Төлеби ауданында қоғамдық қауіпсіздік бойынша жаңадан енгізіліп жатқан әдіс-тәсілдер талқыланды

Төлеби аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен әкімдіктің мәжіліс залында «Қоғаммен серістестікте қоғамдық қатынастарды қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы» тақырыбында іс-шара өтті. Жиынға аудан әкімінің бірінші орынбасары С.Дүйсебаев, қала, аудан, округ әкімдері, білім беру, денсаулық сақтау басқармасының басшылары, мемлекеттік емес ұйымдар мен консультативтік кеңесші орган мүшелері, тұрғындар, полиция қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында енгізіліп жатқан жаңа тұжырымдама мен сервистік модельдің жүзеге асырылу үшін қажетті жайттар қаралды. Сонымен қатар қазіргі таңда өзекті мәселе болып отырған интернет-алаяқтық, есірткі қылмысы, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен жол апаты деректерінің алдын алу мәселелері айтылды. Жиналғандар тарапынан жоғарыда аталған қылмыс түрлері үшін жазаны қатаңдату керектігі көтеріліп, талқыланды. Іс-шараның басты мақсаты – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқығы мен бостандықтарын қорғау үшін барынша тиімді әрекет ету. Халыққа кеңінен құқықтық көмек көрсету, дер кезінде іс-әрекет жасау мақсатында модульдік бекет орнату, сервистік орталықтар құру. Жиын соңында қатысушылар жұмыла әрекет етіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге уағдаласты. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта Түркістан облысының барлық аумақтарында жалғасады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...