиацины, қарапайым тілмен айтқанда, бітімгершілік деп түсінуге болады. Яғни, қандай да бір мәселе бойынша тараптар арасында келіспеушілік туған жеке азаматтар немесе занды тұлғалар оны  соттан тыс, өзара келісім жағдайында  шеше алады.  Екі арадағы келісім медиаторлар арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 17-т. Татуластыру рәсімдері қарастырылған. Соттардың тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданатындығы,  дауды процестік барлық сатыларында реттеуді  оларға жәрдемдесетіндігі  туралы айтылған.

Тараптар татуласу келісімін, дауды /жанжалды/ медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу келісімді жасап, ҚР-ның Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдірді пайдалана отырып, дауды өзараталаптардың толық қөлемінде не бір бөлігінде реттей алады. Тараптар сот актісін шығарғанға дейін бірінші,апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда  дауды   /жанжалды/  медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді ұсынуға тиіс. Медиатор  медиацияны жүргізу туралы өтініш хатты берген  және тараптардың  медиатор мен жасасқан шарты бірінші немесе апелляциялық сатыдағы судья медиацияны өткізу туралы өтініш хатты берген кезден сот іс бойынша іс жүргізуді  тоқтату туруға құқылы.

              Медиацияның жүргізу қағидаттары:

  • Еріктілік
  • Құпиялық
  • Өзара сыйласушылық
  • Тараптардың тенң құқылығы
  • Медиатордың бейтараптығы мен әділігі
  • Рәсімнің ашықтығы

Сот шешімді заңға сәйкес қабылдайды, ал медиатор тараптардың мүдделерін ескере отырып, бірақ заң аясында қабылдайды. Медиацияның мақсаты – дауды бітімгершілікпен шешуді екі тарапты та қанағатандыратын нұсқасына  қол жеткізі.

 Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан аудандық сотының судьясы К.М.Айтжанов

Сандық технология сот жүйесінде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қыркүйек айында «Жасанды интеллект...

Сот жүйесіндегі сандық технология

Еліміздің сот жүйесі ең алғашқылардың бірі болып сандық...

Тіл – тұрақтылық кепілі

Халқымыздың біртуар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Біздің заманда өз тілін,...

Судья әдебі ережелерін қатаң сақтау сот беделін нығайтады

Судья әділдіктің айнасы, тура төреліктің кепілі, заң үстемдігінің символы...

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеру және әкімшілік істерге дау айту мәселелері

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасы еркін бәсекелестік қағидаларына негізделген. Бәсекелестікті...