Жүк көлігіне қиыршық тас артып, заң бұзушылық жасаған үш тұрғын анықталды

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күнделікті қоғамдық тәртіп пен ел тыныштығын, қауіпсіздікті сақтаумен қатар, табиғатқа залал келтіріп, тау-тасты заңсыз пайдаланатындарды анықтауда жұмыс жүргізіп келеді.

Мәселен полиция қызметкерлері рейд жүргізу кезінде жер қойнауын заңсыз пайдалану бойынша құқық бұзушы үш тұрғынды анықтады. Олардан 2 жүк көлігі мен 1 қазу техникасы алынды.

Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 139-бабы «Жер қойнауына ген мемлекеттік меншік құқығын бұзу» бойынша тіркелді.

Белгілі болғандай, жергілікті тұрғындар шағал қиыршық тастарды сату мақсатында «Камаз» маркалы жүк көліктеріне артып, әрі қарай алып кетпек болған. Алайда полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында табиғатқа зиян келтіре алмады. Заң бұзушылық дер кезінде тоқтатылды.

Ал оқиға орнынан қашып кетіп, қайта ұсталған құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 1-бөлігімен айыппұл салынды.

Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты жүк көліктері айыптұраққа қойылды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...