Қазіргі кезде айтарлықтай өзектілігі бар жасалған қылмыстар үшін жазаның бұлтартпастылық принципі әрдайым толық жүзеге асырыла бермейді. Сотталған адамдар тағайындаған жазаларын өтеуден жиі жалтарады. Сондықтан да соттар сот үкімі бойынша бұрын тағайындалған жазаны ауыстырумен байланысты көптеген материалдарды қарайды. Пробация органдары сотталған азаматтармен үлкен жұмыс жүргізеді, атап айтқанда олар әнгімелесуге шақырылып, тағайындалған жазаны бұзушылықсыз орындау қажеттілігі туралы және жазаны өтеуден қасақана жалтару оны неғұрлым қатаң жазаға ауыстыруға әкеп соғатыны туралы ескертіледі.
Бірақ, барлық сотталған адамдар заң талаптарын орындамайды және жазаны өтеуден қасақана жалтара бастайды, яғни сот жүктеген міндеттерді бұзып, қоғамға қарсы өмір салтын жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде үкімді орындауға байланысты мәселелерді қарауды және шешуді реттейтін 51 тарау бар.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 476 бабы жазадан қасақана жалтарған жағдайда айыппұлды ауыстыру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 41-бабына сәйкес; түзеу жұмыстарын – 42-бабына сәйкес; қоғамдық жұмыстарға тарту – 43-бабына сәйкес; бас бостандығын шектеу – 44-баптың негізінде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 476 бабының 8 тармағы ҚК-тің 64 бабы негізінде шартты түрде соттаудың күшін жоюды немесе пробациялық бақылаудың мерзімін ұзартуды қарастырады.
Сот үкімін орындаумен байланысты осы мәселелерді қарау тәртібі ҚПК-нің 478 бабында көрсетілген.
Бұл заң нормасында сот отырысына шақырылуға жататын адамдар тобы көрсетілген. Жазаны ауыстыру туралы ұсынуды қарау кезінде сот отырысына міндетті түрде жазаны орындайтын мекеме немесе орган өкілі, қорғаушы және прокурор қатысады, ал сотталған адамның сот отырысына қатысуы немесе қатыспауы туралы шешімді сот қабылдайды.
Сотқа дейінгі және сотта қылмыстық іс жүргізу барысында қатысушылардың құқықтары, оның ішінде күдіктінің, айыпталушының, сотталушының құқықтары барынша кең түрде регламенттелгеніне, ал сотталған адамның қасақана жалтару салдарынан жазаны ауыстыру туралы материалды сот қараған кездегі құқықтары елеулі тарылғанына және негізсіз аз реттелгеніне назар аударған жөн.
Сотталған адамның жағдайының қандай да бір нашарлауына әкелетін осындай материал сотпен қаралып, жазаны неғұрлым қатаң жазамен ауыстыру оған айыптау тарапының дәлелдерімен танысуға, осы дәлелдерге өз пікірін білдіруге, оларды теріске шығаруға мүмкіндік жасау мақсатында адамның жеке қатысумен ғана орын алуы мүмкін сияқты.
Мұндай материалдарды сот қараған кезде азамат үшін оның құқытары мен бостандықтарына әсер ететін елеулі және нақты салдар жиі туындайды. Адам, басқалармен қатар, шартты түрде соттаудың күші жойылған және сот үкімімен тағайындалған бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындаған кезде немесе түзеу жұмыстарын нақты бас бостандығынан айыруға ауыстырған кезде сот залында қамауға алынуы мүмкін.
Осыған орай, заң шығарушымен ҚПК-нің 468 бабына өзгертулер енгізу қажеттілігі байқалады. Бұл ретте өзіне қатысты жазаны неғұрлым қатаң жазаға ауыстыру туралы материал қаралып жатқан адамның қатысуы міндетті болуға тиіс не осы адамға ол болмаған кезде материалды қарау туралы өтінішхатпен сотқа жүгінуге мүмкіндік берумен регламенттелу керек.
Сонымен қатар, бұл азаматта әдеттегі қылмыстық процесте істі мән-жайымен қарау кезінде ҚПК-тің 67 бабы тәртібінде қамтамасыз етілетін қорғаушы беруге жататын негіздер болуы мүмкін: төмен білім, денсаулығына байланысты белгілі бір психикалық проблемалар, сот ісін жүргізу тіліне иелік етпеу және басқалары.
Біз қарастырып отырған жәйтта адвокатпен қамтамасыз ету үшін осындай негіздердің болуы маңызды емес және ҚПК ешбір ескерілмеген.
Қылмыстық-процестік заңында кәмелетке толмаған сотталғандарға жазаны ауыстыру мәселесі туралы регламентация да жоқ.
Олардың заңды өкілін шақыру керек пе, мұндай тұлғаларға жазаны ауыстыру туралы материалдарды қарау кезінде адвокаттың қатысуы міндетті емес пе?
ҚПК-нің кәмелетке толмағандардың қылмыстық iстері бойынша iс жүргiзуді қарастыратын 56 тарауы кәмелетке толмаған күдіктілердің, айыптаушылардың және сотталушылардың қатысты ерекшеліктерді қозғайды, бірақ сотталғандарға әсер етпейді.
Демек, заң шығарушының ҚПК құру логикасын ұстанатын болсақ, осы тарауда жазаны ауыстыру материалдары қаралатын кәмелетке толмаған сотталғандарға құқықтарды қамтамасыз етудің барлық түрлерін таратып, өзгерістер енгізу қажет.
Дегенмен, үкімді орындаумен байланыс материалдарды қарау кезінде азаматтардың конституциялық бостандықтарына тиетін сұрақтар шешілгенімен, ҚПК-нің 478 бабында жазаны ауыстыру туралы материал қарастырылатын адамның құқықтары көрсетілмеген, мысалы: жазаны ауыстыру туралы ұсынудың көшірмесін алу құқығы, сот отырысының хаттамасымен танысу және оған ескертулер беру құқығы, ол тек сотқа ұсынылған материалдармен ғана таныса алады. Бұл адамға өз қаражатына немесе өзінің техникалық құралдарымен материалдан көшірмелер түсіруге де мүмкіндік берілмейді. Материалды қарау нәтижесі бойынша сот қабылдаған қаулының көшірмесін алу құқығы да берілмеген. Алайда, қарастырып жатқан сот процесінде, әдетте, сот үкімі шығарылған кезінде шешілетін мәселердің бірі – жаза туралы шешім қабылданады.
Іс жүзінде, әрине, соттар, тіпті құқықтық регламентеу болмаса да, ҚПК-нің 65 бабында қарастырылған құқықтар шеңберін ұстанады. Бірақ, мұндай құқықтық вакуумға жол берілмеу тиіс, бұл жерде судьяның «құқық беру немесе бермеу» субъективті қалауы болмау керек.
Осындай екіұшты жағдайларды, сот қателіктерін болдырмау, құқық қорғау органдары мен соттың техникалық өз-ара іс-қимылын ұйымдастыру үшін ҚПК-ке өзгерістер енгізу қажет.
ҚПК-тің 51 тарауында соттың жазаны ауыстыру туралы ұсынуларды қарау рәсімін, осындай ұсынулар келіп түсетін адамдарға іздеу жариялау рәсімін, оларды ұстау мерзімін ұзарту рәсімдерін егжей-тегжейлі регламенттеу, осы ұсынулардың қарауына қатысушылардың құқытарын регламенттеу талап етіледі.
Осы байланыстар мен тетіктердің барлығы түзелмегенше, заңнама жеткілікті шамада тексеріліп, өзгертілгенше қылмыстық процесс сияқты маңызды практикалық саладан тиісті нәтиже күтуге болмайды.
Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан аудандық сотының судьясы Д.К.Бурабаев